Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді



бет2/3
Дата12.04.2022
өлшемі18,92 Kb.
#30763
1   2   3
Байланысты:
эссе жанаша мазмун

Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттігі. Мемлекетік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу –  қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріп жатқаны да белгілі.

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда.

Алдымен «технология» ұғымына тоқталайық. Бұл жерде ол «инновациялық педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымына көз  жүгірткеніміз жөн. Ол «техника» сөзінен шыққан, оның екі мағынасы бар.

1. Өндірістік құралдарының  жиынтығы

2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

Технология - грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Білім беру саласындағы "технология" үғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады.

Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет