Инновация дегеніміз – мазмұнды жаңашалау, ал жаңалық енгізу дегеніміз - инновациялық мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, ал "жаңаша" дегеніміз жаңа мазмұн, оны енгізудің әдіс-тәсілдерін, технологиясын қамтитын құбылыс деп түсінеміз.
Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру тәрбиешінің интелектуалды, кәсіптік-адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту-тәрбиелеу үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек:
- алынып отырған технология оқытудың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы;
- тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары.
Инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.
1-кезең – оқып үйрену
2-кезең – меңгеру
3-кезең – өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану
4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру
Инновациялық технологияларды пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасының алгоритмі төмендегідей түрде ұсынылады:
- білім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын баяндау;
- аралық мақсаттардың болжамдық көрсеткіштерін баяндау;
- оқыту мазмұнына сүйену;
- көзделген мақсатқа жеткізетін және оқыту сапасын объективті тексеру әдістемесімен қамтамасыз ететін стандартты оқыту технологиясын ұсыну;
- оқытудың ұйымдастырушылық формалары мен шарттарын баяндау.
Енді инновациялық технологиялардың мектепке дейінгі ұйымдарда пайдаланылатын кейбіреуіне тереңірек тоқталайық. А.С.Макаренко айтқандай, «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, өскен соң жұмыста да көбінесі сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады»
Оқу үдерісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті тәрбиеші мен баланың іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтер ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үдерісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.
Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті тәрбиеші – педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |