Мк -315 топ студенті



Дата09.01.2023
өлшемі14,13 Kb.
#60745
түріСабақ
Байланысты:
DOC-20221102-WA0006.


Ақтөбе гуманитарлық колледжінің


Мк -315 топ студенті
Егізбаева Гүлжайнаға
Мінездеме

Егізбаева Гүлжайна Есенжолқызы ЖОББ «Білім» мектеп - гимназиясында 10.10 – 28.10.2022ж аралығында информатика пәнінен таңдау пәні бойынша практикасынан өтті. Практика барысында информатика пәні мұғалімінің атқаратын қызметімен, күнтізбелік – тақырыптық жұмыс жоспарымен танысып шықты. 17.10.2022ж күні «Пайдаланушы интерфейсі» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында сабақ құрылымына топтық, жұптық жұмыс түрлерін қамти алды. Оқушылармен тығыз байланысты жұмыс жасай алады. Сабақтары талапқа сай, берілген тапсырмаларды уақытында орындап отырды. Сабаққа үнемі жақсы дайындықпен келіп, көрнекі құралдарды тиімді қолданып, тақырыпты оқушыларға нақты жеткізе білді. Гүлжайна болашақта адамгершілігі мол, тиянақты, ұқыпты, ізденімпаз мұғалім болатынына сенім білдіремін.


Егізбаева Гүлжайнаның 10.10 - 28.10.2022ж. аралығындағы информатика пәнінен таңдау пәні бойынша практикасын «өте жақсы» деп бағалаймын.

ЖОББ «Білім» МГ директоры А.А.Арынғазиева


Информатика пәні жетекшісі А.Н.Байсунова

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің
Мк-315 топ студенті
Егізбаева Гүлжайнаға
Мінездеме

Егізбаева Гүлжайна 10.10.2022 – 28.10.2022 ж. аралығында ЖОББ «Білім» мектеп – гимназиясыннан байқау практикасынан өтті. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Сафарғали Айкөркем Мұратқызы.


Осы педагогикалық практиканы өте отырып, 7 «г» сыныбымен жұмыс жасады. Жетекші мұғалімнің сабақтарына қатысып тәжірибе жинақтады.
Гүлжайна өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, оқушылармен тиянақты түрде жұмыс істеді. Қабілетін барынша пайдаланып, өзінің бойындағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілік сезімдерін іс - тәжірибе кезінде барынша дамытты. Математика пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырысты. Берілген тапсырманы уақытылы және тиянақты орындай білді. Қосымша сабақтарды да ұйымдастырып, үлгерімі төмен оқушылармен де жұмыс жасай алатындығын көрсетті. Ашық мінезі, оқушылар алдында өзін ұстауы, сөз саптауы болашақта маман ретінде өзін көрсетуге септігін тигізері анық.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Сол себепті ұстаз болу – жауапты жұмыс. Осы жұмысты жауапты жақсы меңгеріп, Гүлжайна келешекте жақсы мұғалім, педагог болатынына сенім білдіремін.
Егізбаева Гүлжайнаның 10.10 - 28.10.2022ж. аралығындағы математика пәнінен байқау пәні бойынша практикасын «өте жақсы» деп бағалаймын.

ЖОББ «Білім» МГ директоры А. А. Арынғазиева




Математика пәні жетекшісі А. М. Сафарғали

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет