Өтемелі (ақылы) қызмет көрсету. Өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір кызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызметті көрсетушіге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсету шарты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда да бекітілуі мүмкін. Бұл шартты реттейтін нормалардың мағынасынан байқағанымыздай, шарттың мәнді жағдайлары болып оның пәні мен бағасы туралы жағдайлар табылады.
Шарттың тараптары – атқарушы мен тапсырысшы.Мұнда мердігерлік шарттармен белгілі бір аналогия байқалады. Бір тарапқа атқарушы мәртебесін беру оның алдағы әрекетінің шарт аясындағы тапсырысшыдан түсетін тапсырмамен алдын ала келісіліп қоятындығын білдіреді.
Атқарушылар ретінде кез келген жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Сонымен бірге біз "арнайы" субъектімен байланысып отырмыз. Егер атқарушы жеткілікті дайындықта болмаса, онда оның шартқа отыруы құқықтық маңызға ие болмайды. Тиісті емес субъектінің қатысуымен жасалған мәміле орын алған нақты жағдайларға карай сол немесе басқа бір негіздер бойынша жарамсыз деп танылуға тиіс. Мысалы, біреу тапсырысты орындау үшін талап етілетін білімдер, дағдылар және т.б. бар екендігі туралы тапсырысшыны қасақана жаңылыстыруы мүмкін, онда мәміле (өтелмелі кызмет көрсету шарты) алдау салдарынан жасалғандықтан жарамсыз деп танылуға тиіс. Жоғарыда айткандай өтелмелі кызмет көрсету шарты жаңа институт болғандықтан оның субъектілік құрамының өзекті мәселелері әлі жан-жақты ұғынылған жоқ. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету жөніндегі кызмет кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне кіріп кетеді, сол себепті атқарушының қатысуы мүмкін болу үшін шартта, оны бекіту сәтінде, оның кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болуы талап етіледі.
Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні– шарт бойынша атқарушы жүзеге асыратын қандай да бір әрекеттер. Өтелмелі қызмет көрсету шартының пәні болып заттандырылған көрініс табылмайды. Қызмет көрсетудің нәтижесін реттеу құқықтық маңызға ие емес. Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мердігерлік шарттан түбірлі ерекшелігі осында. Соңғысында белгілі бір шамада мердігер қызметінің өзі реттеледі, бірақ негізгі құқықтық маңызға мердігер қызметінің нәтижееі ие болады, ол салынған ғимараттан. Жазылған кітаптан, шаштаразға жүгінгенде сәнді бапталған шаштан және т.с.с. көрінуі мүмкін.
Білім беру қызметін көрсету (басқа да қызмет түрлеріндегідей) шартта қызмет көрсету нәтижесіне кепілдік беру мүмкін емес. Жоғары оқу орны студентті барлық талаптарға сай оқытуы мүмкін, бірақ студенттің өзі тиісті деңгейде білімді менгере алмауы да мүмкін. Соған қарамастан жоғары оқу орны білім беру қызметтерін тиісті түрде көрсетті деп танылады.Яғни, кейбір жағдайларда қызмет көрсету нәтижесі тікелей атқарушы қызмет арқылы бағаланады. Егер ол шартқа, қалыптасқан әдеттегі талаптарга сай болса, және атқарушы тарапынан қателіктер орын алмаса, онда нәтижеге (жалпы түрде) кол жеткізілді деп есептеледі немесе тапсырысшы белгілі бір нәтижеге кол жеткізу немесе жеткізбеу қаупін өз мойнына алады.
Өтелмелі қызмет көрсету туралы шарттың мазмұны. Атқарушы тапсырысшының тапсырмасына яғни шарт жағдайларына сәйкес қызмет көрсетуге міндетті. Сондай-ақ қызмет мазмұны заңнамамен, анықталуы қалыптаскан жағдайдан, іскерлік айналым әдетінен туындауы мүмкін. Әдетте, атқарушы қызметті өзі көрсетуге міндетті. Яғни, мұнда мердігерлік шарты бойынша (қосалқы мердігерлік катынастарға қатысты) сияқты, қызмет көрсетуді басқа тұлғаға қайта тапсыру мүмкіндігі туралы жалпы сипаттағы нормалар жоқ. Бірақ, өтелмелі кызмет көрсету туралы шартта атқарушының қызмет көрсетуді басқа тұлғаға жүктеу туралы құқығы көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда субмердігерлік туралы ережелер қолданылуға тиіс.
Өтелмелі қызмет көрсетуді реттеуде атқарушының кызмет көрсетуден бір жақты түрде бас тарту құқығын шектейтін норманың аса зор маңызы бар. Заңнама тараптардың нақты жай-күйін, олардың құқықтық мүдделерін ескереді. Өйткені кызмет көрсету кезінде, бір жағынан, әдетте кәсіпкерлік қызметтің субъектісі немесе кәсіби субъект (біздің ұсынған түсіндірмемізге сәйкес) шығады, ал екінші жағында, тұтынушы тұрады, сондықтан оның құқықтарын қамтамасыз ету кажеттілігі болады. ҚР Азаматтық кодексінің 686-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушы, тапсырысшының кінәсінен болған жағдайларды қоспағанда, өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.