Әдебиеттер
1.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Егеменді Қазақстан 19.01.2014 ж
2.
Касымбекова
С.И.,
ТелеугалиевЮ.Г.
Государственные
общеобразовательные стандарты среднего образования Республики
Казахстан: Физическая культура / Алматы: РОВД, - 2002. – С. 352-360
3.
Атаев К.А. Балалардың жүйелі түрдегі дене тәрбиесі. // Ғылыми
практикалық конференцияның тезистері. Ташкент. Джизак, 1991. 21 б
4.
Жилко Ю.С. Формирование потребности в непрерывном физическом
совершенствовании
старшеклассников
общеобразовательных
школ;
Автореф. дис. пед. наук. - Рига, 1989 -19 с
5.
Биданов Д.В. Планирование учебного материала по физичекой культуре в
школе. Методические рекомендации.- Шымкент, 1991, с 1-9
6.
Егизбаев Ж. Системное использование средств физической культуры для
укрепления здоровья школьников. Автореф. канд. пед. наук, 1989. С.1-25
7.
Тайжанов С. Дене тәрбиесі сабағында қозғалыс ойындарын ӛткізу. //
Молодежь–Спорт-Здоровье
/Материалы
Международной
научно-
практической конференции. – Алматы, 2002 74-76 б
252
8.
Хмель Н.Д.Педагогический процесс как обьект деятельности учителья:
Уч.пособие для студентов и преподавателей пед. институтов.-Алма-Ата,
1978. – 126 с
9.
Касымбекова С.И. Использование средств физической культуры в
формировании здорового образа жизни школьников (сборник статей)
Алматы: Международная научно-практическая конференция ―Проблемы
оздоровления человека и общества‖ 1998, с. 22
10.
Оңалбеков Ж.К. «Болашақ мұғалімдерді дене шынықтыру-сауықтыру
жұмыстарының ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми-педагогикалық
негіздері» п.ғ.д. ғылыми дисс авторефераты. Түркістан – 2007
11.
Қарақов А. Студенттердің дене тәрбиесінде күрестің ұлттық түрлерін
пайдалану. Дисс…п.ғ.к.: – Алматы, 1999.- 151 б
12.
Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби
дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. П.ғ.д. автореф. Түркістан,
2008
Резюме
Определение научно-методических основ применения физических
упражнений в развитии физической подготовки обучающихся в ситеме
образования
Summary
Scientific-methods uses of body exercises by growing body strategy of pupils
ӘӚЖ 128
КӚНЕ ТҤРКІЛІК ЕСІМДЕРДІҢ ЛЕКИСКАЛЫҚ ҚҦРАМЫ
Досжан Р.А., Джантаева Р.Қ.
Кӛне түркі тіліндегі кісі есімдерінің лексикалық құрамы түрлі тілдердің
элементтерінен тұрады. Осы орайда кӛне түркі есімдері деген ұғымның
мазмұнын анықтап алуға тура келеді. Қай заманада болсын тілдің лексикалық
құрамы кірме сӛздермен толығып отырған. Ондай жағдайлар кӛне түркі
заманына да тән. Орхон-Енисей жазбаларының сӛздік құрамында санскирт,
тибет, қытай т.б. тілдердің элементтері болса, кейінгі ғасырлардағы түркі жазба
мұраларында түркілік тӛл сӛздермен қатар, араб, парсы тілдерінің бірліктері
кӛптеп кездеседі. Бізге белгілі біршама зерттеулерге арқау болған М.Қашқари,
А.Югнеки, Ж.Баласағұн еңбектерінің тілі бұған дәлел.
Орта ғасырларда тарихтан белгілі болғандай, ислам дінінің кең қанат
жаюымен Орта Азия елдері мен Қазақстан аймағында араб тілінің элементтері
тілдік қорға біртіндеп ене бастаған. Осы тілде ғылым мен білімнің дамуы,
ислами мәдениеттің ӛркендеуі қоғамдық санаға ӛзіндік ықпалын тигізіп
отырды. Ал қоғамдық санадағы жаңалықтар қашан да кісі есімдерінің ӛн
бойынан кӛрініп отыратыны заңдылық. Қазақ халқында, сонымен бірге діндес,
туыстық тегі бір түркі халықтарының ат қою дәстүрінде ортақ жайттар ӛте кӛп.
Осы тұрғыдан алғанда сырттан енген есімдер дыбыстық тұлғасы жағынан да,
253
мағыналық жағынан да түркілік болмысқа негізделіп, жаңаша сомдалып
отырды. Мысалы, араб тілінен енген Ъали есімі қазіргі қазақ тіліне түрлі
дыбыстық нұсқада енді. Мысалы, Ғали, Қали, Әли осы бір ғана есімнің түрлі
нұсқалары. Осы орайда қазақ тіліне ислам дінінің енуі жолдарына қысқаша
тоқтала кетуге тура келеді. Біз ислам діні қазақ даласына оңтүстіктен ӛзбек
жері, яғни қожа-молдалар арқылы және батыстан татар діндарлары арқылы екі
бағытта енгенін тарихтан білеміз. Осы бағыттар бойынша Ғали Қазақстанның
батыстық нұсқасы да, Әли Оңтүстікке тән нұсқасы болып табылады. Егер қазақ
тілі дыбыстарының тарихына кӛз салар болсақ, тӛл лексикамызда сӛздің
абсолют басында ә мен ғ дыбыстары қолданылмайды, демек Қали есімі қазақ
тілінің антропонимжасадық игеру заңдылықтары бойынша ғ дыбысының қ-ға
айналуынан жаңаша сомдалған қазақы нұсқасы болып табылады. Сӛйтіп
тілімізде, ілгеріде атап ӛткеніміздей, араб текті бір есімнің үш түрлі дыбыстық
нұсқасы жасалғаны байқалады.
Дыбыстық тұрғыдан кірме есімдер осылай жаңаша бір сипатқа ие болса,
мағыналық жағынан да жаңа ұғым-түсінікке сай ӛзгеріп отырды. Мысалы, осы
есімнің артындағы прототип тұлға – Мұхамет пайғамбардың күйеу баласы,
ӛзінен кейінгі халифтердің бірі – атақты Әли болатын. Қазақ халқына оның
адами болмысы діни қауым ӛкілдерінің таратуы бойынша емес, аңыз, жыр-
дастандар арқылы жетті. Осы орайда тағы бір айта кететін мәселе, шығыстық
дастандардың арғы тегі тікелей парсы мәдениетімен байланысты шыққанын
тарихтан білеміз. Ал парсы жұрты дінді адамзат баласына әкелген Алланың
расулы Мұхамет пайғамбардан гӛрі Әлиді жоғары бағалайтыны белгілі.
Шығыстық дастандарда кӛбіне діненнен гӛрі батырлық ерлік мәселесі баса
айтылатын. Осыдан келіп, қазақтың ұғымында Әлидің дін үшін күрес жүргізген
қайраткерлігінен, батырлық сипаты басымырақ орын алды. Сондықтан, қазақ
есімі ретіндегі Әли негізінен Алпамыс, Қобланды, Қамбар т.б. секілді
есімдермен мағыналас. Кірме есімдердің кӛпшілігі осылайша сыртқы формасы
қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкестенсе, мазмұны жағынан ұлттық
ұғымдармен үндесіп кетті.
Қазақ тіліндегі есімдердің негізінен кӛпшілігі түркілік негізден бастау
алады. Қазіргі таңда олардың тұлғалары кӛнерген, сондықтан шығу тегіне
қарап, кӛне түркілік есімдердің қатарына жатқызамыз. Кірме сӛздерден
болғандары және тікелей есім түрінде енгендерінің де алуан түрі кездеседі.
Сондықтан, қазақ тілінің сӛздік қорындағы кісі аттарын лексикалық құрамы
бойынша саралағанда тӛл және кірме есімдер ең бірінші ойға алынады. Кӛне
тұлғалы қазақ есімдерінің шығуы, қалыптасуы туралы мәселеде тӛл есімдердің
ӛзіндік орны бар: тілдік тұрғыдан олар құрылымдық жүйесімен ерекшеленеді
де, тілден тыс факторлар тұрғысынан халықтың салт-санасы, ұлттық дәстүр-
дүниетанымымен сабақтасып жатады. Ал антропонимдік қордағы есімдердің
(тӛл және кірме) мазмұнын тұтастай алып зерделер болсақ, онда сақталған
ақпараттар арқылы халықтың тарихы мен бүкіл материалдық игіліктері, руһани
болмысы анықталады.
Бұл орайда кірме есімдер жӛнінде де айтылуға тиіс жайлар бар: мысалы,
қазақ есімдерінің құрамында бірнеше тілдің элементтері болса, олардың
254
әрқайсысының ену, қалыптасу тарихы мен қоғам тарихы арасында тығыз
байланыс бар. Жекелеген тілдің элементі бола отырып, кісі аттары сол елмен
арадағы тікелей немесе жанама (келесі бір тіл арқылы енген) байланыстың
айғағы ретінде де, ӛзінің антропонимдік мағынасы арқылы сол елмен арадағы
қатынастың мазмұны ретінде де құнды. Мысалы, сӛздік қорымыза сақталған
бірліктердің арасында монғол тілімен байланыстыларын қазіргі тіл тарихын
зерттеушілер үлкен екі дәуірге бӛліп қарастырып жүр: «біріншісі – кӛне дәуір
де, екіншісі – ХІІ ғасырдан кейінгі, яғни Шыңғыс хан бастаған – монғол
шапқыншылары Қазақстан мен Орта Азия жерін және оны мекендеген түркі
тілдес руларды жаулап алып, үстемдік жасаған дәуір. Егер бірінші дәуірде
түркі, монғол тілдерінің, соның ішінде қазақ тайпалары тілдерінің шығу тегі,
базистік лексиканың, түбір тұлғалар мен сӛз жасаушы моделдердің туыстығы,
ортақтығы немесе сәйкестігі сӛз болса, екінші дәуірде бұл тілдердің
жоғарыдағы тарихи жағдайларға байланысты ықпал-әсері, ӛзара ауыс-түйісті
қарастырған дұрыс болады» [1, 56 б.].
Қазақ есімдерінің лексикалық қорындағы моңғол тілімен байланысты
кӛне антропонимдерді тілдік тұрғыдан талдағанда, осы екі түрлі байланыстың
белгілерін кӛреміз: біріншіден, екі халыққа ортақ тілдік моделдердің, ұлттық
дәстүр мен дүниетанымның белгілері кӛрініс береді: екіншіден, жорық
жылдарына тән лексика: әскери шен, атақ және қару-жарақ атауларынан болған
есімдер.
Тілімізде қолданылып жүрген монғолмен ортақ сӛздер кӛп. Енді солардың
антропонимге айналған кейбіріне тоқталып кӛрелік. Монғол-қазақ тілдеріне
ортақ создерден болған антропонимдер:
Аға (монғ. ақа > ах (аға) [2, 112-120 б.]
Ағабек, Ақатай, Ақажан түрлерінде қолданылады;
Бӛле (монғ. бүле > бүл (бӛле) Бӛлебай, Бӛлетай секілді біріккен тұлғалы
антропонимдер құрамында кездеседі;
Дӛнен (монғ. дӛнӛн > дӛнен (мал) Дӛненбай, Дӛнентай секілді біріккен
тұлғалы антропонимдердің бір сыңары ретінде қолданылады;
Елші (монғ. елчі > елч (елші) [2, 112-120 б.].
Елшібек, Елшібай антропонимдерінің кұрамында кездеседі.
Есен (монғ. эсэн (аман-есен) Есен тұлғасында синонимі Аман. Түрлері:
Есентай, Есенжан, Есенәлі, Есенбай, Есенғали (Ешенғали) т.б. біріккен тұлғалы
антропонимдердің компоненті ретінде кездеседі;
Бадал. (монғол тобына жататын бурят тілінде бодо тұр (встать), ал монғол
тілінде: босох (түру, түрегелу) тұлғасында тоқталу, бӛгелу мағынасында [3, 38
б.].
Қазіргі кезде Бадалов, Бадалбаев секілді фамилиялар құрамында
кездеседі.
Мӛңке (монғ. күміс ақша) [2, 322 б.].
Мӛңке ақшаға, дүниеге бай, күмістей асыл болсын деген мағынада
қойылған. Синонимдері: Теңге, Теңгебай, Теңгеш;
Кірме антропонимдердің енді бір тобы кӛне еврей тілімен байланысты.
Ілгеріде атап ӛткеніміздей, еврей тілінен кісі аттары араб-парсы тілі арқылы
255
ислам дінінің ӛркендеп, қанат жаюымен бірге келді. Қазақ халқының арасына
ислам діні кенжелеп келді, дамуы баяу еді десек те, алғаш сонау Қарахан
мемлекеті тұсынан – X ғасырдан бастау алып, қанат жая бастағаны шындық.
Библия мен Құран мазмұнындағы сабақтастықтың нәтижесінде, еврей тіліндегі
кісі аттары түркі тілдес халықтардың қолданысына енді. Тілімізге сіңісіп,
кеңінен орын алған ондай антропонимдердің біразы тӛмендегідей:
Айша (ар. Гайше – кӛне евр. Айше – ұзақ ӛмір сүруші, ӛмірге құмар,
құштар. Түрлері: Ғайша, Қайша).
Дәуіт (кӛне евр. Сүйікті, сүйген, ғашық болған мағынасында)
антропонимдер:Дәуіт, Дәуітбай, Дәуітәлі;
Жанна (кӛне евр. – Кептер, Кӛгершін). Жанна тұлғасында қолданылады.
Кӛне еврейден антропонимдер араб-парсы тілдері арқылы енгенін ілгеріде
атап ӛткенбіз, бұл тілдерден сонымен қатар, діни және тағы басқа
тақырыптардағы ӛзге де кісі аттары келді.
Араб тілімен байланысты кісі аттары:
Аян (ар. әйан – айқын, ақиқат) [4, 155 б.]. Аян тұлғасында қолданылады.
Ақыл (ар. ғәқыл – адамның ойлау қабілеті). Ақыл сӛзі негізгі мағына
ретінде алынған, дара тұлғалы Ақыл, біріккен тұлғалы Ақылбек, Ақылбай,
Ақылтай секілді антропонимдер бар.
Алуа (ар. Халуа – жаңғақ дәнінен қант немесе бал қосып істелген тәтті
тағам) 5, 23 б.]. Алуа дыбыстық ӛзгеріспен жетіп отыр, бастапқы тұлғасына
Қалуа варианты жақындау.
Азамат (ар. ғәзәмәт – 1. Белгілі бір мемлекеттің азаматы; 2. Жасы
кәмелетке келген адам) [5, 23 б.]. Антропоним: Азамат.
Бақыт (ар. бақ, дәулет, ырыс, несібе). Антропонимдер: Бакыт, Бақытбек
Бақтыбек, Бақытгүл – Бақтыгүл, Бағашар, Бағымша, Гүлбақыт, Бақкелді т.б.
секілденіп келеді.
Жамал (ар. джәмал – кӛрік, әсем, келбет) жеке тұрып Жамал,
компоненттері жалғанып Гүлжамал, Айжамал, Нұржамал, Бижамал, Жамалхан,
Жамалбек, Жамалбай секілді антропонимдер жасалады;
Камил (ар. камел — толық, кемел, жеткілікті) Кемел, біріккен тұлғалы
Кемелхан, Кемелбек, Кемелбай, Бикемел секілді антропонимдер бар.
Рақым (ар. рәхім – мейірім, мүсіркеу, мархабат, жан ашу т.б.). Рақым,
Рахым дыбыстық тұлғаларында қолданылады. Бай, бек, хан, жан секілді
антропоним жасаушы тұрақты компренттерді жалғап, бірнеше түрде
қолданылады.
Сақы (ар. сәхи – кеңпейіл, акқӛңіл, жомарт) Сақы, Сақыбай түрлерінде
кездеседі.
Парсы тілінен енген антропонимдер: Абат (п. абат Ел қоныстанған
құнарлы, шаруаға қолайлы мекен) Абат, Абатжан, Абатнұр тұлғасында
қолданылады.
Азат (п. азад — еркін, басы бос, бостандық). Азат есімі жеке тұрып
қолданылады. Біріккен тұлғалылар: Азатхан, Азатбай;
256
Ақан (п. аһән — темір). Ақан, Ақанай, Ақанәлі тұлғаларында
қолданылады. Мұның қазақ тіліндегі нұсқасы ретінде темір сӛзімен байланысты
антропонимдерді атауға болады.
Ақын (п. ахун — ӛлең шығарушы). Ақын, Ақынжан, Ақынбек, Ақынтай
тұлғаларында қолданылады;
Рауан (п. рэван — таңның қылаң тартып, ата бастаған кезі, бозарып атуы)
[5, 145 б.] Рауан тұлғасында қолданылады;
Шарқат (п. чәрқад — әйелдің бас киімдерінің бір түрі). Шарқат
тұлғасында қолданылады. Кӛне түркілік антропонимдер арасында ӛзге
тілдермен байланыстылар саны мұнымен шектелмейтіні, керісінше олардың
кӛптеп саналатыны белгілі. Бұл қазақ тіліндегі кірме антропонимдердің негізгі
топтары осылар болып табылады. Кӛне түркі дәуірлерінен жеткен есімдердің
лексикалық құрамы түрлі тілдерге тән элементтерден тұрса, соларға түркілік
сипат беріп тұрған тілдік механизмдер – дыбыстық және мағыналық
құбылыстар. Сол дәуірдерден қазіргі тілімізге жеткен есімдерді біртұтас қазақ
есім ретінде тануға мүмкіндік беретін де – антропонимжасамның осы
ерекшеліктері.
Әдебиеттер
1.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. –Алматы: «Ана тілі», 1998ж. -
304.
2.
Базылхан Б. Алтай тӛркіндес тілдердің ортақтығы туралы мәселе// ҚР.
Ғылым министрлігі – ҒА Хабарлары. Тіл әдебиет сериясы, 1996 №2.112-120
б.
3.
Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сӛз. - Алматы, 1994. 304 6.
4.
Жанұзақов Т. Есіміңіз кім? Ваше имя?. - Алматы: Қазақстан, 1989. 210 б.
5.
Бекмұхаметов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сӛздері. - Алматы, 1977. - 200.
Резюме
В этой статье рассматриваются лексическое строение антропонимов в
древнем тюрком языке, приспособляемость антропонимов, взаимствованных
из языков арабского и фарси в казахском языке, их приспособляемость с
фонетической точки зрения закономерностям тюркских языков и
приобретение новой характеристики значений
Summary
Lexical structure of anthroponomys in old Turkic languages, in Kazakh
language borrowed from Arabic and Pharsi languages, their obedience from
phonetical point of view to Turkic languages and acquiring new characteristics of
their meaning
257
ӘӚЖ 343. 359 (574)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕНІҢ КӚРІНУ ДЕҢГЕЙІ
Магистрант Джумабаев С.
Заң ғылымдарының кандидаты Паридинова А.
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет
Шымкент қ., Қазақстан
Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде
жастардың ӛсіп-ӛркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды құрып,
нағайтуды кӛздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекетке ең алдымен
концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті
іске асыру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін
тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, жастар саясатының
тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.
Жалпы Қазақстан Республикасының жастар саясатындағы әлеуметтік
жұмыс жүргізу мәселесін қарастырмас бұрын, жалпы жастар саясатының
қалыптасу барысына талдау жасағанымыз жӛн болады. Бұл жастар саясатының
жалпы кӛрінісін, осы саладағы шешілмеген сұрақтар буынының сипаты мен
кӛлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің кӛбінесе жастармен қарым-қатынасы басқа елдердегідей,
жастар мәселесінің спецификалық шешімі қоғамның саяси-әлеуметтік
құрылымдарымен ерекшеленетіні белгілі. Сондықтан да Қазақстандағы
мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу және іске асу ерекшеліктерін осы
салаға ретроспективті талдау жасау арқылы кӛре аламыз.
1990 жылдарға дейін жастармен жұмыс істеудегі кӛптеген функцияларды
комсомолдың атқарғаны белгілі.
Жастармен жұмыс істеу барысында комсомол саяси-әлеуметтік жүйенің
барлық саласында ӛте жоғары тәжірибе жинақтағанын атап ӛтуіміз қажет.
Жасӛспірімдерді патриотизмге, еңбекке, әдептілікке, дене даярлығына
тәрбиелейтін кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесі мүлтіксіз жұмыс
істеді. Комсомолдың тарихи тәжірибесі мен нақты іс-әрекеті оның кеңестік
қоғамдағы орны мен маңызын айқындап, жалпы алғанда жастардың рухани
дамуын қанағаттандырды деп айтсақ қателеспейміз. Студенттік құрылыс
отрядтарын, оқушылардың ӛндірістік бригадаларын, жоғары кластардың еңбек
және демалыс лагерлерін; «Золотая шайба», «Кожанный мяч», «Белая ладья»
спорттық клубтарын; «Студент және ғылыми-техникалық прогресс»
конкурстарын; қоғамдық мамандықтар факультеттерін; жас жазушылардың,
композиторлардың, кинематографтар мен басқалардың отырыстарын;
мәдениет, ғылым, техника, ӛндіріс және ӛзге де салаларда еңбек ететін жастарға
сыйақы тағайындау сияқты тиімді түрлерін комсомолдың пайдалы жұмысы деп
атауға толық негіз бар[1, 78 б].
258
Жоғарыда кӛрсетілгендердің барлығы бір мақсатты – жас патриоттар
буынын қалыптастыру, балалар мен жастарды шығармашылық еңбекке және
Отанды қорғауға, ӛз елінің тарихы мен мәдениетіне шынайы сезімін
тәрбиелеуді кӛздегені рас. Мысалы, тек осы жастардың араласуымен ел ішінде
жаңа қалалар, энергетикалық, әскери-ӛндірістік комплекстер құрылды, тың
игерілді. Сондықтан бүгінгі жастардың патриоттық тәрбиесіне комсомол
тәжірибесінің берері мол деп есептейміз.
Жалпы комсомолдың жастар тәрибесіндегі орны мен маңызы туралы
айтқанда, оның іс-әрекетінің біржақты болмағанын атап ӛтуіміз керек. Ол
кӛбінесе мынадай факторлармен, яғни комсомолдың барлық іс-әрекетінің
негізінде саясаттандыру және идеологизациялау жатқандығымен, жастарды
демографиялық-әлеуметтік топ ретінде қатаң бақылауда ұстауымен
ерекшеленді.
Сондықтан 1980 жылдардың аяғында комсомолда келесі қарама-
қайшылықтар туындады:
– орталық бас ұйым және одақішілік басқарма арасындағы кейбір
мәселелер бойынша келіспеушіліктің жиілеуі;
– Одақ мүшелерінің санының артуы, ұйымды басқару механизмдеріндегі
олқылықтар;
– ұйымның ішкі құрылымындағы бюрократиялық құбылыстың ӛршуі;
ұйым жұмысындағы ӛз бетінше әрекет ету механизмдерінің болмауы.
Дегенмен, комсомолдың саясатындағы жағымсыз тұстар оның жалпы оңды
іс-әрекетін ӛзгерте алмайды. Сондықтан да осыны мойындай отырып және де
қазіргі Қазақстанның даму ерекшелігін ескере отырып, комсомол мен пионер
ұйымдарының кӛптеген тиімді бағыттарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін, жұмыс
істеу механизмін қайта құру қажет.
Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты
концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы
қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі
бӛлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген
«Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
-
жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
-
жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
-
әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
-
жастардың денсаулығын қорғау;
-
жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
-
жас отбасыларды қолдау;
-
жастар саясатының инфраструктурасын дамыту.
Бұлбағдарламаныңмақсатымемлекеттікжастарсаясатыніскеасыратынқұқық
тық,
экономикалық,
ұйымдастырушылықмеханизмдерінойластыру.
Осы
бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен,
халықаралық ұйымдардың грандтарыннан бӛлінуі тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант пен кредиттің санын екі есеге дейін ӛсіру
мен студенттік стипендияны ең аз жалақының деңгейіне кӛтеру ұсынысы ӛте
ӛзекті де қажетті мәселе болып отыр. Сонымен бірге жастар арасындағы
259
кәсіпкерлікті дамытуда кредиттік және салықтық жеңілдіктер беру күн
тәртібіндегі мәселе екені рас.
Соңғы уақыттағы қабылданған «Жастар туралы» заң жастар ұйымдарының
пікірінше қордаланған жастар мәселесін шешуге және олардың білім, медецина,
еңбек нарығындағы қызығушылықтарын қорғауға ат салысады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын
ӛкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын
кӛрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне
айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса,
олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.
Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан
құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы
орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, ӛкілеттік ӛкімет органдарының
назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы – Қазақстан
Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты
департаментінің құрылуы болды.
Үкімет жанынан құрылған осы уәкілеттік органда қоғамымыздың кӛптеген
әлеуметтік, бірінші кезекте ӛспірімдер мен жастардың мүддесі мен құқығын
қорғауға қатысты проблемаларды шешуде балалар, жастар және басқа да
үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Мұндай жұмыстың бетке ұстары ретінде, Қазақстанның болашағы үшін
республикалық жастар қозғалысының жемісті еңбегін кӛсетуге болады.
Жастардың патриоттық сезімін, ӛз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда
олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан, билік
ӛкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын
жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы ӛзара әрекеттестіктің
біріне - әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін жастар
мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда жастардың ӛз
ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да
белгілі[2, 297 б].
1999 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 73
жарлығымен, қазіргі күнде республикалық жастар саясатының негізгі құжаты
болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар
саясатының концепциясы» қабылданды. Концепция тәуелсіз мемлекеттік
жастар саясатының жаңа приоритеті мен стратегиясын анықтап берді.
Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаты - жас буынның
ӛсіп-ӛркендеуі мен азаматтық қалыптасуы үшін құқықтық, экономикалық және
ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және бекіту болды.
Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі
мақсаттар бӛлініп кӛрсетілді:
1.
Жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз
ету.
2.
Жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік
құқықтарын қорғау.
260
3.
Жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
жағдайлар жасау.
4.
Жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау.
5.
Жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау.
6.
Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және
білім беру процесстеріне тарту.
Қазіргі күнде әлеуметтік қызметтің одан әрі дамуы ӛз дәрежесіне сәйкес,
құқықтық қамтамасыз етуді және жұмыс істеу тәртібін нақтылауды талап етеді.
Әрине, кӛп нәрсе бюджеттік қаржыландыру мәселесіне келіп тіреледі. Осы
орайда, Қазақстандағы жастардың әлеуметтік қызметін, тек ішкі проблемалар
аясына шектемей, халықаралық деңгейге кӛтерудің пайдасы мол болмақ.
Жастардың болашақта патриот азамат болып қалыптасуында маңызды
орын алатын аспектілердің келесі бір тетігі – жастар ұйымдарына кӛрсетілетін
мемлекеттік қолдау механизмдері. Дәл қазіргі уақытта республикамыздың
Әділет министірлігінде 157 жастар ұйымы тіркелген. Олардың бағыт-
бағдарлары әртүрлі, соның ішінде экологиялық, ақпараттық, құқықтық қорғау,
салауатты ӛмір салтын насихаттайтын, мәдени-ағартушылық болып бӛлініп
кете береді. Айталық, «ХХІ ғасыр кӛшбасшысы», «Анти-Спид», «Қазақстан
болашағы үшін», «Жастар салауатты ӛмір салты үшін», «Жастар таңдауы»,
«Ұлттық пікірталас орталығы», «Жастар парламенті», «Қазақстан жас лидерлер
ассоциациясы», «Қазақстан жастар одағы» т.б. осындай ұйымдар республика
кӛлемінде жұмыс атқаруда.
Оның үстіне жастардың діни сана-сезімі де үлкен ӛзгерістерді бастан
кешіруде. Бүгінгі таңда мемлекетімізде діни бірлестіктердің саны 3 000 мыңға
жетіп, ал діни конфессиялардың 40–тан астам түрі тіркелген. Қазақстанда
соңғы жылдары діни институттардың саны мен сапасы артып қара кӛз қазақтың
500 мыңға жуығы басқа діннің ӛкіліне айналған. Бір алаңдататыны олардың
арасында жастарымыздың саны кӛбейгендігі.
Десе де жастар ұйымдарының қоғамдық-саяси процестерге ықпалы тӛмен
деңгейде қалып отыр. Сондықтан Қазақстан жастарының конгресі жалпы
қазақстандық жастардың проблемаларын мемлекеттік деңгейге кӛтеруге
мүмкіндік алып отыр. Ал, мемлекеттің міндеті Жастар конгресімен тығыз
байланыста болып жастарды барынша кең кӛлемде саяси процестерде,
әлеуметтік-маңызы бар жобаларды іске асыруда белсенді ат салысуына жағдай
туғызу болып отыр.
Демек, Қазақстан жастарының конгресі сияқты үйлестіруші органның
болуы, елімізде жүргізіліп отырған жастар саясатының тиімділігін арттырудағы
маңызды механизмдердің бар екендігінің айғағы болса керек.
Сонымен қатар, осындай жетістіктер мен бірге жастар қозғалысының
құрылуы мен ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жастар бірлестігі
арасындағы ӛзара тиімді әріптестік қатынасты жасау кезінде туындаған
проблемаларды айтпай кетуге тағы да болмайды.
Жалпы «Қазақстан жастары» бағдарламасы жастардың рухани–патриоттық
тәрбиесі мен денсаулығының жақсаруына жағдай жасауды кӛздейді. Аталмыш
бағдарламаның қорытындысында жастардың азаматтық қалыптасуының
261
қанағаттандыратын қажеттіліктері, соның ішінде жұмысқа орналасуы, рухани
дамуы, сондай-ақ жастар арасындағы қылмыс пен нашақорлықтың таралуына
тосқауыл қою жолдарын қарастырады.
Дегенмен, Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын құқықтық тұрғыда
бекіту кезінде жастар туралы мемлекеттік құжаттардың бастапқы
редакцияларының қоғам мен заман талаптарына сай бірқатар ӛзгерістерді
басынан кешргенін кӛру қиын емес.
Осындай үлгіде, біз жастар саясатының нормативті-құқықтық негізіне
қатысты концептуалды регламентін, сондай–ақ мемлекет пен жастар ұйымы
арасындағы бірлескен әрекеттерін қарастырдық. Жалпы Қазақстанда осы
бағытта болашақ уақыт талабына сай келетін жастар саясатының
концепциясына түзетулер мен қосымшаларды ендірудің қажет екенін кӛреміз.
Мемлекеттік
жастар
саясаты
әлеуметтік
саясат
ретінде
тек
компенсаторлық механизмге жиынтық болмауы керек. Ол жас ұрпақтың
шығармашылық мүмкіндігіне сүйенетін белсенді инновациялық және ӛндірістік
аспектіден тұруы керек. Ӛз ретінде бұл қоғам ресурстарын стратегиялық
тұрғыда дамытатын мемлекеттік жастар саясатын құруға мүмкіндік береді.
Жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі ролі негізгі
мақсаты нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған жастардың патриоттық
рухты кӛтеруге негізделген жобаларын қаржыландыруда. Сонымен бірге, ӛз
мәселелерін ӛздігінен шешуді кӛздейтін, жастар мүмкіндігін арттыратын
кешенді бағдарламаларды іске асыруға кӛмегі бар құқықтық және қаржылық-
экономикалық механизмдерді құру да мемлекеттің мойнында болса керек. Бұл
бағытта жалпы шаруашылықты жүргізу жағдайында экономикалық ортаның
белгілі жеңілдіктерін алғашқы кезеңде қалыптастыру, еңбек мотивацияларын
арттыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту және кӛтермелеу
тапсырмаларын шешу сияқты мәселелер бар[3, 86 б].
Жастарды дамыту үшін қалыптасқан жағдайда жастардың ӛз іс-
әрекеттеріне жеке жауапкершілігі мен оның жеке бостандығына негізделген
қоғамдық қатынастардың кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ету талап
етіледі. Бұл жастардың саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық
белсенділігін арттырып, жастардың ӛмір жолдарын ӛздігінен таңдауларына
себеп болады.
Демек, жастар саясатының тиімділігі қоғамда қалыптасқан дәстүрлер мен
демократия принциптеріне деген сенімді айғақтап, оның ережелері мен
принциптері тӛменнен шыққан бастамаға, яғни, жастар ортасынан шыққан
бастамаларға сүйенуі керек. Ол болмаған жағдайда аталмыш саясат тек
қарапайым жария күйінде ғана қалмақ.
Осының бәрінен мемлекеттік жастар саясатының билік пен жастар
арасындағы қарым-қатынасқа негізделген қиын, әрі кӛп деңгейлі процесс
екендігін кӛреміз.
Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен ондағы
патриоттық тәрбие мәселесін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:
1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам
ӛміріне кірген жасӛспірімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, оның
262
болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой,
қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда
қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.
2. Қоғамдағы жасӛспірімнің ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛсіп-ӛркендеуін қалай
қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан қоғамы – жастардың ӛсіп-
ӛркендеуінің басты ӛмірлік потенциалы екендігін ұмытпаған абзал.
Бұл сұрақтар белгілі бір дәрежеде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясатының қоғамдық және құқықтық контекстінің
қалыптасуын бейнелейді. Сондай–ақ осы салада мемлекет тарапынан тиісті
шешім іздестіруді кӛздейді.
1. Мемлекеттік жастар саясаты бірыңғай тұжырымдама базасында жүзеге
асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылы 28 тамызда
№73 жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының
Концепциясы қабылданды.
Концепция - нормативтік-құқықтық акт емес және 1991 жылғы одақтық
заңға бұл ретте балама болып табылмайды. Бұл құжат дәл осы жағдайда
мемлекеттік жастар саясатын ӛзіне тән салалық қатаң құқықтық тұрғыда
концептуалды түрде кӛтеруі мүмкін емес.
2. Жастар туралы заңдар шығаратын мемлекеттік жастар саясатының
негізгі құқықтық базасы біртіндеп жаңара түседі. Бұл бағытта негізгі тұжырым
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде кӛрсетілген (жалпы
бӛлімі). Жастар мен олардың ұйымдарының құқықтық мәртебесінің негізі дәл
осындай жолмен заңды түрде бекітіліп жүруі ұсынылады. Сол кезде
мемлекеттік жастар саясатының заңдылықтары мемлекеттің іс-әрекетінің негізі
ретінде қалыптасады.
3. Республиканың жергілікті атқару органдары мемлекеттік жастар
саясаты аясында жергілікті жерлерде жастарды патриоттық үлгіде тәрбиелеу
ісінде жүйелі бағыт ұстануы тиіс. Ал дәл қазіргі жағдайда бұл маңызды процесс
кӛбінесе мемлекеттік жастар саясатының орталық ӛкілетті органының
бастамасымен ғана жүргізілуде.
Қазақстан үшін мемлекеттік жастар саясатының осы реттегі мәселелері
кезек күттірмей шешуді талап етеді[4, 12 б].
Достарыңызбен бөлісу: |