Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117
Гормондардың әсері. Гормондардың ағзаларға негізгі әсер ету механизмі 
бірнеше жолмен жасалады: сұйықтық арқылы (гуморалды) тікелей тіндер 
мен мүшелерге, рефлекстік (хеморецепторлардың қатысуымен) және жүйке 
жүйесі арқылы. 
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсерінің себебі, гормондар 
мембрана арқылы жеңіл өтеді, оған қоса мембраналармен байланысқа түседі. 
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей әсер етіп қоймай, олардың қан 
тамырлары мен тіндердегі әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, 
рефлекстік жолмен де әсер етеді. 
3. Гормондардың ОЖЖ-і арқылы әсері жүйке орталығын құрайтын 
нейрондардың тонусын жоғарылату немесе төмендету арқылы жасалады 
(Гейманс тәжірибесі). 
Гормондар химиялық делдал сияқты белгілі бір ақпаратты немесе 
сигналды, тек соған сезімтал нысана-жасушаға жеткізеді. Мұндай 
жасушалардың, гормондармен байланысатын, жоғары дәрежелі маманданған 
ақуыздық қабылдағыштары бар. 
Жасушаларға әсер ету механизмінің ерекшелігі бойынша гормондардың 
негізгі екі түрін ажыратады. 
Гормондардың бірінші түрлері жасуша мембранасы арқылы жеңіл өтеді 
және олардың әсер етуіне қосымша делдал-медиатор қажеті жоқ. Оған 
стероидтық және қалқанша безінің гормондары жатады. 
Гормондардың екінші түрлері жасуша мембранасы арқылы нашарлау 
өтеді, мембрананың бетінен әсер етеді, сондықтан олардың әсер етуіне 
жасушаішілік медиаторлар (ферменттер) қажет болады (циклдық АМФ, 
простагландин, кальций иондары т.б.). Бұл топқа пептидтік гормондар мен 
катехоламиндер жатады. 
Гормондардың осы түрлеріне сәйкес гормондық рецепциясының екі түрі 
болады: жасушаішілік (қабылдағыш аппараты жасуша ішінде) және 
мембраналық (байланысқан) – мембрананың сыртқы бетінде орналасқан.
Жасушалық қабылдағыштар – гормонмен арнайы (өзіне тән) кешен 
құрайтын 
жасуша 
мембранасының 
ерекше 
учаскелері. 
Бұл 
қабылдағыштардың мынандай белгілі бір қасиеттері бар: 
1) белгілі бір гормон түріне аса жақындығы (сезгіштігі); 
2) талғамдылығы (избирательность); 
3) гормонға шектелген сиымдылығы; 
4) тіндердегі өзіне тән орналасымы (локализация). 


Бұл 
қасиеттер гормондардың 
жасушаға санды және сапалы 
талғамдылықпен бекітілуін сипаттайды. Гормондар қосындыларының 
қабылдағышпен байланысы жасуша ішіндегі медиатордың түзілуі мен 
босауын іске қосатын механизмі болып саналады. 
Гормондардың нысана-жасушаға әсер ету механизмі мынадай кезеңдер 
бойынша өтеді: 
1) мембрананың бетінде «гормон-рецептор» кешенінің пайда болуы; 
2) мембраналық аденилциклазаны белсендіру; 
3) мембрананың ішкі бетінде АҮФ-тан цАМФ-тың пайда болуы; 
4) «цАМФ-рецептор» кешенінің пайда болуы; 
5) ақуызды, ядродағы РНК синтезін жеделдететін, гликогенді ыдырататын 
ферменттік жүйелерді (протеинкиназа сияқты) белсендіру; 
6) гормон, цАМФ және қабылдағыш белсенділіктерінің жойылуы
(инактивация). 
Гормондардың әсері күрделі жолмен жүйке жүйесінің қатысуымен де 
болуы 
мүмкін. 
Мұнда 
гормондарға 
арнайы 
сезімталдығы 
бар 
интерорецепторлармен (қан тамырларындағы хеморецепторлар) әрекеттеседі. 
Бұл жүйке орталықтарының әрекеттік жағдайын өзгертетін рефлекстер 
тудырады, ал олардың рефлекстік доғалары ОЖЖ-нің әртүрлі бөлімдерінде 
тұйықталады. 
Организмге гормондар әсерінің төрт түрі болады: 
1) метаболизмдік – зат алмасуға әсері; 
2) морфогенетикалық – жасушалар мен тіндердің пайда болуына, дамуына,
нақтылануына және көлемі мен пішін өзгерістеріне әсері; 
3) кинетикалық – қызмет атқарушы ағзалардың (эффекторлардың)
белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежелуге әсері; 
4) түзетуші (коррекциялық) – тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын 
өзгерту әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, бәсеңдету сияқты). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет