Мұнайды айдаудың материалдық балансы Мұнайды айдау



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі18,11 Kb.
#63901
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Мұнайды айдаудың материалдық балансы


Мұнайды айдаудың материалдық балансы
Мұнайды айдау
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай құрамына кіретін негізгі элементтер- көміртек пен сутек. Мұнайда көміртектің құрамы 82-87%, сутек 11-14%, күкірт-0,1-5% аралығында болады.
Мұнай алкандық (парафиндік), циклоалкандық (нафтендік) және ароматтық көмірсутектердің қоспаларынан, сонымен қатар оттекті, күкіртті және азотты қосылыстардан тұрады. Мұнайдың гетероорганикалық қосылыстар деп аталатын соңғылары негізінен ауыр фракцияларда, әсіресе шайыр-асфальттік бөлігінде шоғырланған.
Мұнайлардың тауарлық сапасы және фракциялық құрамын оларды зертханалық айдау жолымен анықтайды. Мұнайдағы жекеленген фракциялардың белгілі бір температура аралықтарында пайыздық мөлшері мұнайдың фракциялық құрамын сипаттайды.
Мұнайдың кәсіпшіліктегі біріншілік сипаттамасы оның тығыздығымен анықталады. Ол 760-тан 980 кг/м3-ке дейін өзгереді. Тығыздығы 880 кг/м3 болатын жеңіл мұнайларды бензиндік және майлық фракциялар болатындықтан олар өте құнды келеді.
Мұнайды өңдеудің біріншілікті және екіншілікті процестері қалыптасқан. Мұнай өңдеудің негізгі процесі –оны айдау. Мұнайды айдау- мұнайдан оны құрайтын бөліктерін немесе фракцияларын термиялық айырып алу процесі, оның нәтижесінде қойылған мақсатқа тәуелді келесі мұнай өнімдері алынады: авиациялық және автокөлік бензині, лигроин, реактивті және газтурбинді отындар, керосин, дизельді отын және мазут. Мұнайды осылай айдағаннан кейін қалған қалдықты- мазут, майлағыш майлар, парафинді, гудронды, коксті және басқа мұнай өнімдерін өндіруге шикізат ретінде қолданылады.
Мұнайдың фракциялық құрамы.

Қайнау температурасы

Фракциялар

Молекуладағы көміртек атомдарының мөлшері

32 төмен

Көмірсутекті газдар

1-4

32-105

Бензин

5-12

105-160

Нафта (лигроин)

8-14

160-230

Керосин

12-18

230-430

Газойль

14-20

430оғары

Мазут

20-45

Мұнай айдаудан алынған дистиляттар және қалдықтар мұнай өңдеудің екіншілікті процестерінде шикізат ретінде қолданылады. Мұнай өңдеудің екіншілікті процестеріне, оның құрамына кіретін, көмірсутектердің құрылымының өзгеруіне байланысты, термиялық және каталитикалық крекинг, риформинг, гидроформинг, платформинг, алкилдеу, мұнай өнімдерін ароматтау, изомерлеу, полимерлеу, деструктивті гидрогендеу, пиролиз, кокстаулар жатады. Мұнай өңдеудің біріншлікті және екіншілікті процестерінде алынған мұнай өнімдері тазарту процестерінен өтеді. Алынған мұнай өнімдерінің салаларын әрі қарай көтеру үшін оларға әр түрлі енгізбелер қосылады.


Мұнай – қайнау температуралары әр түрлі көмірсутектер қоспасы болғандықтан, оны өңдеудің негізгі әдісі – айдау болып табылады. Серік газдардан және судан арылғаннан кейін, мұнай қыздырылады, сонда ол фракциялары бөлінеді.
1. 40 – 200ралығында С5 - С9 көмірсутектері бар бензин фракциясы. Қайталап фракциялағанда авиациялық және автомобильдік қозғалтқыштардың бензиндері алынады.
2. 150 – 300ралығында С10 - С16 көмірсутектері бар керосин фракциясы бөлінеді. Керосин шам, трактор, реактив жанармайларына пайдаланылады. Керосиннің газойлмен қоспасы – дизель жанармайы. Алғашқы екі фракция ашық түсті мұнай өнімдерін береді.
3. Мұнай қалдығынан тұтқыр, қара сұйықтық мазут деп аталынады. Мазут қазандық қондырғыларында отын ретінде қолданылады. Мазутты қосымша айдағанда – машина, ұршық, цилиндр жағармайлары алынды. Мазуттан вазелин және парафин бөлініп алынды. Вазелин медицинада қолданылады. Парафин сіңірілген сүректер сіріңке және қарындаш өнеркәсібінде пайдаланылады. Мазут өңделгеннен кейін жол құрылысында кеңінен қолданатын гудрон алынды.
Мұнайды өңдеу оны тауарлық өнімдерге айналдыруға негізделген. Мұнай айдаудың өндірістік қондырғысы құбырлы пештен, ректификациялық мұнарадан және тоңазытқыштан тұрады.
Пеште орналасқан құбырлар арқылы мұнай үздіксіз жіберіліп, 350оС - қа дейін қыздырылады және мұнай буы ректификациялық мұнараға өтеді. Оның биіктігі 40м - ге жуық, ішінді тесіктері бар табақшалары бар көлденең қалқандардан тұратын болат мұнара. Мұнай буы табақша тесіктерінен өткенде қайнау температураларына байланысты, олар да конденсацияланады. Алдымен мұнайдың ұшқыштығы төмен құрамдас бөлектер конденсацияланады. Мұнайдың ең жеңіл қайнайтын фракциясы – бензин тоңазытқышта конденсацияланып, мұнараға жартылай қайтып оралады, сонда көтерілген булар суып, конденсацияланады.
Мұнайды айдағанда мынадай негізгі мұнай өнімдері бөлінеді:
а) құрамында бензин мен лигроин бар бензин фракциясы;
б) құрамында керосин мен газойль бар керомсин фракциясы;
в) мазут.
Мұнай өңдеудің ең сапа өнімі- бензин.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет