Құмырсқалар кішкентай, бірақ өте төзімді және еңбекқор. Олар өмірдің кез-келген жағдайларында өмір сүре алады. Құмырсқа туралы қандай деректер білесіз? Құмырсқа жайлы 18 мәлімет Олар өздерінен 100 есе ауыр затты көтере алады. Құмырсқалар әлемдегі ең көп таралған жәндіктер. Олардың көптілігі соншалық, бір адам басына миллион құмырсқа келеді. Сондай-ақ, олар Жер бетіндегі ең көне жәндіктердің қатарына кіреді. Ғалымдардың айтуынша, алғашқы құмысқалар 100 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Жер шарында құмырсқаның 8800 түрі бар. Құмырсқаның ең жақын туысы – ара. Ең кішкентай құмырсқалардың ұзындығы – 0,07 сантиметр, ал үлкені – 5 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Құмырсқалар – өте ақылды жәндіктер. Олардың миы 250 мың жасушадан тұрады. Бұл жәндіктер күніне 5 сағат ғана ұйықтайды. Құмырсқа қышқылы медицинада қоданылады. Одан жасалған дәрілермен сүйек, тамыр және буын аурулары емделеді. Paraponera clavata деп аталатын құмырсқаның тістегені жанға қатты батады, ауырсыну бір күн бойы жалғасуы әбден мүкмін. Ұйымда әрбір құмырсқаның өз міндеті және мамандығы бар (жауынгерлер, құрылысшылар, күзетшілер, тасымалдаушылар және т.б.). Құмырсқалардың орташа өмір сүру ұзақтығы 30-90 күн, бірақ олардың кейбір түрлері 30 жылға дейін өмір сүреді. Соғыс құмырсқалары деп аталатын бұл жәндіктердің түрлері – жолында кездескен барлық тірі жандарды өлтіріп тастайды, олардың тіпті арыстанның өзі қашып кетеді екен. Егер құмырсқа жұмыс істемесе, ол илеуден қуылады. Мексиканың танымал тағамы – «Эскамола». Ол құмырсқадан жасалады және оның бір килограммы шамамен 90 доллар тұрады. Бірнеше тәулік бойы судың астында болғанымен, өміріне қауіп төнбейді. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Олардың жұмыртқаларының дәмі балық уылдырығына ұқсас, оны көбіне Азия елдерінде қуырылған немесе тұздалған түрінде тамаққа қосады.
Толығырақ: https://faktiler.kz/kymyrska-turaly-kyzykty-malimetter/
Қумырыска туралы мәлімет
Орташа өмір сүру ұзақтығы – 8-9 жыл коянның өрір сүруі
Әкесі баласынан сабақтың тапсырмаларын сұрап, әр дұрыс жауап бергені үшін 8 теңге, ал әр қате жауабы үшін 5 теңге кері алуда. 26-шы сұраққа келгенде, ешкімнің берешегі, алашағы қалмай, 0-ге, яғни бастапқы қалпына түседі. Бала қанша сұраққа дұрыс жауап берді?
жауабы
10
Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
жауабы
3 кіші ішік піштім
Жаралғанда жабысқан.
жауабы
Адамның есімі
Зеректік жұмбағы. Сандар:
1, 2, 4, 7, 28, 33, ?
Жоғарыдағы сандар қандай да бір ретпен тізілген. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан келуі тиіс?
жауабы
Сұрақ белгісінің орнына 198 саны келуі тиіс. Себебі:
1+ 1 = 2
2 x 2 = 4
4 + 3 = 7
7 x 4 = 28
28 + 5 = 33
33 X 6 = 198
Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!
жауабы
Сәлемдесу
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
жауабы
Ана сүті
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.
жауабы
Мал сойған адам
Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.
жауабы
Өрмек
Жабық көзбен нені көруге болады? Түсті
Достарыңызбен бөлісу: |