Ммок-214 Уалихан Ерлан



Дата01.10.2022
өлшемі17,98 Kb.
#41063
Байланысты:
ММОК-214 Уалихан Ерлан


ММОК-214 Уалихан Ерлан
Эссе
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Елде болып жатқан саяси,әлеуметтік,экономикалық және тағы басқа өзгерістер білім беру жүйесіне де әсер етеді.Бұл өзгерістер оқыту әдістемесінде жаңартулар ғана емес,білім беруші мен білім алушының арасындағы қарымқатынасқа да жаңаша көзқарастың қажеттілігін тудырады. 
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлау,ал оқыту әдістерін тұлғаааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.Демек,оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай,өзінің өмірлік тәжірбиесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы-шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрліөнімдер жасауы тиіс.Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп,өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптастыруы керек.
Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты,бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдеринтерактивті деп аталады.Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенмен,өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар.
Интерактивті сөзі-ағылшынша inter-аралық,бірнеше әрекет дегенді,яғни «өзара әрекет» деген сөзі.Демек ,интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын(парадигма-танымал болған ғылыми жетістіктер)қанағаттандырады.Сонымен бірге сапалы,сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай,ары қарай дамытады.
Өзара әрекеттестік әдетте,белгілі бір мәселені шешу,ол шешімнің тиімділі туралы әңгімелесу,талқылау түрінде өтеді.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен,мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен,интерактивті оқыту-қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді,бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда көптеген қиындықтар туғызады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылы 5 қазандағы жолдауында «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс» делінген. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары жасалынғанын барлығымыз білеміз.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңдардағы «Әлуметтік эканомикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру процессінде де маңызыды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғанын ең басты сапалары белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,кәсіби жолын тандай алуға қабілеттілік,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.Функционалдық сауаттылық-адамныың сыртқы ортамен қарым-катынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алуының деңгейінің көрсеткіші. Олай болса,функционалдық сауаттылық тұлғанын белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік дағдыларынын жиынтығынан құралады.
Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында білім сапасынынң бәсекелестігін арттыру,шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр.Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA (15-16 жасағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу,бағалау),TIMSS(4 және 8-ші сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау) халықаралық зерттеулер қатысты.Хавлыаралық зертеулер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен(ЭЫДҰ)жүзеге асырылып,әрбәр кезеңіне халыаралық контекстте саралау жұмыстары жүргізіледі. 
Математикалық сауаттылық –адамның өзі өмір сүретін әлемдік математиканың рөлін анықтап, түсіне білуі, математикалық нақты пікірлер айта білуі, саналы азаматтардың бүгінгі және болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеті, сонымен қатар, әртүрлі формада көрсетілген сандық мәліметтерді оқи білуі, түсіндіріп беруі мен талдай білуі бағаланады.Ал жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстануға қатысты мәселелерді қарастыруда азаматтық ұстанымды белсенді білдіру қабілеттері, білімін әртүрлі өмірдегі жағдайларда қолдануы, берілген болжамдарға оның дұрыс немесе бұрыстығына зерттеулер жүргізуі, айтылған көзқарастарды дәлелдеу және негізде қабілеттілігі бағаланса, оқу сауаттылығы жазбаша мәтіндердің мәнін түсіну мен оған рефлексиясы, оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсіну бағаланбайды, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін, сонымен бірге, ғылыми айғақтардың негізінде ойлануы бағаланады.Тапсырмаларды бағалау жүйесі – арнайы жасалынған нұсқаулық арқылы кодтаушы сарапшылар оқушылардың тапсырмаларға берген еркін құрастырылған жауаптарын бағалайды.Бұл бағалауда сенімді болуды қамтамасыз етеді. Әрбір тапсырманың орындалуын бағалауға өзіндік ұсыныс жасалынған және бағалау жүйесі көрсетілген.
PISA зертеуінің негізгі түйінді мәселесі- «жалпы міндетті білім алған он бес жастағы оқушы қоғамда толықанды қызмет ету үшін қажетті білім мен білліке ие ме?». Бұл зерттеу мен мектеп бағдарламасын менгеру деңгейін анықтауға емес,оқушылардың мектепте алған білімі мен білігін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілетін бағалауға бағытталған. Білім беруді жетістіктерге бағалаудағы қазіргі замандағы үрдіс осыдан көрінеді.
TIMSS,PISA зертеулеріне арналған математика мен жаратылыстану халықаралық тестілерін матемтика мен ғылыми жаратылыстану саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы мамандары дайындайды.Оның жасалуына Қазақстандық мамандар да қатысады.
TIMSS тапсырмаларының бірінші тапсырмаларының бірінші және екінші бөлімінде математикамен жаратылыстануға арналған тапсырмалар бар. Тест тапсырмаларынын көп бөлігі жауабының дұрыс болатын жауапты таңдауға арналған тапсырмалар. Тапрсымалардың қалған бөлігі арнайы берілген орынға оқушылар өз жауаптарын жазуы тиіс еркін жауапты талап ететін тапсырмалар.
Енді жеке жеке түрлеріне тоқталатын болсақ:
Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту . Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту.

Қорытынды
Қорытындылай келсек функционалдық сауаттылықты арттыру үшін тапсырмалардың басым бөлігін өмірлік тапсырмалармен байланыстыра отырып жасау керек.Теориялық білімдерін практика жүзінде қолданылуын үйретуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет