Құмкент. Жанкент
Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым
жерде ортағасырлық Құмкент қаласының орны сақталған. Ол ХІІІ –
ХІV ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы
бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала қорғаныс
дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағында орналасқан.
Құмкентке 1256 жылы Мөңке ханға барып қайтып келе жатқан армян
патшасы Гетум І тоқтаған. Қазіргі уақытта қаланың қираған орны
(биіктігі – 20 м, ұзындығы – 450 м, ені – 300 м) төбешікке айналған.
Қалашықтың сыртқы жағында қаланы қоршаған биіктігі 1,5 – 2 м
дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені – 10 – 20
м. Жүргізілген қазба жұмысы кезінде түрлі ғимараттар орны аршылып,
ыдыстар, мөр-сақина, ұршық бастары, т.б. заттар табылды. Табылған
ескерткіштерге қарағанда, қаланы адамдар Х – ХV ғасырларда
мекендеген.
Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында ортағасырлық Жанкент
қаласының орны сақталған. Жанкент «Жаңа қала» деген мағынаны
білдіреді. Қала парсыша Дех-и-Нау, арабша əл-Қарият əл-Хадиса,
түрікше Янгикент деп аталған. Жанкент Х – ХІ ғасырларда оғыз
билеушілерінің қысқы ордасы болған. Қаланың бүгінде шығыстан
батысқа созылған, көлемі 375х225 шаршы метрлік орны сақталған.
Солтүстік-батыс бұрышындаішкі қамалы орналасқан. Сыртқы
қорғаныс қабырғасының біраз бөлігі сақталған. Оның бұрыштарында
оқ ататын қуыстары бар күзет мұнаралары орналасқан. Қала Х – ХІІ
ғасырлар аралығында өркендеген. Қаланың ХV ғасырдан кейінгі
тағдыры жөнінде ешқандай мəлімет кездеспейді.
Тараз
Орта
Азия мен Қытай мемлекеттерін
байланыстырған Ұлы Жібек жолы қазақ жерін
басып өткен. Керуен жолын бойлай өлкемізде ірілі-
ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған.
Солардың бірі əлемге əйгілі көне қала – Тараз.
Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың
шамамен
I
ғасырында-ақ
қаланған.
Қазба
жұмыстары барысында ерекше сəулетті қала
екендігі белгілі болды.
Түрлі ғимараттар мен
сəулетті құрылыстар археологтарды таң қалдырды.
Көне Тараз астынан су құбырлары, сауда дүкендері,
зергерлік шеберханалар мен монша ғимараты
табылған
. Бұлардың барлығы түрлі ою-өрнектермен
əшекейленіп, зер тастармен қапталған. Тараз X – XII
ғасырларда Қарахан хандығы заманында гүлденіп
дамыған.
Сол кезден қалған Айша бибі, Бабажы қатын,
Тектұрмас, Қарахан мазарлары, Шамансұр (Дəуітбек) кесенесі
тарихи ескерткіштер болып саналады. Көне ескерткіш – Тараз
моншасы ерекше үлгімен салынған. Монша 5 бөлмеден тұрған.
Ыстық, суық сулар қыш
құбырлармен келген.
Суяб. Сайрам
Қазақстандағы орта ғасырлардан белгілі қалалардың бірі – Суяб
қаласы. Суябтың іргесі V – VІ ғасырларда қаланған. Ол жайындағы
деректер ІХ – Х ғасырлардағы араб географтары мен тарихшыларының
еңбектерінде кездеседі. Суяб ірі саяси жəне сауда орталығы болған.
Қаланың аумағы 3 – 3,5 км. Қала 4 ғасыр бойы бірін-бірі алмастырған
ерте ортағасырлық үш мемлекеттің: Батыс Түрік қағандығы, Түркеш
қағандығы жəне Қарлұқ қағандығының астанасы болған. Суяб Ұлы Жібек
жолының бойында орналасқан. Зерттеушілер Суябтың орны Ақ Бешім
қорғанының маңында болуы керек деп есептейді.
Қазақта «Сайрамда бар сансыз баб» деген сөз бар. Ежелгі Сайрам
қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар, философтар,
əулиелер, дін таратушылар осы жерден шыққан. Бірнеше рет көшіріліп,
өзгеріске ұшыраған «Сайрам туралы рисала» атты ортағасырлық кітап
біздің заманымызға жеткен. Мұнда Сайрамнан шыққан атақты
адамдардың, қолбасшылардың, əулие адамдардың өмірбаяны, қаланың
тарихы баяндалады. Сайрамда бүкіл түркі халықтарының рухани көсемі
Ахмет Иасауи 1103 жылы дүниеге келген.
Əке-шешесі қасиетті Ибрагим ата
мен Қарашаш ананың мазарларын халық əлі күнге дейін қадір тұтады. Сайрамның X
– XIII ғасырлардағы аты – Исфиджаб, соғды тілінде «Ақсу» дегенді білдіреді.
Сайрам – орта ғасырларда қолөнермен атағы шыққан қала. Мұнда ақ мата, былғары,
қару-жарақ шығарылған. Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалған. Қаланың
құл базарларында соғыстан қолға түскен құлдар сатылған. Қалада жер асты
жолдары, хауыздар мен бақтар, үлкен мешіт, Нуджикет, Фархан, Шақпан, Бұхара
дарбазалары болған.
Баласағұн
Қазақстандағы орта ғасырлардағы белгілі
қалалардың бірі – Баласағұн қаласы. Жазба
деректерде қала Х ғасырдан бастап белгілі.
Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі
болған. Əл-Мақдиси оны «бай, үлкен қала» деп
сипаттаған. 1974 жылдан ҚазМУ археологтары
зерттеп жатқан Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын
көне қала Баласағұнның орны деген пікір
қалыптасты. Бұл қала VІ – ХІІІ ғасырларда өмір
сүрген. Қала патша сарайы орналасқан бекіністен,
шахристаннан, рабаттан тұрады. Қала сырты 2 – 3
қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған.
Шахристан бөлігіне жүргізілген қазба жұмыстары
барысында Қарахан дəуірінің (Х – ХІІ ғғ.) 3 мыңнан
астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар, т.б.
табылды. Ақсу өзенінен су тартылып, қыш құбырлар
арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды.
Орталық сарайдың шығысында əскерлер тұратын
«Төрткүл» бекінісі орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: