Миссияны әзірлеу алгоритмі 1-кезең. Миссияны әзірлеу бойынша жұмысты бастау



Дата01.11.2022
өлшемі26,05 Kb.
#46658
Байланысты:
Іс шаралар



Миссияны әзірлеу алгоритмі
1-кезең. Миссияны әзірлеу бойынша жұмысты бастау
Бұл кезеңде басшы болашаққа бағдарды негіздеп ұсынушы ретінде бастаманы өз мойнына алады. Ол мынадай мәселелерді шешуі тиіс:

  • миссияны әзірлеуге кім қатысады: басшы өз мамандарының күш-жігерімен ғана шектеледі бе, әлде сыртқы сарапшылардың, ата-аналардың, жоғары деңгейдегі басшылардың және т.б. көмегі қажет бола ма;

  • миссияны әзірлеу процесі қалай ұйымдастырылады;

  • жұмыс тобына кімдер кіреді;

  • миссия әзірлеу процесін кім үйлестіреді;

  • қолда бар ресурстар қандай: уақыт, ақша, кадрлар және т.б.;

  • бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылатыны туралы ақпарат қызметкерлердің барлығына қалай жеткізіледі.

Бұл кезеңнің нәтижесінде миссияны құру бойынша жұмыс ЖОСПАРЫ әзірленеді.
2-кезең. Миссияның жобасын әзірлеу
Бұл үшін мыналарды анықтау керек:

  • келешекте өз мектебіңізде болғанын қалайтын немесе осы салада мінсіз нәтижеге жетуге көмектесетін нәрселердің қайсысы қазір мектебіңізде бар;

  • миссияны «тұтынушылар» кім болады;

  • олар үшін нақты не істегіңіз келеді, яғни миссияның жеке тұлғалық (оқушылар үшін, мұғалімдер үшін, ата-аналар үшін) және әлеуметтік (қала үшін, еңбек нарығы үшін, әлем үшін) мән-мазмұнын ойластыру қажет.

Бұл кезеңнің нәтижесінде миссияның ЖОБАСЫ әзірленеді.
3-кезең. Миссияның жобасын талқылау
Жұмыстың бұл кезеңінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, миссия жобасын талқылауға ұжым мүшелерінің барынша көп бөлігін тарту маңызды мәселе болып табылады. Мұны пікірталастар, талқылаулар, жазбаша ұсыныстар мен ескертпелер, жекелеген топтардың пікірлері мен ұсыныстары түрінде жүзеге асыруға болады.
Осының нәтижесінде берілген ұсыныстарды саралап бағалауға мүмкіндік болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ескеріліп, миссияның мәтініне тиісті өзгерістер енгізілуі керек. Барлық өзгерістер ескеріліп, қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін, миссияның МӘТІНІ рәсімдеу үшін дайын болады.
4-кезең. Миссияны тұжырымдау және таныстыру
Миссияны ресімдеу, біріншіден, миссияның мәтіні қарапайым, сонымен қатар миссияны тұтынатын адамдар үшін тұлғалық тұрғыдан маңызды болуын қарастырады. Екіншіден, мәтін түрлі түсті және тартымды безендірілген болуы керек.
Миссияны таныстыру әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, миссияны басып шығаруға және «тұтынушыларға» брошюра түрінде таратуға болады, қабырғаға орналастырылған плакат ретінде немесе жиналыста баяндау арқылы таныстыруға болады және т.б.
Миссияны таныстырудың міндетті шарты – білім беру мекемесінің қызметтерін тікелей немесе жанама тұтынушы болуы мүмкін тұлғалар мектептің миссиясын білуі керек.
Бұл кезеңнің нәтижесінде миссия оны білуі керек адамдардың барлығына таныстырылуы тиіс.
Сонымен, мектептің миссиясы:

  • болашақтағы мінсіз мектеп бейнесіне негізделеді;

  • ұжымға ортақ құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді;

  • мектеп мәдениетімен байланысты;

  • білім беру процесіне жауапты барлық адамдардың қолдауына ие;

  • ұйымдастыру және оқыту стиліне белгілі дәрежеде әсер етеді;

  • шешім қабылдау процесі мен мектептің жұмысына басшылық жасайды;

  • мектеппен байланысты барлық адамдар үшін мектептің қаншалықты пайдалы екендігін бағалауға болатындай етіп тұжырымдалады.

Миссия бойынша жұмыс біраз уақытқа дейін ұжымның стратегиялық жоспарды әзірлеу қызметінің дербес бағытына айналуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі мәселелерді шешу маңызды:


мектеп тарихы: оның жетістіктері мен сәтсіздіктері, тәжірибесі, дәстүрлі қызмет түрлері, бітірген түлектері, орналасқан орны, басшылары (көшбасшылар, құрылтайшылар) және олардың тарихы, өмірлік ұстанымы мен көзқарасы;
мектептің құрылымы: оның ұйымдық негіздері, іскерлік байланыстары, функционалдық өзара әрекеттестік;
мектептің ішкі мәдениеті: құндылықтар жүйесі, педагогтердің бір-бірімен, оқушылармен, сыртқы әлеммен қарым-қатынас сипаты.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет