5
дамыту; ақпаратты іздестіру және таңдау, ӛз
уақытын басқару, ӛзін-ӛзі
реттеу дағдыларын дамыту.
Бүгінгі таңда білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды
белгілі кӛлемде білім дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоршаған
дүние туралы түсінік беріп, ұғымын кеңейте отырып оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты үйретуде үздіксіз іздену –арнайы
мектеп мұғалімдеріне қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік
құрал болашақ мұғалім-
дефектологтардың «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту-
дың арнайы әдістемесі» пәнін меңгеруде кӛмек кӛрсетеді. Оқу-
әдістемелік құралда даму мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы
оқытудың арнайы әдістемесінің он бес негізгі тақырыбы, сонымен қатар,
зерде бұзылыстары бар балаларға арналған «Математика» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы, арнайы мектепте
оқытылатын математика пәні бойынша
қысқа мерзімдік сабақ жос-
парының үлгілері, студенттердің білім тексеруге арналған қорытынды
тест сұрақтары және пәнді меңгеруде пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
берілген.