Бензол, толуолдың теріге әсері, зерттеу жұмыстарының негізіндегі теріге әсер ету механизмі
Аурулардың профилактикасы
Қорытынды
Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Бөлінді шығаруға, ішек және өкпемен қатар тері зиянды заттарды бөліп шығару үрдісіне қатысады. Ол бұдан басқа ағзаны қорғауға, жылу алмастыруға, түйсінуге, D витаминін синтездеуге, кернеулі заттардың жиналуына, эмоция білдіруге, қанды жинақтауға және т.б қызметтерді жүзеге асырады. Терінің көлемі 1,5 мшаршы метрге жуық болады, ол үш қабаттан құралады. Сыртқы қабаты – эпидермис – көпқабатты эпителийден түзілген. Ол ағзаны микробтан, шаңнан, ультракүлгін сәулелерден, ұсақ зақымданудан қорғайды. Оның тіршілігін тез жотын сыртқы жасушалары үнемі аршылып, жаңарып тұрады. Шаш және тырнақ эпидермистің ішкі жасушаларының бөлінуі есебінде өседі. Эпидермис меланин пигменті есебінен теріге түс береді және күн сәулесі түскен кезде D витаминін синтездейді. Терінің ортаңғы тығыз қабаты – дерма' , ол дәнекер түптегінің талшықтарынан түзілген. Онда негізгі тері құрамбөліктерінің барлығы болады. Бұларға қылтамырлар, рецепторлар, май және тері бездері, шаш баданасы, шұрықтар, ұсақ бұлшықет талшықтары жатады. Қылтамырлар тері жасушаларын қоректендіреді, ондағы қан тер түзілген кезде сүзіледі. Оларда сонымен бір мезгілде 40%−ға дейін қан болады. Қызған кезде қылтамырлар кеңейіп, жылу беруді күшейтеді, ал өте салқындаған кезде керісінше тартылады. Майлы бездер түктерді және терінің үстіңгі бетін майлайтын терілік май бөліп шығарады. Терілік май болмаған жағдайда тері сетінеп, зақымданады. Тері бездері тер бөлу арқылы ағзаны салқындатып, қанның тазаруына мүмкіндік береді. Тері шұрықтары арқылы 5% тынысалу жүзеге асады. Терідегі ұсақ бұлшықет талшықтары түкті едәуір ұзартып, көтеруге, салқындаған кездегі түршіккен теріні жинауға жәрдемдеседі. Терінің төртінші қабаты – тері шелмайы. Ол майлы дәнекер түптектен құралады. Оның жасушалары жұғымды заттар мен май түріндегі энергины қорға жинайды. Ол біздің дене температурасының тұрақтылығын сақтап қалуға жәрдемдеседі. Барлық терілер дене температурасын, қан құрамын сақтай отырып, ағзаға тән ортадағы динамикалық тұрақтылықты (гомеостазды) сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Бөлінді шығаруға, ішек және өкпемен қатар тері зиянды заттарды бөліп шығару үрдісіне қатысады. Ол бұдан басқа ағзаны қорғауға, жылу алмастыруға, түйсінуге, D витаминін синтездеуге, кернеулі заттардың жиналуына, эмоци білдіруге, қанды жинақтауға және т.б қызметтерді жүзеге асырады. Терінің көлемі 1,5 мшаршы метрге жуық болады, ол үш қабаттан құралады