Тақырыбы: «Ортағасырлар кезіндегі әлемдік діндердің үстемдік құруы» (салыстырмалы тұрғыдан сипаттама жасау)».
Тапсырманың қысқаша мазмұны: Әдебиеттерді зерттеу барысында отандық және шетелдік, интернет ресрустарын пайдалана отырып сараптама жасау. Әрбір кезеңінің себептерін ашу. Аналитикалық осы мәселеге байланысты болжам жасай білу.
Жұмыстың мақсаты: студенттердің білімдерін жетілдіру және болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға баулу. Ғылыми тұрғыда ойлау және сөйлеу қабілетін арттыру. Өткізу түрі:студенттер өз таңдауы бойынша талдау жасау.
Бағалау түрі:20 – балл.
Өткізу уақыты: 13-шы апта.
Әдістемелік нұсқау: № 4 тапсырма материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мәліметтерін, сонымен бірге интернет материалдарын пайдалана отырып әр студент жеке орындайды.
Бағалау критериі:Максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысалдармен және өз уақытында орындалуы тиіс.
1-тапсырма: «Конфуций Қытай халқының ұлы ұстазы мен философы» Білімге үш жол алып барады: «Ойлану, оқу жолы – бұл ең парасатты жол, Еліктеу».
«Кун-цзы», яғни «Кун ұстаз» деген атақа ие болуы.
Қунфудзыщылдық дін бе, әлде философиялық жүйе ме?
Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады: даналық жолы, қайырымдылық жолы, адалдық, үлкендерді құрметтеу және қайраттылық жолдары.
Қытай жерінде туындаған – даоцизм және конфуциалдық. Бірақ, конфуциалдықтың негізін таза дінге жатқызу қиын.
2-тапсырма: «Ортағасырлардағы буддизмнің даму ерекшеліктері» Буддизмде төрт асыл ақиқат қалыптасқан:
Бірінші шындық, адамның өмірі азап (туу, ауыру, қарттық және т.б.)
Екінші шындық, азап шегудің себебі – өмірдің шөлі мен рахатқа ұмтылу.Осыған байланысты барлық құмарлық пен тілектер пайда болады.
Үшінші шындық, азапты тоқтату тек өмір сүруден бас тарту.
Төртінші шындық, азапты құтқаруға жол (дұрыс пікір және дұрыс шешім, дұрыс сөйлеу, дұрыс ұмтылу және өмір, дұрыс жол).