праздников, игр и танцев доказывают вопреки некоторым ученым, о том, что
у тюркского народа не существовали танцы.
Танцы у тюркского народа существовали с древнейших времен.
Литература
1.
Л.Авдеева – Из истории узбекской национальной хореографии. Т. 1999 г.
2.
Л.И.Нагаева – Танцы восточных башкир. Изд. «Наука». М. 1981 г.
3.
Гай Тахиров – Татар биюлари. Казан. 1960 г.
4.
Эсенов Чары – Туркменский фольклорный танец «Истоки и эволюция»
диссертация.
5.
Д.Абиров, А.Исмаилов – Казахские народные танцы. Алмата. «Онер». 1984
г.
6.
Баджаева Т.Б. – «Калмыцкие народные танцы». Улан-Уде. Бурятское изд.
1958 г.
7.
Правительственный Альбом Республики Алтай. Изд. «Юг-Сумер-Белуха».
Г.Горный Алтай. Стр. 7, 33.
240
ӘОЖ 71.75.785/799
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУДА ДЕНЕ
ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ ҚҦРАЛДАРЫ
А.Р.Джаймаев, К.И. Алшынбаев, Ж.Ш.Есмаханова
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл
ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың ӛз ӛмірінің аяғына дейін сай болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды
салауатты ӛмір салтына әзірлеу қажеттігі кӛрсетілген. Бүгінгі таңда ӛз
тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты ӛмір салтын мұрат тұтқан дара
тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. [1, 240 б].
Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiм алуға конституциялық
құқығын қамтамасыз ету мақсатында Бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi жүзеге
асырылу қажет. Онда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту,
адамгершiлiк пен салауатты ӛмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру,
даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-ӛрiсiн байыту [2].
Сондай-ақ «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010-
2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары» негізгі мақсаты дене
шынықтыру мен спортты дамыту, халықтың салауатты ӛмір сүруіне үлес қосу
және жоғары спорт резервтерін даярлауды мақсаттайды. Бағдарлама дене
тәрбиесі мен спорт саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке
тұлғаны дамытуды жаңаша кӛзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен
прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан
ӛркениетті қоғамның ерікті, ӛз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат
құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы
қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат
тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен жеке спорт түрі бойынша жан-жақты
қабілетті болуы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз
қажет [3].
Демек, мектеп дене тәрбиесі денгейін кӛтеру, оқушыларды денсаулығы
мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін
тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жӛніндегі мемлекеттік қажеттілік
талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты
міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.
241
Дене тәрбиесінің нәтижелілігіне жүйедегі барлық құрал және
мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғана жетуге болады, дегенмен оқыту мен
тәрбиелеу міндеттерін шешуде дене жаттығуларының үлесіне кӛп
салмақ түседі. Бұл жағдайлар мына бірнеше себептерге байланысты:
1 . Педагогикалық қызметтің кӛптеген түрлерінің ішінде тек дене
тәрбиесінде ғана жаттығушының денені жетілдіруге және сол қимылды игеру
үшін орындауға бағытталған оқытып үйрету жүйесін анықтауға болады.
2. Дене жаттығулары ағзаның морфофункциональдық жағдайына әсер
етумен шектелмейді, сонымен қатар орындаушының жеке басына да ӛз әсерін
тигізеді. Ал бұл жағдай дене жаттығуларын адамның тұлғасындағы және
психикалық қызметіндегі бірлік туралы ілімнен кӛрінетін қимыл есебінде қарау
заңды.
3.
Дене жаттығулары қозғалыс жүйесі есебінде адамның ойы мен сезімін,
оның ӛзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Бұл қағида И.М.Сеченовтың
сӛзінде анық кӛрсетілген: "Ми қызметінен тысқары пайда болғандардың бәрі
бұлшық ет қозғалысына келіп тірелуі мүмкін".
4.
Дене жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және тәжірибелік
табыстарды, қоғамдық-тарихи тәжірибені берудің бірден-бір әдісі.
5.
Дене жаттығулары адамның қозғалысы кезінде табиғи қимыл
қажеттілігін толығынан қанағаттандыруы мүмкін [4].
Дене жаттығуларын үйрете отырып немесе басқа да педагогикалық
міндеттерд і шешу үшін оны қолдана отырып, (мысалы, дене қабілеттілігін
дамыту үшін) мынаны ескерген жӛн, біріншіден, пайдаланып отырған
жаттығудан мүмкін болатын тиімділік немесе осы жаттығулар арқылы
қандай міндеттерді шеше алатындығымызды (білімділік, тәрбиелілік,
сауықтыру) білу; екіншіден, оның құрылымы (статистикалық па немесе
динамикалық па, циклді ме әлде ациклді ме т.б.), үшіншіден, дене
жаттығуларын бірнеше рет қайталаған жағдайда жаңа әдістерді қарастыру
(жаттығуды тұтас немесе бӛлек-бӛлек жасау немесе қайталау аралығында
белсенді немесе жәй демалыс беру). Дене жаттығуларының осы сипаттамасы
қойылған педагогикалық міндеттерді шешу үшін дене тәрбиесі сабағы кезіндегі
пайдаланатын құрал-жабдықтарды және пайдаланатын әдістерін іріктеуді
міндеттейді.
Дене жаттығуларының пайдалы әсері жүктеменің қайталануы тиімді
болғанда ғана дұрыс болады. Қайталануы қимылдың ұзақтығына, оның
жиілігіне және қайталау арасындағы демалыс сипатына, бастапқы қалпына
тәуелді. Қайталауды реттегенде айтылған барлық кезендердің ӛзара іс-қимылын
есептеу қажет. Мысалы, жаттығудың ұзақтығын арттыру оның жиілігін
азайтумен қоса жүргізіледі.
Дене жаттығуларының нәтижелілігі оның орындалу әдісіне тәуелді.
Мысалы, арқанға үш әдіспен ӛрмелеу, еркін әдіспен ӛрмелеуден гӛрі тиімді,
сондықтан да мұнда жоғары нәтижеге жетуге мүмкіншілік мол.
Дене жатгығуларын орындау белгілі бір мезгілге дейін сақталатын адам
тұлғасына тән ӛзгерістер әкеледі. Соның нәтижесінде келесі жаттығулардың
әсері тиімділік жағынан ӛзгеріске ұшырауы мүмкін. Алдыңғы және келесі
242
жаттығулардың қасиетін арттыруға арналған жаттығулар күрделі қимылдарды
игеруге қолайлы жағдайларды туғызады немесе тӛмендеуі мүмкін (мысалы,
алға қарай аунап түсуден кейін тепе-теңдік жағдайында қимыл жасауға
үйретуде қиыншылықтарға әкеп тірейтін жағдайлар туындайды). Бұндай
әсерлердің қаншалықты ұзаққа баруы оқушылардың дайындық деңгейіне
тікелей байланысты. Жаттығулардың тиімділігін есепке алып отыру кейінгі
жаттығулар жиынтығының кешенін (комплексін) жасауда шешуші талаптарды
құрайды.
Гигиеналық талаптар дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру бағыты бар
қағидаларын жүзеге асыруда шешуші қозғаушы күш болып табылады. Оның ен
басты мақсаты - дене жатгығуларын адамның ӛмір қызметінің құрамдас бӛлігі
ету. Екінші жағынан, дене жаттығуларының тиімділігі тек қана гигиеналық
талаптарды сақтаған жағдайда ғана жоғары болмақ. Дене тәрбиесінің арнаулы
құралы болмаса да, гигиеналық талаптар дене тәрбиесі міндеттерін толық ӛз
дәрежесінде шешуде үлкен маңызға ие болады. Қаншалықты педагогикалық
жүйе жақсы ұйымдастырылғанымен, тамақтану тәртібі (режимі) бұзылып
жатса, керекті мӛлшерде ұйықтамаса, жаттығулар тазалық жағдайы жоқ жерде
ӛткізілсе, онда педагогикалық жұмыс барысы ешқашан да күткендегідей
нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі бойынша мектеп
бағдарламасында оқушылардың гигиеналық талабының кӛлемін анықтайтын
ілімдік материалдар кӛрсетілген.
Гигиеналық талаптар, шартты түрде екі топқа бӛлінеді: 1) Дене
тәрбиесінен тыс, адамның ӛмір қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар (еңбек,
оқу, тұрмыс, демалыс, тамақтанудың жеке және қоғамдық гигиенасының
талаптарға немесе дене жаттығуларымен толықтай шұғылдануға қажетті
алғышарттарды қамтамасыз ететіндері); 2) Дене тәрбиесі жүйесінде тікелей
енгізілген жағдайлар: гигиеналық талаптарға сәйкес түсетін салмақ және
демалу күн тәртібін тиімді пайдалану, арнайы жарыс жолындағы
тамақтану, сыртқы күш әсерін тигізетін жағдайларды жасау (ауа тазалығы,
жарықтың жеткіліктілігі, құрал-жабдықтарының жарамдылығы, киімнің
ыңғайлылығы т.б.).
Дене тәрбиесі жүйесінде табиғаттың жаратылыс күшін пайдалану екі
бағытта жүзеге асырылады:
1) Табиғаттың жаратылыс күші дене жатгығулары үшін қолайлы
жағдайлар жасайтын кӛмекші қозғаушы күш есебінде пайдаланылады. Оның
себебі, олар адам ағзасының әсер ететін қозғалыс күштерінің тиімділігін
күшейтеді және толықтырылып отырылады. 2) Табиғаттың жаратылыс
күштерінің әсері - ауа және су ваннасы, күн сәулесі арқылы шынығуға
сауықтырудың тиісінше жеке дара құралы есебінде пайдаланылады. Еңбек
және оқу қызметінің күн тәртібінде енгізілген бұл процедураларының қолайлы
әсері белсенді түрде демалу түріне жатады және қайта қалыпқа келу тиімділігін
арттырады. Табиғаттың жаратылыс күштерін тиімді пайдаланудың басты
талаптарының бірі, оны жүйелі және кешенді түрде дене жаттығуларымен
байланыстыра отырып қолдануға болады. Ал бұл күштердің тиімді мӛлшерін
243
анықтап қолдануда оқушылардың дайындық деңгейі мен сабақ алдында
қойылатын педагогикалық міндеттердің сипатын еске алған жӛн.
Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру,
еңбек ету және оқу қызметтерінің сапалары артады. Жоғары жүктемесі бар
жаттығуларды жасауға мүмкіндіктер туғызып, жұмыс қабілеттілігін арттыру
жағдайлары жасалады.
Әсер етудің тұтастығы дене жаттығуларының соңғы нәтижелілігін
анықтаушы күштердің әсері есебінде дене жаттығуларының әр түрлі
жүйесі түрінде дене тәрбиесінің негізгі құралдарын қолдануды қарастырады.
Сонымен қатар гигиеналық және метрологиялық әсер ету шараларын қамтиды.
Кӛптеген әдістердің адам ағзасына тигізер әсері әр түрлі. Олар ӛздеріне тән
белгілері бойынша типтік құралдардың белгілі бір жиынтығын біріктіреді. Ал
әрбір нақты құралды қолданудың әр түрлі әдістері бар (мысалы, әр түрлі
шапшандықпен 500 метрге жүгіру). Дене тәрбиесіндегі қолданылатын әдістер
бір-бірімен тығыз байланыста болады және олар сан жағынан шектеусіз болуы
мүмкін. Осыдан барып екі әдістемелік ереже туындайды: әдістердің кӛптігі, бір
жағынан, керекті әдісті таңдап алуға үлкен қиыншылық келтіреді. Ал екінші
жағынан, кез келген педагогикалық міндеттерді шешуде кең мүмкіншіліктер
туғызады.
Белгілі бір жаттығуды құрайтын қозғалыс тиісті ретпен орналасады. Олай
дейтін себебіміз, қай бір жаттығу болмасын, белгілі бір қозғалыспен аяқталады.
Танымдық және дидактикалық мақсаттар кӛзделген жағдайда дене
жаттығуларын үш кезеңге бӛліп қарау орынды.
Дайындық кезеңі қимылдың басты міндетін орындау үшін ең қолайлы
жағдайлар жасауға арналған. Мысалы, жүгіріп келіп қарғуда дайындық кезеңі
жүгіру болатын болса, орнынан қос яқтап қарғуда - аяқты бұғу және
серпілудің алдындағы қолдың сермелуі де осы кезеңге жатады және
негізгі қимылдың басты міндеттерін шешуге кӛмекші болатын қозғалыстардан
тұрады. Мысалы, бір орында тұрып, қос аяқтап секірген кезде - аяқпен
итерілгеннен кейінгі ұшу негізгі кезеңге жатады.
Қорытынды кезеңі, бейнелеп айтқанда жұмыс жағдайынан шығуға
мүмкіндік беретін қимылмен аяқталады. Мысалы, секіруде бұл кезең - екпінмен
келген бойынша сӛреден ӛткеннен кейінгі жүгіріп ӛту. Қорытынды кезеңнің
тиімділігі кейде негізгі кезеңде қозғалыс, қимылды орындаудың дұрыстығына
байланысты болмақ. Мысалы, ұзындыққа секіру кезінде аяқтың жерге дұрыс
тиюі, ұшу биіктігіне тікелей байланысты, ал тұтастай дене жаттығуларының
нәтижелілігі қорытынды орындалуының дұрыстығына байланысты
(мысалы, гимнастикалық спорт қондырғыларынан секіріп түскеннен
кейінгі дененің қалпы немесе жерге аяқтың тиюі).
Негізгі кезең әдістің негізін құрайтын қозғалыстардың, ал қалған екі кезең
әдістің бӛліктерін құрайтын қозғалыстың кӛмегімен жүзеге асырылады [5].
Дене жаттығуларының педагогикалық сҧрыпталып топтастырылуы.
Дене жаттығуларынын сұрыптау дегеніміз – бұл ең негізгі белгілеріне қарап
оларды ӛзара байланысты топтарына қарай бӛлу деп білеміз. Сұрыптау
нәтижесінде мұғалім дене жаттығуларының ӛзіне тән сипатты қасиетін
244
анықтайды және едәуір дәрежеде педагогикалық міндеттерді шешуге жауап
бере алатын дене жаттығуларын талдап, таңдауды жеңілдете алады. Дене
тәрбиесі жӛніндегі ғылым үздіксіз жаңалықтармен толығып отырған сайын,
оны сұрыптау да үнемі ӛзгеріп отырады.Әрбір дене жаттығулары бір емес,
бірнеше ӛзіне тән сипаттағы белгілерге ие [6].
Сондықтан да бір немесе сол тәріздес жаттығулар әр түрлі сұрыптау
топтарында кӛрінуі мүмкін.
Қазіргі кезеңдегі сұрыптау кейбір шарттылықтармен сипатталады,
дегенмен олардың әрқайсысы іс жүзіндегі тәжірибенің сауалдарына толықтай
жауап береді.
1.
Дене тәрбиесінің тарихи қалыптасқан жүйесініц белгілері бойынша
дене жаттығуларын сұрыптау (гимнастика, ойын, спорт, саяхат). Бұл
сұрыптау бойынша дене жаттығулары тӛрт топқа бӛлінеді: 1) тиімділігі адам
ағзасының қызметіне әсер ету ерекшеліктерімен, сонымен қатар барлық
қозғалыстың үйлесімділік күрделілігімен, сұлулығымен және дұрыстығымен
бағаланатын арнайы жасалынған қимыл-қозғалыстың жан-жақтылығымен
сипатталатын гимнастикалық жаттығулар; 2) Әртүрлі ерекшелікте ӛзгеріп
отыратын жағдайда орындалатын және қимылдың соңғы нәтижесімен ағзаға
тұтас әсер ету тиімділігімен бағаланатын қимылдың табиғи түрлерінен тұратын
ойын жаттығулары (биікке секіру, нысанаға дәл лақтыру т.б.); 3) тиімділігі
ағзаға бірыңғай әсер ететін және кедергілер мен қашықтықты игеру
нәтижесімен бағаланатын, жүруді жүгіру, секіру, кедергілерден ӛту, шаңғымен
жүру, велосипед тебуден тұратын табиғи жағдайда жасалатын саяхаттық дене
шынықтыру жаттығулары; 4) ең жоғары спорттық нәтижелерге жету үшін
мамандану есебіндегі Республикалық бірыңғай спорттық дәрежелерге
топтастыру жүйесіне сәйкес келетін, орындалуы арнайы бірыңғай жүйеге
келтірілген қимылдар тобын біріктіретін спорттық жаттығулар. Соңғы топқа
енгізілетін жаттығулар жоғарыда аталып кеткен топтарға енгізілген жаттығулар
да болуы мүмкін, егер олардың мына белгілері болса: спорттық дене
жаттығулары, спорттық ойын жаттығулары, спорттық саяхат жаттығулары.
Бұл сұрыптап, топтастырудың ең басты шарттылығы осы жаттығулар тобына
тән белгілер айырмашылығынан кӛрінеді. Сондықтан, мысалы, жүгірудің ӛзі
түрлі жағдайда тӛрт топқа қатысты. Осындай сұрыптау дене жаттығулары
сипатында тек қана жалпы бағдар есебінде алынады .
2. Бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерінің белгілері бойынша дене
жаттығуларын топтастыру: жаттығушылардан уақыттың ӛте қысқа
мерзімінде жоғары ұмтылысты кӛрсетуді талап ететін шапшаңдық күш
жаттығулары (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіру, секіру т.б.), шыдамдылықты
талап ететін дене жаттығулары (мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғымен
жүру т.б.); орындау жағдайында қатаң түрде қозғалыс-қимыл үйлесімділігін
кӛрсетуді талап ететін дене жаттығулары (мысалы, гимнастикалық
снарядтардағы жаттығулар, суға секіру т.б.); ӛзгермелі жағдайда қозғалыс
қасиеттерін біріктіре кӛрсетуді талап ететін дене жаттығулары (мысалы,
ойындар, жеке белдесу т.б.). Осы сұрыптап, топтастырудың кейбір
шарттылығы жағдайында дене мүмкіншіліктерінің дамуында қажетті нәтижеге
245
тиімді түрде жетуге кӛмек болатындай дене жаттығуларын іріктеп алуға
мүмкіндік береді, екінші жағынан, осындай және басқа сипаттағы
жаттығуларды табысты орындау үшін қандай қажетті сапалылықты игеру керек
екендігін білуге мүмкіндік жасайды.
3.
Біліктілікке байланысты міндеттерді шешу үшін олардың маңызына
қарай дене жаттығуларын сұрыптау немесе оқу бағдарламасының білімділік
міндеттеріне сәйкес үйрену пәні болатын қимылдар. Жетектеуші немесе
сыртқы белгілері және жүйке-бұлшық еттер жиырылуының сипатына әсер
етушілер: дайындық жаттығулары немесе негізгі жаттығуларды оқып,
үйрену үшін керек болатын дене мүмкіншіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін
қимылдар. Осы сұрыптаудың шарттылығы мынада: қозғалыс дағдыларын
қалыптастыруға және дене мүмкіншіліктерін, дамытуға бағытталған
жаттығулар ӛзінен-ӛзі бӛлініп тұрады, дегенмен бұл екі сұрыпталу бірінен-бірі
ажырайды. Ол жетекші міндеттерді үйренудің әрбір кезеңінде едәуір дәрежеде
игеруге жәрдемдесетін жаттығуларды іріктеп алуға кӛмектеседі.
4. Жекелеген бұлшық ет топтарының дамуының артықшылық белгілері
бойынша дене жаттығуларын сұрыптау. Қол мен иық еттері, кеуде мен
мойын еттері, аяқ пен жамбас еттері үшін жаттығуларды бӛліп
қарастырады. Бұл сұрыптаудың ішінде де жаттығулар тӛмендегідей болып
бӛлінеді: жіліншік-табан буындары, тізе буындары т.б. жаттығулар; затпен
затсыз жасалынатын жаттығулар, жеке және қосарлап орындалатын, түрегеліп,
отырып, жатып орындалатын жаттығулар; күшпен икемділікті дамытуға
арналған жаттығулар.
5. Спорттың түрлері бойынша дене жаттығуларын сұрыптау. Бұл
орайда айтарымыз әрбір спорт түрінің ӛз жаттығуларының сұрыптап
топтастырылуы бар. Педагогикалық сұрыптаудан басқа жаттығулардың
биомеханикалық сұрыпталуы болады (мысалы, статистикалық немесе
динамикалық, циклді немесе ациклді), физиология тұрғысынан сұрыптау
тобына жататын жаттығулар жоғары және ӛте жоғары, үлкен және орта
деңгейдегі, қуаты барлар деп бӛлінеді [7].
Сонымен оқушылардың дене дайындығын оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде
дене жаттығуларының әдістері мен негізгі құралдарын қолдану жолдары
қарастырылды. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетіне жасалған талдау
ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен, аялдаулармен,
айналулармен орындалатын жылдамдық-күштілік әрекеттері дене дайындығын
арттыру мақсатында құрылатындығын кӛрсетті.
Әдебиеттер
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Призидентінің Қазақстан халқына
жолдауы Алматы, - 1998 -240 б
2.
Бiлiм туралы. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319
Заңы
3.
Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010-2014 жылдарға
арналған стратегиялық даму жоспары
246
4.
Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» І-
бӛлім 2004ж
5.
Әбділлаев Ә.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». ІІ-ІІІ-ІV
бӛлімдері 2007ж
6.
Әбділлаев Ә.К.,Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Кентау 2008ж.
7.
Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Москва ФиС. 1991г.
Резюме
Пути применения основых средств и методики физических упражнений в
развитии физической подготовки обучающихся в системе образования
Summary
Ways of basic eguipment and methods of, exercise in the development of
physical training in the system of education
ӘОЖ 71.75.785/799
ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ӚТКІЗУ МЕН
ҦЙЫМДАСТЫРУ
А.Р.Джаймаев, К.И. Алшынбаев, Ж.Ш.Есмаханова
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы халыққа жолдауында «Білімді
және денсаулығы мықты азаматтар ӛсіру және тәрбиелеу» бағытында біздің
болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа
мүмкіндіктер жасайтын негіз. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз –
белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар – деп басымдылық
айтылған 1 .
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі
сабақтары арқылы дене жаттығулары мен дене бітімі жетілдіру
тетіктерімен бастапқы танысуын және дене тәрбиесі бойынша
сауаттылығын жүзеге асыра алады. Ал, болашақ қоғам мүшесінде дене
тәрбиесін қалыптастыру үшін, ең алдымен дене тәрбиесі саласының барлық
мұғалімдері мен жаттықтырушылар дене тәрбиесі жүйесі туралы білімді
жетік меңгеруі тиіс.
Жалпы орта мектептерде оқушыларды салауатты ӛмір салтына, денені
шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу әртүрлі мемлекеттік
бағдарламалар аясында жүзеге асырылады [2, 352-360 -б].
Жалпы
орта
мектептерде
оқушылардың
дене
тәрбиесін
қалыптастырудың белсенді түрінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесі
247
сабағында жетілдіру мәселесіне А.К.Атаев, Ю.С.Жилко, Д.В. Биданов,
Ж.Егізбаев, С.Тайжанов және т.б. еңбектерін арнаған 3,4,5,6,7 .
Дене тәрбиесі және спортты насихаттау әрбір орта мектеп оқушысына
бағытталған, дене тәрбиесінің басымдығын дәлелдей кӛрсетуге, сондай-ақ
жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және
басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуда.
Оқушылармен дене тәрбиесі жӛнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында
қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты
танымал ету, олардың санасында ―тәні саудың – жаны сау‖ деген қағидатты
орнықтыру үшін бұқаралық кӛпшілік мәдени, спорттық-сауықтыру іс-шаралар
ұйымдастырылуда. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері:
азаматтардың спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын
арттыру, жалпы орта мектеп оқушыларының спортпен ӛз бетінше
шұғылдануын белсенді түрде таныту, денені шынықтырумен және спортпен
шұғылдану қажеттігін кӛпшіліктің санасына сіңіру және оны насихаттау болып
табылады.
Дене тәрбиесі және спортты насихаттау мектеп оқушыларының жан-
жақты спорттық және дене тәрбиесі даярлығын арттыруға ықпал етуге
негізделуде. Дене тәрбиесі және спортты дамытудағы басты бағыттардың бірі–
олардың ізгілікті жағын күшейту.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыру
тӛмендегі Қазақстандық ғалымдардың зерттеу проблемаларына негізделеді:
біртұтас педагогикалық үдеріс (Хмель Н.Д. және т.б.), дене мәдениеті
(Қасымбекова С., Оңалбек Ж.К., Қарақов А.Қ., Мухамеджанов Б.Қ. және т.б.)
8,9,10,11,12 .
Жалпы орта білім беретін мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы
жасӛспірімдерді тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және ӛнегелілік деңгейі мен
оның ой-ӛрісін арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін оқытып, үйрету мен
Отанды қорғауға дайындау. Білім саясатының ӛзекті мәселелері – жалпы орта
мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ мамандығын таңдауға
даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-
әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытып үйретудің әдістері мен
ұйымдастыру
түрлерін
ӛзгерту,
педагогикалық
оқу-тәрбие
үдерісін
ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері
мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі
жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз
етуде оның рӛлін арттыру.
Жалпы орта мектептердегі білім берудің кӛп нұсқалы құрылымы және
жалпы орта мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы
интеграциялануы, жалпы орта мектептерді қазіргі заманның талаптарына сай
басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Мектеп оқушыларының
шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, оларға білім беруде заманауи
жүйені енгізу жағдайларында хабардарлығының бейімделуі жалпы орта
248
мектептерде оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы ӛзгерістердің қажеттілігін
кӛрсетеді.
Қазіргі жалпы орта мектептерде оқушылардың білімінің дамуының, дене
тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, мектептегі оқу-тәрбие
үрдісіндегі үлесін, білім беру философиясының шеңберіндегі денені
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жаңа мақсаттарын және оны меңгеруде
қалыптасқан жүйенің жоқтығын ескере отырып, дене тәрбиесі құралдары
арқылы оқушыларды тәрбиелеуді жеке мәселе ретінде тек практикалық қана
емес, теориялық тұрғыдан да айырып кӛрсету керек.
Жалпы орта мектепте білім мазмұнын, оқыту үдерісін, оқу бағдарламалары
мен жоспарларын және оқу құрылымын ықшамдап тиімділеу республика
бойынша жалпы орта мектептерде дене тәрбиесі сабағы бойынша білім
жаңаша кӛзқарасқа ие болды.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесі - оқушылардың денсаулығын
жақсартуға, қозғалыс жүйелерінің жан-жақты жетілуіне, ӛзі таңдаған спорт
түрімен айналысуға, дене мәдениетін қалыптастыруға, белгілі жетістіктерге
жетуге, еңбек пен әскери міндетті атқаруға дайындалуына бағытталған
арнаулы тәрбиелік үдеріс.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушыларды
жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Мектеп оқушыларында
дене мәдениетін қалыптастыру оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін
меңгеруін кӛздейді.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастыру үшін
мынадай іс-әрекеттер атқарылады:
-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
-ӛмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
-қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;
-дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
-денені шынықтыру жаттығуларымен ӛз бетінше шұғылдануға қажетті
қабілетті үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін
арттыру;
-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық
үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыруда
дене жаттығуларын қолдану жиі жүргізіледі.
Дене жаттығулары - белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін
шешуге)
бағытталған
үздіксіз
бір-бірімен
байланысқан
қозғалыс
қимылдарының жиынтығы.
Дене жаттығуының ең кӛбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол
жаттығуды орындауға қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі
сипаттамасының бӛлінумен:
1.
белсенді еттер салмағының кӛлемімен;
2.
еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);
3.
жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.
249
Белсенді еттер салмағының кӛлеміне байланысты дене жаттығуын
шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет кӛлемінің үштен бірінен азырақ
қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет кӛлемінің
жартысынан астамы қатысқанды) деп бӛлінеді. Спорттық жаттығулардың
басым кӛпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға
қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар
1.
статикалық және
2.
динамикалық болып бӛлінеді.
Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді
(мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.
Дегенмен де дене жаттығуының кӛпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру,
жузу) болады.
Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең
жоғары ұзақтығы кӛрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық -
күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бӛлінеді.
Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық
немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары
немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды.
Күшті барынша кеп кӛрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы
бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі
үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде кӛрінетін динамикалық
жаттығулары шапшаңдық - күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің
барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын
(статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен
жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең кӛп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут
аралығында болады. Шыдамдылық жаттығуына қимылды іске асыратын
еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп
болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше
минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызады
Сондай-ақ жалпы дене жаттығулары дегеніміз - адам тұлғасының жекелей
дене бӛліктеріне берілетін күрделі емес қимылдарынан тұратын арнайы
гимнастикалық жаттығулар жүйесін айтамыз. Жаттығу адам ағзасын жан -
жақты сауықтыруға бағытталады. Жалпы қимылдар дене мүшесінің
анатомиялық құрылысына сай түрлі жылдамдықпен, амплитудамен және
бұлшық ет керілуінің әр түрлі деңгейімен орындалады. Жалпы дене жаттығуын
қолданудың мақсаты - ағзаның морфофункционалдық жеке дамуы және
жаттығушылардың едәуір күрделі қозғалыс қимылдарын игеруге даярлау.
ЖДЖ педагогикалық жүйеде дене тәрбиесі пәні бойынша мектепке дейінгі
мекемелерде, мектеп, орта және жоғары оқу орындарында сабақ құрылымында
ағзаны шынықтыру мақсатында кең қолданылады. Спорт мектептерінде кез-
келген спорт түріне таңдау жасалмай-ақ ағзаны шынықтыру құралы ретінде
сабақтың дайындық бӛлімінде кең орын алады.
Жалпы дене жаттығулар жүргізу әдістемесі. Дене тәрбиесі пәнінің
жоспарына сай гимнастика спорт түрі бойынша жоспарланған негізгі сабақтар
мен кез-келген дене тәрбиесі сабағының дайындық бӛлімінде жалпы дене
250
жаттығулары түрлері мен кешендері орындалып жүргізіледі. Жекелеген
жаттығулар немесе олардың түрлері ағзаның дене қасиеттерін жан-жақты
дамыту үшін орындалады. Жаттығу кешендері дене тәрбиесінің негізгі білім,
тәрбие және сауықтыру міндеттерін шешу үшін құрылады.
Жалпы дене жаттығулары түрлері немесе кешенін таңдауда жаттығулардың
неге бағытталғанын, ӛткізетін орны мен уақытын, сонымен бірге
жаттығушылардың жынысы мен дене дайындығын есепке алу керек.
Ең әуелі, кешенге кіретін жаттығулардың неге бағытталғанына қарай
отырып, олардың кӛлемі мен мазмұнын анықтап алу керек, сӛйтіп қажетті
жаттығуларды таңдап алып, олардың санын белгілеу қажет (олар кешенде 8-15
болуы мүмкін)
Жаттығулар таңдау барысында мынадай қағидаларды жетекшілікке алған
жӛн:
1) таңдап алынған жаттығулар кешеннің алға қойған мақсатына сәйкес
болуы керек;
2) жаттығуларды олар жаттығушыларға жан-жақты әсер ететіндей етіп
таңдаған дұрыс (бұлшық еттердің барлық топтарына әсер етіп, негізгі дене
қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек);
3) жаттығулар қолайлы болуы керек, яғни жаттығушылардың жасына,
жынысына және дене дайындығына сәйкес болуы керек.
Жалпы жетілдіру жаттығуларға үйрету барысында мына қағидалар қатаң
сақталады: қарапайымнан - күрделіге, жеңілден - қиынға. Кешендегі
жаттығулар ретін анықтау барысында мына қағидаларды сақтаған жӛн:
1) кешенде бірінші кезекте дұрыс дене тұрқын сезіне білуге арналған
жаттығулар топтастырылады;
2) үлкен бұлшық ет топтары қатысатын қарапайым жаттығулар
орындалады яғни аяқ ұшымен барынша жоғары бір орында жүру; алға еңкейіп
және қол қимылдары арқылы отырып-тұру; еңкейіп тұрып аттап түсулер және
т.б.);
3) кешендегі келесі жаттығулар әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған
жаттығулар болғаны жӛн (қол, иық белдеу, арқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне
арналған). Сонымен қатар жұмысқа біртіңдеп дененің әр түрлі бӛліктерін
қосу керек.
4) Кей жаттығулар біршама артық қарқындылықпен және қиындатылып
жасалады. Жаттығулардың мұндай орындалу тәртібі түсірілетін салмақты
біртіңдеп ұлғайтуға және дененің әр түрлі бӛліктерін кезекпен жұмысқа
қосуға мүмкіндік береді. Бұл бұлшық ет күшінің тиімділігін арттырады және
жұмысқа қосылған бұлшық еттердің белсенді демалуы үшін қолайлы
жағдай туғызады;
5) бұдан кейін кешенге дененің барлық бӛліктеріне арналған 2-3 едәуір
қарқынды және күрделі жаттығулар еңгізіледі;
6) әдетте күштік сипаттағы жаттығулар тартылуға арналған
жаттығулардың алдына келуі керек, себебі бұлшық еттерді алдын ала
қыздырып алмаса, бұлшық ет талшықтары мен сіңірлердің созылып кетуі
251
мүмкін. Қарқынды жұмыс атқарылғаннан кейін босаңсуға арналған
жаттығулар жасаған дұрыс;
7) кешеннің соңында орташа қарқындылықтағы жаттығулар орындалады.
Кешенді дұрыс дене тұрқын сезінуге мүмкіндік беретін жаттығулармен
аяқтаған жӛн.
Сонымен жалпы дене жаттығулары дене мүшелерінің орналасу тәртібіне
сай тӛмендегідей бӛлім жаттығуларынан тұрады:
1) бас немесе мойын жаттығулары;
2) қол және иық белдеуі жаттығулар;
3) арқа және іш бұлшық еттері жаттығулар;
4) бел және жамбас жаттығулары;
5) аяқ және аяқ басы жаттығулар.
Жалпы дене жаттығулары дене мүшелерінің орналасу тәртібіне сай
жоғарыдан тӛмен қарай орындалады.
Жаттығудың әрбір бӛліміне үлгі ретінде негізгі жаттығулар түрлері беріліп
отыр.
Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты және дене ақауының
болмауы ғана емес, дененің рухани және әлеуметтік аман-саулықтың, дене
мәдениетінің бүтіндей жағдайы ретінде дәлелдейді.
Шын мәнінде жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесін
қалыптастыру бұл оқушылармен педагогикалық-тәжірибелік жұмыс жүргізуде
ұмтылыс жасайтын мақсатты мұратымыз деп есептейміз.
Демек, оқу-тәрбиелеу үдерісінде дене мәдениеті және спорт түрлеріне
баулу және қызықтыру, оқушылардың денсаулығын жақсартып, оқуға деген
қабілетін жоғарылата отырып сапалы білім беру – жалпы халықтық міндет деп
санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |