Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50

 

Литература 

1.

 



Анастази А. Психологическое тестирование. 7-е издание. СПб.: 2005. 

2.

 



Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М., 1996. 

3.

 



Холмовская В.В., Коломенский Я.Я., Пашко Е.А. 

4.

 



Венгер А.Л. Психологическое консультирование и диагностика. часть 1. М.: 

Генезис, 2001. 

5.

 

Божович  Л.И.  Личность  и  ее  формирование  в  детском  возрасте.  М., 



Просвещение, 1968.  

6.

 



Лисицина М.И. 

7.

 



Эльконин Д.Б. Детская психология. М., 1990. 

 

Түйін 

Бұл мақалада балаларды мектепке дайындаудың деңгейі қарастырылады 



Summary 

Тhis article discusses the level of preparation for school 

  

 

 



 

 

 



 

318 

 

ӘОЖ 796 



 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Жалмырзаева Қ.Т. 



№2 жалпы білім беретін кешкі мектеп, Шымкент қаласы  

 

Мектепте,  жоғарғы  оқу  орнында  сапалы  оқу  бағытын  айқындайтын  жаңа 

жолдардың  бірі  –  пәндерді  модульдік  технология  арқылы  оқыту  екендігі 

теориялық  және  тәжірбиелік  жағынан  дәлелденуде.  Бұл  мәселені  ғалымдар 

Дж.Рассель,  П.Юцявичене,  Р.Бекирова,  Г.Лаврентьева,  М.Жанпейісова, 

К.Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді . 

  Модуль  ұғымының  этимологиялық  мәні  білімді  қолданысқа,  меңгеруге 

ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.Білімді, яғни 

оқу  материалын  дидактикалық  мақсатқа  сай  әр  түрлі  қалыпта  (ақпарат  блогі, 

пакет,  түйіндер  жүйесі,  алгоритм,  бағдарлама)  ұсынуға  болады.  Модульмен 

оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль – іс-

әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, 

дидактикалық  ӛңделген  білім,  білік,  дағдының  белгілі  бірлігі  және  оның 

әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен 

оқытудың негізгі құралы. 

Модульдік 

оқытудың 

құрамында 

дидактикалық 

мақсаттардың 

таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және 

түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады. 

Модульдің  кӛптеген  анықтамаларына  қарамастан,  олардың  барлығын  үш 

түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады: 

Mодуль  –  біліктілік  мінездемесінің  талаптарына  жауап  беріп,  мамандық 

бойынша  оқу  пәндерінің  жиынтығын  ұсынатын  мемлекеттік  білім  беру 

стандарт бірлігінің үлгісі; 

модуль  –  пәнаралық  әдістемелік-ұйымдастыру  құрылымы  болып,  әр  түрлі 

оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және 

оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді; 

-  модуль  –  бір  ғана  оқу  пәнінің  шеңберіндегі  ұйымдастыру-әдістемелік 

құрылымының бірлігі. 

  Оқыту  мазмұнын  таңдап  алғаннан кейін  сол  мазмұнды жүйелеу  мәселесі 

туындайды.  Әсіресе,  бұл  оқу  мазмұнын  дербес  модульдерге  жіктеудегі 

модульдік оқытуға байланысты. 

  Модульдік  оқытудың  дидактикалық  жүйесі  басқа  да  дидактикалық 

жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық ұстанымдар 

мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Даралық 

модульдердің  мазмұны  оқыту  мазмұнын  құрылымдау  ұстанымдарын  сақтай 

отырып  жасалады  және  жинақы,  әрі  кӛрнекілік  түрінде  беріліп,  дидактикалық 

материалдармен,  білгірлік  және  қолданбалы  міндеттермен  қамтамасыз  етілуі 

керек.Модульдік  оқытудың  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  модулдік 



319 

 

бағдарламалардың  операциялық  түрі  кәсіби  икемділікті  қалыптастыруға 



бағытталған. 

  Мұғалімнің  алдын  ала  жұмысы  тӛмендегідей  әрекет  –  қадамдардан 

тұрады: 

1-қадам:  Берілген  тарау,  блок  немесе  тақырып  бойынша  бағдарламада 

меңгерілуі тиіс деп кӛрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-

ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау. 

2-қадам:  Берілген  модуль  бойынша  негізгі  мағынаны  білдіретін  түйінді 

ұғымдарды,  тақырып  бойынша  негізгі  ақпарат  беретін  рельефтік  (код  сияқты) 

сӛздерді табу. Олардың ӛзара байланысы мен ӛзара бағыныштылығын анықтау. 

3-қадам:  Тұтас  тақырып  бойынша  тірек  сызбаларын  құрастыру 

(анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде) 



4-қадам:  Оқу  модулінің  тұтас  мазмұны  бойынша  тестілік  тапсырмалар 

құрастыру (15-20 тапсырма шамасында) 



5-қадам:  Берілген  моульдегі  оқу  материалының  тұтас  мазмұы  бойынша 

сынаққа  қажетті  сұрақтар  ме  тапсырмалар  блогін  құрастыру  (оқу  пәнінің 

ӛзіндік  ерекшелігіне  орай  сынақты  диктантпен,  бақылау  жұмысымен 

алмастыруға болады). 



6-қадам: Сӛйлесу бӛлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. 

Оқу  материалының  мазмұны  бойынша  әрбір  оқушыға  арап  бірінші  күрделілік 

дәрежесіндегі,  орташа  күрделілік  дәрежесіндегі  тапсырмалар  жән  оқытудың 

ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар 

әзірленеді.  

Оқу  модулінің  құрылымдық  бӛлімдерінің  әрқайсысына  кеңінен  тоқталып, 

қарастырайық. 

Оқу  модулінің  кіріспе  бӛлімі.Психологтардың  пайымдауынша,  әрбір 

дербес  тарауды  (тақырыпты)  оқып-үйрену  үш  негізгі  кезеңнен  :  кіріспе-

қызықтырушылық,  операционалдық-танымдық  және    рефлекциялық-бағалау   

кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман) 

Аталмыш  модульде  қызықтырушылық  кезең  кіріспе  бӛлімінде  іске 

асырылады. 

Бұл  кезеңде  оқушылар  бағдарламаның  осы  тарауын  неге  және  не  үшін 

оқып  –  үйренулері  керек,  ӛздері  нақты  нені  меңгеріп,  үйренулері  тиіс,  алдағы 

жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет. 

Психологтар  дәлелдегендей,  білімді  неғұрлым  тиянақты  меңгеру  үшін 

оқушылардың  мақсатты  түсінуі  (мақсаттың  қозғаушы,  қызықтырушы  күш 

болуы)  аса  маңызды.  Ол  үшін,  психологтардың  пікірінше,  мақсат  (нені  білу, 

нені  үйрену),  оның  мағынасы  (бұл  не  үшін  қажет)  нақты  айқын  белгіленіп, 

мақсатқа жету тәсілдері кӛрсетілуі керек. 

Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді 

сызба және белгілік үлгілер түрінде кӛрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек 

екенін эксперимент кӛрсетіп отыр (Салмина 1981, 47). 

Қандай  да  бір  құбылысты  тану  барысында  адамда  оны  түсінгедік, 

меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс. 

Сӛйтіп, оқу модулінің кіріспе бӛлімінде мұғалім: 

а)  оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы  құрылымымен  және  мазмұнымен 

таныстырады; 



320 

 

ә)  оқушылардың  осы  оқу  модуліндегі  танымдық  қызметінің  мақсаттары 



мен  міндеттерін  анықтайды,  әсіресе  бұл  мақсаттар  мен  міндеттерді  әрбір 

оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше кӛңіл бӛледі; 

б)  тірек  сызбаларға  («орамаларға»,  белгілік  үлгілерге)  сүйене  отырып, 

модульдің  тұтас  тақырыбы  бойынша  оқу  материалын  қысқаша  (15-20  минут 

ішінде) түсіндіреді. 

  Оқу модулінің сӛйлесу бӛлімі. 

Оқу 

модулінің 



сӛйлесу 

бӛлімі 


тарауды  (тақырыпты)  тұтас  оқып  үйренудің  екінші  –  операционалдық-

танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. 

  Бұл  бӛлімді  құрастырғанда  біз  Л.Фридманның  тӛмендегідей  ережелерге 

негізделген тұжырымдамасына сүйендік: 

Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі  

қызметінің  жүйесі  ретінде  қаралады.  Олар  оқушының  қисынды  ойлауын, 

қабілеттерін,  кӛзге  елестету  қабілеті  жадын,  шығармашылығын  және  т.б. 

дамытуға,  яғни  білім  берудің  мақсаттары  болып  табылатын  тұлғалық 

қасиеттерін дамытуға бағытталған. 

Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының  

қажеттіліктерін,  қызығушылығы  және  қызмет  мақсаттарын  дамытуға  жағдай 

жасау. 


Оқуды  басқарудың  икемді  болуы  тиіс,  бұл  тек  оқушылардың  іштей  ӛсуі 

жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады. 

Оқушылар  нақты оқу  қызметінің  мақсаттарын  анықтауға  тікелей  қатысуы 

керек,  яғни  басқару  тұлғалық  бағытталған  болуы  тиіс.  Оқу  процесін  тұлғалық 

басқару  дәрежесі  оқушылардың  ӛсуіне  қарай  артып  отыруы  және  оқудың 

жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс. Оқу процесін басқару балардың 

ішкі  қуатына  және  мүмкіндіктеріне  негізделіп  жүруі  тиіс.  Оқу  модулінің 

сӛйлесу  бӛлімін  даярлағанда  мұғалім  оқу  материалының  негізгі  мазмұнын 

бӛліп,  құрылымдайды.  Мұнда  оқушылар  оқу  материалына  қайта  оралып, 

пысықтап,  бекітуі  үшін  оның  әр  сабақта  жеке  бӛліктермен  берілетінін  есепке 

алу  керек,  бұл  бӛліктерде  қысқаша,  сиымды  түрде  тұтас  тараудың 

(тақырыптың) мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет ететін матриалды мұғалім 

үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, оташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш 

деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы ӛзі шешеді. 

  Бұның  бір  маңызы  –  күрделі  ізденушілік,  шығармашылық  сипаттағы 

тапсырмаларды  кез  келген  күрделілік  деңгейіндегі  бағдарламалық  материал 

тапсырмаларын  орындаған оқушыға, яғни  іс  жүзінде бәріне  де  беруге  болады. 

Бұл бӛлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың ӛзара сӛйлесуін 

қамтамасыз  етуге  баса  кӛңіл  бӛледі.  Мұнда  оқу  материалының  мазмұны 

оқушылардың  ӛзара  сӛйлесуінің  арқауы  және  құралы  болады.  Сӛйтіп, 

мұғалімнің сӛйлесу бӛлімін дайындаудағы 5 әрекет қадамнан тұратын даярлық 

құрылымы қалыптасады (1суретті қараңыз) 

 

 

 



 

 


321 

 

1-сурет 



1. Модульдің сӛйлесу бӛліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу 

 

Оқу материалын біртұтас, жинақы, «ӛсу» бағытымен беру 



 

3.  Тақырып  бойынша  жеңілдетілген  деңгейдегі  және  білім  стандартының 

талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау 

 

4.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  және  креативтілігін 



(шығармашылық  қабілеттерін)  дамытуға  арналған  шығармашылық 

сипаттағы материал дайындау 

 

5. Осы бӛліктің барлық сабақтарында ӛзара сӛйлесуді қамтамасыз ету 



 

 Сӛйлесу бӛлімін құру қағидалары.  Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің 

оқу  (ғылыми)  материалының  тұтас  мазмұнын  бӛліп,  оқу  модулінің  сӛйлесу 

бӛліміне орналастыруын құрайды. 

  Сӛйлесу  бӛлімінің  жұмысы  тӛмендегідей  негізгі  қағидаларды  есепке  ала 

отырып құрылады: 

  •Оқу материалын біртұтас беру қағидасы. 

  •  «ӛсу»  бағытымен  оқып  үйрену  қағидасы  (басында  шағын  түрде, 

соңынан-мазмұнын  біртіндеп  аша  отырып,  кӛлемін  арттырып,  қосымша 

толықтырулар  мен  фактілер  енгізу  арқылы).  Бұл  оқушының  оқу  материалын 

бӛлек-бӛлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын 

білдіреді. 

  •  Сӛйлесу  бӛлімінің  әр  сабағында  оқу  модулінің  тақырыбына  «қайта 

оралып  отыру»  қағидасы  (қайталаумен  шатастыруға  болмайды!).  Іс  жүзінде 

тақырыпқа  оқу  материалыннң  кӛлемі жағынан  да,  тапсырмалардың  күрделілік 

деңгейі  тұрғысынан  да  «ӛсу»  бағытымен  қайта  оралып  отыру  меңгерілген 

білімді бекіту үшін қажет. Зерттулер кӛрсеткедей, жады ақпаратты ұзақ уақыт 

есте  ұстап,  білім  деңгейіне  жеткізу  үшін  оған  саналы  түрде  бірнеше  мәрте  (7 

ретке  дейін)  қайта  оралып  отыру  қажет.  Мұндағы  басты  мәселе  материалды 

қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның ӛз алдына қойған 

проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пйдалану. Мұғалім тұлғаны 

дамытатын  кез  келген  қызмет  емес,  тек  орындау  барысында  жағымды 

эмоциялар  тудыратын  қызмет  қана  екеніне  кӛңіл  аударуы  тиіс.  Оқушыға  оқу, 

танымдық  қызметпен  айналысуы  ұнап,  ол  ақыл  ой  жұмысынан  қанағаттануы 

тиіс. Бұл үшін: 

Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына 

қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс,яғни, оқушы 

оларды  ӛз  кӛңіл  таразысынан  ӛткізіп,  мән  беруі  тиіс  (Рубинштейн  1946,  599-

604); 


322 

 

Таным  процесін  ӛзара  сӛйлесу  арқылы  ұйымдастыру  оған  қатысушы 



адамдардың  талабы  мен  ниетіне,  ойына,  кӛңіл-күйіне  және  сезіміне  едәуір 

күшті ықпал етеді (Бодалев 1983, 65); 

Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда); 

а)  кейбір  қатысушылардың  алдағы  міндеттерді  шешу  мүмкін  емес  деген 

сенімін жоюға; 

ә)  қорғану  механизмдерінің  шығармашылық  процеске  әсерін  тӛмендетуге 

ықпал етеді (Грановская, Крижанская 1994,127). 

  Қабілеттерді  (соның  ішінде  танымдық)  дамытуға  қол  жеткізу  неғұрлым 

демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады

  Кейбір қатысушыларға ӛз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды 

болса, енді біреулеріне - ӛзіндік ойлау қызметі маңыздырақ. 

  Оқушының ӛзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, 

дамытушы болып есептеледі. 

  Міне,  сондықтанда  ұсынылған  оқу  модулінің  сӛйлесу  бӛлімінде  мұғалім 

әрбір  оқушыға  3  деңгейлік  тапсырмалар  әзірлейді.  І  деңгей  тапсырмалары 

оқушылардың  шығармашылығын  дамытуға  бағытталған.  ІІ  және  ІІІ  деңгей 

тапсырмалары  оқушылардың  бағдарлама  материалдарын  мемлекеттік  білім 

стандарты деңгейінде игеруін кӛздейді. 



 

 

Әдебиеттер  

1.

 



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде, 1999ж. 

2.

 



Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. // Қ.М,28 қазан, 

2000ж. 


3.

 

Қазақстан  Республикасының  20158  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 



тұжырымдамасы. //Қ.М, №1, 2004 ж. 

4.

 



Беспалько 

В.П. 


Слагаемые 

педагогической 

технологий. 

– 

М.: 



«Педагогика»,1989ж. 21-38 бет. 

5.

 



Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. – Ақтӛбе : РИПК:СО, 

1999ж. 


6.

 

Таубаева  Ш.  Т.,  Лактмонова  С.Н.,  Педагогическая инновация как  теория и 



практика нововедений в системе образавания : научный фонд и перспективы 

развитие. /Книга 1/- Алматы: Научно – издательский центр «Ғылым » 2001. 



 

Резюме 

В научной статье описывается  методика преподавания в средних школах 

с помощью инновационных технологии 

Summary 

In the scientific article describes the methods of teaching in secondary schools 

with the help of innovative technology 

 

 

 

 

 


323 

 

ӘОЖ: 312:Ж-10 



 

ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҦРҒЫДАН 

ҚАРАСТЫРУ 

 

Жайлауова Айжан Шерхуатовна, Жаңа технологиялар колледжі, 



Шымкент қ. 

 

Резюме 

В  этой  статье  рассматривается  педогогическая  сущность  семейного 

воспитания в развитий личностных качеств учащихся 

Summary 

This article were considered the pedagogical essence of family upbringing in the 

development of personal qualities of students 

 

Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып кӛрген емес. 

Бала  тәрбиесі  -  мемлекеттің  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  Жолдауларында  егемен  еліміздің  азаматтарын 

қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рӛлі барын баса айтып келеді. 

Қай  халық  болмасын  үмітін  ең  алдымен  ӛзінің  ұрпағымен  тікелей 

байланыстырады. «Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп 

бердім,  қызмет  қылсын  шен  алсын  деп  бермедім  деп»,  -  Абай  Құнанбайұлы 

айтқандай,  адам  ұрпағымен  қымбат,  адам  баласының  ең  қызығы,  бақыты, 

ұрпағының  жалғасы.  «Балалы  үй  базар,  баласыз  үй  мазар»,  -  дегендей  бала 

отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. 

Оның  себебі  болашақ  ана  баланы  бесіктен  емес,  құрсақтан  бастап  тәрбиелеуі 

керек.  Балаға  деген  мейірімі,  сезімі,  махаббаты  ананың   ыстық  ықыласы  мен 

тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып 

жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке 

тұлға  болып  қалыптасуына,  саналы  ұрпақ  болып  ӛсуіне  ,  дұрыс  білім  алып 

жетілуіне,  ӛмірде  ӛз  орнын  табуына  кӛмек  беру.  Себебі,  білім  тәрбие  арқылы 

беріледі.  Тәрбие  жоқ  жерде  білім  де  жоқ.  Тәрбие  қаншалықты  тереңде  болса 

білім  де  соншалықты  тереңде.  Болашақ  білімді,  дарынды,  адмгершілігі  мол 

ұрпақ  үшін  бұл  ӛте  маңызды.  Отбасының  бала  тәрбиесінде  алатын  орны 

айрықша. Ал қазақ отбасының ӛзіндік ерекшеліктері бар.  

1.Халықтық  сипат  алуы:  кӛп  балалы  болуды  қалауы,  ауыл  қариялары, 

кӛрші-қолаң, тума-туыс, құрбы-құрдас және т.б. тәрбиеге баулуы; 

 

2.Ізгіліктілігі:  отбасындағы  әрбір  әрекет,  қарым-қатынас,  ұлттық 



мерекелер мен салт-дәстүрлер; 

 

3.Дінмен байланыстылығы; 



4.Жеке-даралығы:  ұл  мен  қыз  бала  тәрбиесі.  Аталған  қасиеттер  тұтас 

қамтылған  жағдайда  тұлғалық  қасиеттер  қалыптасып,  кемелдікке  жеткізеді. 

Әрбір ата-ана ӛз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының 

білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің 

жақсы азамат болып жетілуі үшін ӛз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының 

зандылықтарын  білуі  қажет.  Сыйластық,  түсіністік,  үлкен  жауапкершілік 

сезімдері бар отбасы  - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және 


324 

 

олардың  ӛзара  қарым-қатынасы  мазмұнды,  сенімді    болады.  Бала  тәрбиесінің 



алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, ӛз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: 

«Баланың бас ұстазы - ата-ана», «Балапан ұяда не кӛрсе, ұшқанда соны іледі» - 

дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, 

ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс. Қай заманда болса да бала тәрбиесі  - 

басты байлық, ал ең асыл дүние - оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы 

оның  тӛл  мектебінде  шыңдалады.  Ӛсіп  келе  жатқан  баланың  бойында  түрлі 

қасиеттер  пайда  болатындығы  мәлім.  Мектепте  жұмыс  істейтін  педагогтар, 

тәрбиешілер  балаларды  оқытып-тәрбиелеу  барысында,  сабақтан  кӛп  қалатын, 

тәртібі  нашар,  білім  деңгейі  тӛмен,  тіл  табыса  алмайтын,  ашуланшақ, 

бұзақылық жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Қазіргі кездегі жас ата-аналар 

ӛсіп  келе  жатқан  баласын  аса  тым  еркелетіп  ӛсіріп  жатыр  деген  ұғым  жаңсақ 

пікір  емес.  Аса  тым  артық  мадақтау  мен  шектен  тыс  мәпелеуде  ӛскен  бала 

ешқандай күш жұмсамай-ақ кӛзге түскісі келеді. Егер мұғалім ескерту айтатын 

жағдайда  жылай  салатын  әлсіз,  ӛздігінен  еш  нәрсеге  қол  жеткізе  алмайтын, 

бала әлі де ӛз «мені» қалыптаспаған бала санатына жатады. Сондықтан «Қиын 

бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын жалпы, отбасы 

беріктігі,  ерлі-зайыптылар  арасындағы  қарым-қатынас,  ата-ана  мен  бала 

арасындағы  қарым-қатынастың  түп-тӛркініне  үңілген  абзал.  Ең  алдымен, 

балалардың  мінез-құлқындағы  қиындықтардың  пайда  болу  себебі,  біріншіден, 

отбасы  тәрбиесі  десек,  екіншіден,  мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысындағы 

кемшіліктер болып табылады.  

Жеке  тұлғаның  ӛсіп  жетілуіне    ықпалы  ерекше  болғандықтан  отбасы  

тәрбиесіне  психологиялық    және  педагогикалық  зерттеулерде  ерекше    кӛңіл 

бӛліп,  «отбасы»  ұғымына  кӛптеген анықтамалар  берілген.  Ж.Б. Қоянбаевтың 

педагогикалық    еңбегінде    «Отбасы-    ол  бірге  тұратын    некеге  негізделген  

немесе  қандас туыстар  (әке, ана, бала) тобы»  деп анықтама  берілген. Ғылым 

– педагог  ӛзінің зерттеуінде  отбасы  – баланың  ӛмір жолын бастайтын және 

қоршаған  шындық,  орта    туралы    тиянақты    да  терең    әсер  алатын  ұжымы  

екенін,  соның  негізінде  білім,  әдет  мінез-  құлық    пен  ӛмірге  кӛзқарастың  

қалыптасатынын  дәлелдеп кӛрсетеді.  

Педагогика  және  психологиялық    сӛздікте  «отбасы-  үйленгендердің  

жанұялық  бірлігі » деп анықтама  келтірілген. Бұл сӛздікте  отбасы  тәрбиесі  

балаға  ұлттық    тәрбие    берудің  негізі  болып    табылатындығын    айқындай 

түседі.  Жоғарыда  айтылған    анықтамаларға  сүйене    отырып,  отбасының  

мынадай    негізгі  белгілерін  кӛрсете  аламыз.  Отбасы  ӛзара    туысқандық 

қатынасы бар  әртүрлі жастағы  әр түрлі құқылы  адамдардан біріккен  ұжым. 

Отбасында  ерлі-зайыптылық,  ата-  аналық,    балалардың  ата-  аналарына  

еерсектердің  кішілерге    және  бір    біріне  деген    қарым  -  қатынас  жасау  

міндеттері  байланыстырып  тұрады.  Ата-аналар  мен  балалар    бірінен-бірі 

отбасыны  басқарумен,  ерекшеліктері  сол    отбасында  тәрбиеленумен  

ерекшеленеді.  Отбасы    ӛмірі  әртүрлі    материалдық    және  рухани  үрдістермен  

сипатталады. Ал отбасының  әлеуметтік ролі  адамның ӛзін ӛсіруге, адам тегін 

ұзартуға  тікелей қатынасымен  анықталады.  

Біздің  қоғам  үшін    әр  кезеңде,  әр  отбасында  ӛсіп  келе  жатқан    ұл 

қыздарының  дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік,  еңбекқор, білімге  құштар 

болып  ӛсуі  туған  халқы  мен  Отанына  адал,  ӛнегелі  азамат  болып    ӛсуі  -  ең 



325 

 

жоғары    тілек,  ең  негізгі  мақсат  болып  келген.  Оның  қуат  алатын    қайнар 



бастауы  –  отбасы.  Сондықтан,    адамзат  ұрпағына    отбасының    аса  құнды 

ықпалы  мен әсерін ӛмірдегі  еш нәрсенің күшімен  салыстыруға болмайды. Сол 

сияқты балаға  ата – ана тәрбиесінің  орнын еш нәрсе толтыра алмайды.  

«Отбасы 


тәрбиесі» 

 

ұғымының 



ӛзі 

«отбасы» 

мен 

тәрбие  


категорияларының  жиынтығы ғана емес,  олардың синтезі де  болып табылады. 

Оның  қызметі  мен  ролі,  отбасындағы  тәрбие  толығымен    қоғамдық  ӛмір 

заңдылықтарына  байланысты  дамиды.  Отбасы  баланың    жеке  басының  

қалыптасуына    екі  жақты  әсер  етеді.  Біріншіден,  отбасының    материалдық   

жағдайын  сипаттайтын    ӛзіндік    ӛмір  сүру  арқылы,  яғни  отбасы  мүшелерінің   

материалдық және рухани  қажеттілігі мен  әлеуметтік құндылықтары  да әсер 

етеді. Сол себепті әлеуметтік  және белгілі бір  мақсатқа бағытталған  әсер де 

тұлғаға ықпал етеді. Бұл кӛбінесе отбасындағы  негізгі кӛзқарас пен  тәрбиелік 

мақсатына, идеалық адамгершілік  және эстетикалық  талаптарына қаншалықты  

сәйкес  келуіне    байланысты    жүзеге    асырылады.  Қазақ  педагогикалық 

энциклопедиялық    сӛздігінде    отбасы  тәрбиесі  ұғымы  былайша  түсіндіріледі.  

«Отбасы тәрбиесі»- туысқандық  қарым -қатынастар  мен тұрмыс  жағдайлары  

болып  үздіксіз  ықпал    етуші  тәрбиелік    күш  болып  табылады.    Отбасы  

тәрбиесінің    педагогикалық    мәнін    ашу  үшін  «тәрбиелеу»  және  

«әлеуметтедіру»  ұғымдарын байланыстырып  қарастыру қажет. Демек,  тәрбие-  

бұл қоғам талабына сай  адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа  сәйкес 

жүйелі    әрі  саналы  түрде    әсер  ету  болып  табылады.  Тәрбие    жан  -жақты  

дамыған  адамды    қалыптастыруды  кӛздейді.  Оқушылардың  тұлғалық 

қасиеттерін    дамытуда    ықпал  ететін    негізгі  факторларды    ескере  отырып, 

тәрбиені  отбасы    тәрбиесіне    және  қоғамдық  тәрбие  деп    екі  түрге  бӛлуге 

болады.  Олай  болса,  тәрбие  қоғамдық      ӛмірдің  жалпы  және    қажетті 

категориясы  болып табылады, тәрбиенің  мақсат- мазмұны, ұйымдатыру түрі, 

әдісі қоғамдық қатынастардың  таихи дамуына  сәйкес ӛзгеріп  отырады. Кейде 

«тәрбиелеу» 

ұғымы 

«әлеуметтендіру» 



ұғымымен 

сәйкестендіріліп  

түсіндіріледі.  Әлеуметтендіру  латынның  «Социалус»  дген  сӛзінен  аударғанда  

«қоғамдық»  деген    мағынаны  білдіреді.  Яғни  қоғамдандыру    немесе  қоғамда  

ӛмір  сүруге    бейімделу  деген  сӛз.  Ата-ананың    әсерлі  болуына    қажетті 

жағдайдың бірі - олардың  баламен әділ сӛйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай 

ӛзара  қарым  -қатынас    баланы  еріксіз  ата-  анаға  жақындатып,    олардың 

айтқандарын  шын ықыласпен қабылдауға  мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, 

адамгершілікке, еңбекқорлыққа  және т.б. қасиеттерге  тәрбиелеуде отбасының  

мүмкіндіктері ерекше. Отбасының  ықпалы  мен педагогикалық  мүмкіндіктері 

кӛптеген    педагог  ғалымдардың  еңбектерінде  кӛрініс  тапқан.  Ата-аналарды 

педагогикалық  тұрғыда  тәрбие  процесін  ұйымдастырушы  деп  айта  алмаймыз.  

Алайда  ата-ана    отбасындағы  бала  тәрбиесін  жүргізуші,  ықпал  етуші  болып 

табылады.  Тәрбие  (оқыту,  үйрету,  тәрбиелеу)  процесіне  тікелей  араласатын, 

мектеп  басшыларына,  жалпы  ұстаздарға,  сынып  жетекшілеріне,  кӛмек 

кӛрсететін  -  ата-аналар.  Жалпы,  баланың  тәрбие  процесіне  қатысатындар: 

мектеп  басшылары,  сынып  жетекшісі,  сынып  ұстаздары,  ата-аналар.  Ата-

аналардың  міндеті  –  ұстаздармен  тығыз  қатынаста  болып,  солардың  ақыл-

кеңестерін  тыңдап,  балаға  тиянақты  білім,  жақсы  тәрбие  беруге  ӛз  үлестерін 

қосу, тікелей ат салысу. Негізінде, тәртіп - ӛмір шарты, еңбек пен демалыстың  



326 

 

парасаттылықпен  кезектесіп  ӛтуі,  талаптарды  орындау,  жақсы  әдеттерді 



қалыптастыру.  Тәртіп  баланы  жинақтылыққа,  тілалғыштыққа,  дәлдікке, 

мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. 

Күн  тәртібін  жасауда  ата-ана  баланың  жасын,  үй-жағдайын,  денсаулығын, 

ұстаздар  мен  сынып  жетекшісінің  кеңесін,  отбасы  мен  мектеп  тәртібінің 

бірлігін еске алуы тиіс. Отбасы тәртібінің негізгі құрамды элементтері – еңбек, 

демалыс,  ойын,  сабаққа    дайындалу,  тамақтану,  ұйқы,  т.б.  дұрыс  алмасып 

отыруы қажет. Сонымен дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі белгілі дағдыға, 

дағды әдетке айналады, ал әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.  

Отбасы баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Бала бос 

уақытында  қоғамдық  пайдалы  істерге,  спорт  ойындарына,  кинофильмдерге, 

спектакльдерге, кітап оқуға, теледидар кӛруге қатысады. Кӛптеген отбасыларда 

ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналды. Егер ата-

аналар  қоршаған  табиғат  және  ӛз  ӛлкесінің  кӛз  татарлық  кӛрнекті  орындары 

жӛнінде  әңгіме  ӛткізсе,  мұндай  серуендердің  танымдық  маңызы  зор  болады. 

Тәрбие процесіне тікелей араласатын, мектеп басшыларына, жалпы ұстаздарға, 

сынып  жеткшілеріне,  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  кӛмек  кӛрсететін  –  ата-

аналар.  Отбасындағы  тәрбие  ата  –  ананың  жеке  басының  ықпалымен  жүзеге 

асады.  Тіпті,  баланың  мінез  –  құлқы  да  отбасында  ата  –  ана  ықпалымен, 

отбасындағы  психологиялық  ахуал  жағдайында  байланысты  қалыптасады. 

Мұның  себебін  психолог  Н.  Айғабылов  былай  түсіндіреді:  «Бала  мінезі 

кӛпшілік  жағдайда  әке  –  шешесінің  мінезіне  ӛте  ұқсас  келеді.  Осы  жағдайға 

қарап,  кейбір  ата  –  аналар  мінезі  тума  қасиетке  ие  емес  пе  екен»  деген  ойға 

келеді.  Бала  мінезінің  әке  –  шешесінің  мінез  ерекшеліктеріне  ұқсас  келуі, 

біріншіден,  отбасында  барлығына  ортақ  жалпы  жағдайдың  әсер  ететіндігі 

болса, екіншіденбаланың ересек кісілерге еліктеуінен болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет