Многопрофильным научный журнал


ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата15.03.2017
өлшемі6,13 Mb.
#9964
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
 
 
57
(профессиональной  и  социальной),  а  также  ус-
пешной  деятельностью  развивающейся  личнос-
ти,  что  –  в  свою  очередь  –  вытекает  из  данной 
компетентности.  Это,  как  отмечает  В.  Радаев  и 
О.  Шкаратан,  та  самая  парадигма,  в  рамках  ко-
торой находят объяснения и соединяются друг с 
другом многочисленные научные факты, опреде-
ляющие  личностно-ориентированное  образова-
ние.  Речь  здесь  также  идёт  о  национальной  и 
мировой культуре, совокупном природном интел-
лекте,  объективных  законах  природы,  как  поз-
нанных  человеком,  так  и  не  познанных  (Д.  Ме-
хонцева). 
Личность  педагога  в  этих  условиях  стано-
вится  как  бы  «дочерней  системой»  общества  (с 
заложенными  в  ней перспективными программа-
ми  реализации  на  практике  личностно-ориенти-
рованного  образования).  А  последнее,  как  уже 
отмечалось, 
является 
залогом 
успешности 
действий выпускников школы. 
Отметим  также,  что  стержневой  основой 
личностно-ориентированного  обучения  является 
непрерывный  процесс  социализации  личности 
педагога.  Именно  последняя,  в сочетании  с про-
фессиональной  компетентностью,  определяет 
деловой  успех  в  сфере  подготовки  личности  к 
практической деятельности.  
 
Литература: 
1.  Лернер  И.Я.  Дидактическая  модель 
учебного процесса // Учительская газета. – 1996. 
- №24. 
2.  Зеер  Э.Ф.  Психология  личностно-ориен-
тированного  профессионального  образования.  – 
Екатеринбург, 2000. 
3.  Жукова  Е.Д.  Культурологическая  компе-
тентность  как  основная  составляющая  процесса 
социализации личности педагога //Культура и об-
разование. Сб. статей. – Уфа, 2002. 
4.  Радаев  В.,  Шкаратан  О.  Социальная 
стратификация. – М., 1995. 
5.  Маркова  А.К.  Психологические  критерии 
и  ступени  профессионализма  учителя  //Педаго-
гика. – 1995. – №6. 
6. Бершадский М. Информационная компе-
тентность  //Народное  образование.  –  2009.  – 
№4. 
 
 
Түйін 
Дәстүрлі  когнитивті-бағдарланған  білім  дамитын  тұлғаның  міндетін  шешпейтін  туралы 
ереже  жалпыға  мәлім  десе  де  болады.  Алайда  түрлі  мақалаларда  мәдениеттану  құзыреттілігіне 
әтүрлі анықтама беріледі, көбіне педагогтың қызметімен байланысты. Осындай байланыс орнату 
керек пе, оның ерекшелітері неде, оны практикада қалай бағалауға болады?  
Resume 
Generally accepted position is that traditional cognitive-oriented education does not solve the problem 
of  formation  of  the  developing  person.  However,  in  various  publications,  cultural  studies  competence  is 
interpreted in different ways and it is not always associated with the successful activities of the teacher. Do 
we need such a connection, what are its features as its estimate in practice? 
 
 
УДК  37.036 
 
ХАЛЫҚТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ 
ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
 
Беркенова  Г.С.  –  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 
педагогика және психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. 
Амирхамзин  Н.К.  –  А.Байтұрсынов  аындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 
магистранты 
 
Мазмұндама 
Мақалада  жас  ұрпаққахалықтық  және  ұлттық  (қазақтың)  музыкалық  өнер  арқылы 
эстетикалық  және  музыкалық  тәрбие  берудің  маңызды  мәселелері  қарастырылған.Ұлттық 
мәдениетке  бағытталған  көркемдік  білім  беру  жүйесімен,  оған  әсер  ететін  факторларға  ерекше 
назар аударылған. 
Негізгі  ұғымдар:  білім  алушылардың  эстетикалық  тәрбиесі,  музыкалық  өнер,  музыкалық 
мәдениет, халықтық музыкалық өнер. 
 
Егемендi  елдiң  шаттық  үнi  қазақ  өнерiнiң 
үнiне  қосылып,  үйлесiмi  жарасып,  жалғасын 
тауып  жатқаны  да  баршамызғабелгiлi.Дүние  жү-
зiнде әртүрлi кезеңдер болып жатыр, «дағдарыс-
тар келедi, кетедi, ал мәдениет-мәңгiлiк» деп Мә-
дениет және ақпарат министрi Мұхтар Абрарұлы 
Құлмұхамед  кезінде  телеарна  сұхбатында  нық-
тай атап өткен болатын. Сондықтан да мәдениет 
саласы өсiп, талаптанған тау асардың кебiн киiп, 
өркендеуiне  ешнәрсе  де  кедергi  болмасы  айдан 
анық. Мәдениет атам заманнан келе жатыр, «Ба-
лаға  басқұр  қалдырғанша,  тозбас  дәстүр  қал-
дыр», деген  нақыл өмiрiмiздiң куәсi iспеттес. Бiз-
дiң  де  ата-бабалар  осы  мәдениеттiң  айналасын 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
58
шолып  өткенi,  сонау  тарихи  уақиғалардан  оқып 
бiлiп  жүрмiз.  Мәдениеттiң  бiр  саласының  ұшпа-
ғына қазақ салтында бiрге қайнасып, қиялына қа-
нат  бiтiрiп,  арманның  көкжиегiн  алысқа  жетелей-
тiн  өлмес  киелi  өнерiмiз,  қанымызбен  бiрге  сiңу-
де.  Қазақ  халқы  да  мәдениет  пен  тарихты  егiз 
ұғымдай сезiнуде  үлкен бiр тағылымды, тәрбие-
лiк нышанды   үрдiс жалғасын орынды тауып ке-
ледi.  «Құсты  самғататын  -  қанаты,  адамды  сам-
ғататын  -  таланты»  дегендей,  әсiресе  қазақ  хал-
қы  өнер  десе  iшкен  асын  жерге  қоятыны  абзал, 
Абай  атамыздың  «Қайран  тіл,  қайран  сөз»  атты 
кітабының  керемет  сөздерімен  тарқатар  болсақ, 
бiздер  өлеңмен  дүние  есiгiн  ашамыз,  әрi  соңғы 
сапарға  да,  әдет-ғұрыптың  бiр  белесi  жоқтауме-
нен шығарып саламыз. 
Қазіргі  таңда  жалпы  білім  беру  жүйесінің 
алдында  өте  жауапты  міндет  тұр  –  білім  алушы-
лардың  эстетикалық  тәрбиесіне  қолайлы  жағдай 
жасау. Бұл міндеттің орындалуы көбінесе жалпы 
білім  беру  мекемелерінің  алғашқы  кезеңдерінен 
бастау  алатын  эстетикалық  тәрбиенің  біріккен 
жүйесімен байланысты.  
Әрине,  білім  алушылардың  негізінде  бола-
шақта мақсатталған музыкалық–эстетикалық тәр-
бие мен білім беру жүйесі жатқан жақсы музыка-
лық  дайындықпен  тиісті  оқу  орнына  келгенін  қа-
лайды. 
Музыкалық  өнер  –  бұл  дыбыстар  арқылы 
шынайылықты  көрсететін  спецификалық  форма 
да, және дағы адамдардың қарым–қатынас фор-
масы. Музыканың бұл коммуникативті функциясы 
білім  алушыларға  музыкалық  тәрбиемен  білім 
беруді ұйымдастыруда маңызды мағынаға ие бо-
лады [1]. 
Ауыз  әдебиеті  мен  музыка үлгілері  ертеде 
жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  өзіндік  орын  алған. 
Ата-баба баланы ауыз әдебиетімен және домбы-
ра үнімен тәрбиелеп, өз ана тілінің қадір-қасиетін 
домбыра  арқылы  оның  бойына  сініре  білді.  Ұлы-
лықтың  үлкен  жолына  музыка  әуені  арқылы  тәр-
биелеп,  екінің  бірінің  ән  салуына,  суырып  өлең 
айтып масаттануына үйрете отырып, жарыс сын-
дарына салып, баланы шындап отырды. 
Тегі  суырыпсалма  ақындардың,  ел  арасын-
дағы  өлеңшілердің,  жыршылардың,  күйшілердің 
әркайсысының жүздеген халық әндерін, күйлерін, 
дастандар  мен  аңыз-әңгімелерін  жадына  сақтап, 
ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіп  келгендігінің  өзінде  де 
үлкен сыр бар [2]. 
Ол  сыр  өнердің  педагогикалық  құдіреетті-
лігінде.  Ж.Баласағұнның  «Құтты  білік»  еңбегінде 
жазылған  "Балаларға  өнер  білім  берілсін,  сұлу 
мінез  әр  өнермен  өрілсін"дегеніндей,  өнердің 
тәлімдік,  тәрбиелік  қызметі  қазақ  халқында 
құрметтелген,  оны  адамдық  басты  шарттарының 
бірі деп түсінген. 
Білім  алушылардың  бүлдіршін  шағынан 
ән, күй, жыр, ертегі-аңыз естіп өсуі – ең мәнді, қи-
сынды, табиғи құбылыс болып саналған[3]. 
Сондықтан да музыкалық-эстетикалық тәр-
бие жеке адамды жан-жақты әрі үйлесімді дамы-
тудың қажетті шарты ретінде бұл мәселе педаго-
гика ғылымының зерттеу нысаны болып келді. 
Педагогика  ғылымында  бұл  проблеманың 
негіздерін 
Н.К.Крупская, 
А.В.Луначарский, 
С.Т.Шацкий,  В.А.Сухомлинский  талдап  жасады. 
Олардың идеяларын О.А.Апраксина, Н.И.Болды-
рев,  Ц.М.Герман,  Д.М.Гришин,  Б.Т.Лихачев, 
Д.В.Кабалевский одан әрі жалғастырды. 
Білім  алушыларға  өнер  арқылы  эстетика-
лық  тәрбие  беруі  проблемасына  психологтар  - 
Л.С.Выготский, 
В.А.Крутецкий, 
Н.С.Лукин, 
А.М.Якобсон және т.б. көңіл бөлген. 
Қазақстанда  музыкалық-эстетикалық  тәр-
бие  проблемаларымен  П.М.Момынов,  С.А.Ұзақ-
баева,  Н.З.Өтемісов,  М.Х.Балтабаев,  Ж.  Төле-
баева,  Т.А.Қышқашбаев,  Р.К.Дүйсенбінова  және 
басқалар  айналысты.  Білім  алушылардың  музы-
калық тәрбиесінің даму жолдарына көңіл бөлген, 
музыка өнерінің, сонын ішінде, ұлттық музыканың 
(ән,  күй,  айтыс,  терме  және  т.б.)  тәрбиелік  мүм-
кіндіктерін  айқындап,  оларды  оқу-тәрбие  үрдісін-
де пайдалану жолдарын ұсынған. 
Музыкалық-эстетикалық  тәрбие  мазмұнын 
түзуде  XIX  ғасыр  және  XX  ғасыр  басында  казақ 
елінде  этнографиялық  зерттеулерді  өздерінің 
бастапқы  миссионерлік  отаршылдық  ресми  қыз-
меттерімен  бірқатар  жүргізген  Ресейлік  ғалым-
дардын да "музыкалық дәстүрлер туралы дәлел-
ді  деректері,  ән-күйлердің  жазбалары,  орыңдау-
шылық өнер туралы бағалы ой, пікірлері өз баға-
сын  осы  күнге дейін  жойған  жоқ.  Бұлардың  қата-
рында белгілі зерттеушілер А.Левшин. А.Иванов-
ский, 
С.Рыбаков, 
Г.Потанин, 
Г.Зеленский, 
А.Алекторов,  А.Харузин,  В.Карлсон,  Н.Савичев, 
А.Янушкевич,  В.А.Голубев,  А.Эйхгорн,  Ш.Уали-
ханов,  Г.Гизлер  және  басқалардың  еңбектерін 
атасақ болады" [4]. 
Эстетикалық  тәрбие  –  «сұлулық  заңы 
бойынша» өмір сүру және қалауыңды істеу, өмір-
мен  өнерде  трагедияны,  комиканы,  бассыздық-
ты, кереметтің бәрін бағалай, қабылдай және се-
зіне  білетін  шығармашыл  белсенді  тұлғаны  қа-
лыптастыруға бағытталған мақсатты процесс [5]. 
Негізі 
«эстетикалық 
тәрбие» 
термині 
бойынша  көптеген  түсініктемелер  бар,  дегенмен 
солардың  арасынан  бір  үш–төртеуін  қарастыра 
отырып    оның  нақты  бір  сырын  ашатын  негізгі 
түсініктемесін  байқауға  болады.  Біріншіден,  мақ-
сатты  әсер  етуге  бағытталған  процесс.  Екінші-
ден,  өнермен  өмірде  сұлулықты  көріп,  қабылдай 
онымен  қоса,  бағасын  беру  қабілетін  қа-лыптас-
тыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті – 
тұлғада  эстетикалық  талғаммен  идеалды  қалып-
тастыру.  Ал,  төртіншіден,  өзіндік  бір  шығармА-
шылықпен  және  белгігі  бір  сұлулықты  жасау 
икемінің дамуы. 
Мектепте  өнер  саласында  білім  берудегі 
маңызды  концептуалды  мәселе  болып,  білім 
беру  процесіндегі  гармониялық  даму  жайлы 
тезистің  жалпы  міндеттер  тізбегі  табылады:  а) 
рухани-эстетикалық 
байлықпен 
адамгершілік 
тәрбиесі; б) білім алушылардың белсенді әдеби-

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
 
 
59
шығармашылық  қызметіне  тарта  білетін  қабілет 
пен  дағдыға  үйрету;  в)  шығармашылық  күшпен 
қабілетті  дамыту.  Бүкіл  методикалық  жүйелер, 
оқу  процесінің  материалдық  қамсыздануы,  педа-
гогикалық  кадрларды  дайындау,  музыка  жайлы 
бағдарламалардың  бәрі  осы  үштік  мақсатқа  не-
гізделгені абзал.  
Ғалымдар эстетикалық білім беруді  қоғам-
дық-мәдени    өмірдің  жан-  жақты  дамуымен  бай-
ланыстыра  қарайды,  сондай-ақ  өткен    дәуірдің  
алдыңғы    қатарлы    дәстүрі    мен  тәжірибесіне 
сүйенеді.  Әсемдік  болмыста  объективті  түрде 
өмір сүреді, адам өзінің  шығармашылық  қызме-
тінде  өмірді    және  оның    әсемдігін  сәулеленді-
реді. Адамның   әсемдікті  сезе, тани білу қабілеті 
әсемдікті  жасауға  қатынасы  оның  сезім  байлығы  
мен эстетикалық  мәдениетінің  даму  дәрежесіне 
байланысты [6]. 
Музыкалық  тәрбиені жас ұрпақтың дамуы-
ның  алғашқы    сатысынан    бастау  жан-  жақты  
жарасымды  дамыған   ұрпақ    тәрбиелеудің  алғы  
шарты. 
 
Музыкалық  білім берудің  міндеттері:  
 
1. Білім алушылардың музыкалық-эстети-
калық  қабылдауын  жүйелі  түрде  дамыту. Осы-
ның  негізінде    қоғамдық  өмір    мен  айналаны  те-
рең  таныту және олардың  адамгершілік  бейне-
сін  қалыптастыру. Олардың  зейінін  өмірдегі, та-
биғаттағы, еңбектегі, адамдардың  тәртібі  мен іс-
әркетіндегі, тал бойындағы әсемдікті  көре білуге 
аудару, өмірдегі  шын әдемілікті жасанды  әдемі-
ліктен    ажырата    білуге,  оны  дұрыс    бағалауға  
үйрету. 
 
2. Білім алушылардың музыкалық-эстети-
калық  түсінігі  мен құштарлығын, сезімталдық қа-
білетін    дамыту.    Эстетикалық    жан  құбылысын 
тудыратын  қуану,  қайғыру,  қобалжу,  әсерлену, 
бейжай  болу,  көркемдікті  қабылдауда  шығарма-
да бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен реніші-
не,  табысына      бірге  қуанып,    бірге  қайғырып 
әсерленуін, көңіл-күйінің толқуын дамыту. 
 
3.  Білім  алушылардың    көркемдік    талға-
мын  тәрбиелеу.  Оларды  жақсы    мен  жаманды, 
сұлулық  пен  кейіпсіздікті,  нәзіктік  пен  дөрекілікті, 
бір  түстілік  пен  ала-құлалықты  ажырата    білуге, 
өлең, ән, музыка, бейнелеу өнері  шығармАлары-
ның    не  себептен    ұнамайтынын    аңғара    білуге  
үйрету. 
Музыкалық-эстетикалық    талғам-өте  кең 
түсінік. Ол өнер  шығармаларын  түсініп, нәр  алу 
ғана  емес, сонымен  қатар   табиғаттың, өмірдің,  
еңбектің,  тұрмыстың,  киімнің    әсемдігін  түсіну  
және бағалай білу. 
 
4.  Білім  алушылардың  күшіне    сай  өзін  
өнерде  көрсете білу қабілетін,  айналаға қажетті 
әдемілік  жасауға  талпынысын  тәрбиелеу,  көр-
кемдік-шығармашылық  қабілетін  дамыту. 
 
5.  Музыкалық-эстетикалық    тәрбиенің  
тағы    бір  мәнді    міндеті    жас  ұрпақты    жас  ерек-
шелігіне қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті 
қорғауға, бағалауға, сақтауға, молайтуға  үйрету. 
Табиғаттағы    әсемдікті    өнердегі   көрсеткіштер  – 
ескерткіштер  мен  сәулет    өнері    туындыларын  
көзінің  қарашағындай  етіп  аялауға  баулу.  Бұл 
адам    еңбегін  бағалауға,  Отан,  табиғат    байлы-
ғын  ұқыпты  қарауға  үйрету [7]. 
Музыкалық  тәрбие  беру  негізінде  білім 
алушылардың  табиғатын,  жас  ерекшеліктерін, 
жас  ұрпақ  табиғатының  өнердің  өзінің  табиғаты-
мен үйлесімін бақылайтын музыкалық білім беру 
көзқарасы  жатыр.  Бастауыш  мектептегі  оқушыға 
ол,  әрине,  балалық  шағынан  келген  әр  түрлі  се-
зімдерге деген талғам, эмоционалдық сезімі, бар 
нәрсеге жанды көзқараспен қарау, бай ойнай алу 
тәжірибесі.   
Эстетикалық  тәрбие  беру  негізінде  көпте-
ген  өнер  түрлерінің  ықпалымен  іске  асады,  де-
генмен,  осылардың  ішінде  мектеп  жасында  көбі-
рек  эмоциялық  ықпал  ететін  музыкалық  өнер, 
оның ішінде халықтық өнер. Халықтық музыкадан 
хабары  бар  өскелең  ұрпаққа  музыкалық  білімі 
оған өмірлік идеалдарды, эстетикалық құндылық-
тарды,  таңдау мәселелерін шешуге көмегі тиеді, 
сондықтанда осы жастарға халықтық өнерге бау-
луға  мейлінше  жағдай  жасаған  жөн.  Міне,  осы 
мәселелердің  практикалық  шешімі  білім  алушы-
ларға  өз  халқының  музыкалық  дәстүріне  мАлы-
нуға, онымен қоса, олардың эстетикалық тәрбие-
сіне  ықпалын тигізеді.  
Халықтың  музыкалық  дәстүрді  меңгеруі, 
негізінде, ұлттық мәдениеттің диалектикалық бір-
лігінің  әлемдік  мәдениетпен  байланысқан  тұста-
рын сезінуге көмегі тиеді, ол білім алушының құн-
дылықтар  жүйесін,  білім  алушыға  рухани  өзін-өзі 
тануын,  өзін-өзі  тәрбиелеуін,  өзін-өзі  дамуын  қа-
лыптастырады. 
Ұлттық  мәдениетке  бағытталған  білім 
жүйесі  халықтық  дәстүрлерді,  олардың  ерекше-
ліктерін, халықтың  менталитетін,  мәдениетін,  та-
биғатқа қамқормен қарау және дағы туған жерге, 
отан-ға  деген  махаббатты  тәрбиелейтін  халық-
тық педагогиканың қыр-сырларын ескерген жөн.  
Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты 
эмоционалды - өнегелік, тәрбиелік негізде өнерге 
әсер  ету  арқылы  білім  алушылардың  жан-жақты 
тұлға  ретінде  қалыптасуы,  бүкіл  рухани  мәде-
ниеттің 
бір 
бөлшегі 
ретінде 
музыкалық-
эстетикалық мәдениеттің қалыптасуы [8]. 
Халықтық  музыкалық  дәстүрді сақтап,  оны 
ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізу  үшін  біз  осы  өнерімізді 
өзіміздің жеткіншектерімізге үйреткеніміз жөн. Ха-
лықтық  музыкалық  дәстүрдің  бай  мүмкіншілікте-
рін  қолдана  отырып  біз  білім  алушылардың, яки, 
жеке  тұлғаның  рухани  дамуына  әсерін  тигіземіз.  
Білім  алу  жүйесінде  музыкалық  өнердің  құнды-
лықтар жүйесін  қолдану қажеттілігі ғалымдардың 
пікірінше бірнеше факторларға байланысты: 
әлеуметтік: халықтық  өнер  –  қалық  бұқара 
халықтың  қазіргі  таңдағы  өсіп  келе  жатқан  өмір-
лік  қажеттіліктерін  игілендірудің  тиімді  және  ың-
ғайлы құралы; 
психологиялық:  бала  шығармашылығына 
жақындығын  айта  келе,  халықтық  өнер  жастар-
дың  қабылдауы  бойынша  тұлғаның  бүкіл  күш-жі-

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
60
герінің,  оның  шығармашылық  қызметінде  жатқан 
қиялының гармониялық дамуының шынайы құра-
лы;  эстетикалық:,  шынайылық  пен  ақкөңілдіктәр-
биемен қоса сұлулыққа деген маххаббаты дамуы 
керек,  осы  қасиет  халықтық  өнердің  маңызды 
ерекшелігі

Қорыта  келе,  жеке  тұлғаны  қалыптас-
тырудағы басты мәселелердің бірі – эстетикалық 
тәрбиеге жүйелі және терең мән беру, жастарды 
әдебиет 
пен 
өнерден, 
қоршаған 
ортаның 
сұлулығынан  өнеге,  тәрбие,  рухани  азық  алуға 
ықпал  ету.  Сұлулық  пен  тазалықты,  көркемдік 
пен  әсемдікті,  үйлесімді  жаратылысты  ұғыну, 
сезіну  жеке  тұлғаның  сапалық  дамуының  белгісі 
ғана  емес,  сонымен  қатар  оның  шығармашылық 
икемділігін  қалыптастыру  болып  табылады

Халықтық  музыкалық  дәстүрлер  арқылы  білім 
алушыларға 
эстетикалық 
тәрбие 
беру 
– 
музыкалық  шығармалар  арқылы  жас  ұрпақты  
өмірдегі,  күнделікті   тұрмыстағы,  еңбектегі,  таби-
ғаттағы және әдебиет пен өнердегі  әсемдікті, сұ-
лулықты,  асқақтықты,  азаматтықты,  адамгерші-
лікті  дұрыс  қабылдап,  түсініп  бойына  сіңіре    бі-
луге,  әділ  бағалауға,  тіршілікте  іске  асырып   
отыруға  баулу,  әсемдікті    тани,  жасай  білуге  үй-
рету.  Эстетикалық  білім  берудің  мақсаты  –  әр 
адамның  ақыл-ойын,  әсемдік жөніндегі сауатты-
лығын  арттырып,  мінез-құлқының,  тәнмен  жан-
ның  қалыптасуына  ықпал  ету.  Жасампаздықты  
мұрат    тұтып,  өзінің      тұрмысын,  мінез-құлқын, 
адамдармен  қарым-қатынасын,  ұйымдастыра  
білу  қабілетін,    қиялын,    эстетикалық  талғамын 
дамыту.    Эстетикалық  тәрбие    жан-жақты  дамы-
ған,  еңбек    сүйгіш,  достыққа  берік,  жаны  сұлу, 
әдепті  жастарды тәрбиелеудің  басты  бір  сала-
сы.    Сондықтанда,  қай  кезеңді  алып  қарасақ  та, 
өскелең  ұрпаққа  эстетикалық  тәрбие  беру  педа-
гогиканың  басты  мәселелерінің  бірі  болып  қала 
бермек, ал осы тәрбиені қалыптастыруда халық-
тық  музыкалық  шығармашылықтың  маңызды  рө-
лін атап өткен жөн. 
 
Әдебиеттер: 
1.Система 
эстетического 
воспитание 
школьников  /Под  ред.  С.А.Герасимовой.  –  М., 
1993. 
2.  Ветлугина  Н.  А.  Музыкальное  развитие 
ребенка. - М., 1997. 
3.  Леонтьев  А.Н.  К  теории  развития 
психики  ребенка  //Проблемы  развития психики. - 
М.,1999.  
4.Иванов-Смоленский 
А.Г. 
Опыт 
объективного  изучения  работы  и  взаимодейст-
вия  сигнальныхсистем  -  головного  мозга.  -  М., 
1993. 
5.  Лихачев  Б.  Т.  Педагогика.  Курс  лекций. 
– М.:Владос, 2010. 
6.Әбиев  Ж.,.Бабаев  С.,    Құдиярова  А.  Пе-
дагогика. – Алматы: Дарын, 2004. – 103б. 
7.Әбілева  З.,  Оқушыларға  эстетикалық 
тәрбие беру. – Алматы: Мектеп,1992. – 83б. 
8.Иванова  И.Г.  Художественно-эстетичес-
кое  воспитание/Образование  и  саморазвитие.  - 
Науч.журн. – 2010. - №6. 
 
Резюме 
В 
статье 
рассматриваютсявопросы 
эстетического 
и 
музыкального 
воспитания 
подрастающего  поколения  средствами  народного  и  национального  (казахского)  музыкального 
искусства.  Особое  внимание  уделяется  факторам  и  системе  художественного  образования, 
ориентированного на национальную культуру. 
Resume 
The article dwells on the goals and objectives of aesthetic and musical education of primary pupils by 
means  of  folk  and  national  (Kazakh)musical  art.  The  authorexamines  the  factors  and  the  system  of  art 
education focused on national culture. 
 
 
811.512.122 
 
ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  
ХАЛЫҚТЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК УТОПИЯ 
 
Әбсадықов А.А. – ф.ғ.д., Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры 
Жусупова  Г.С.  -  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 
магистранты 
 
Мазмұндама 
Ақын  -  жыраулар  поэзиясындағы  халықтық  -  әлеуметтік    утопия  ерекшеліктеріне  назар 
аударылып,  ақын-жыраулар  шығармаларындағы  әлеуметтік,  қоғамдық  мәні  бар  жырлардың  ой-
арманын,  дүние  танымын  қарастырады.  Сонымен  қатар,  өткен  ғасырдағы  ақын-жыраулардың 
арманы бүгінгі күні орындалғанын байқатады. 
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік, утопия, Жерұйық, жерге ұю, еркіндік.                                                                                                                             
 

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
 
 
61
Қоғамдық  сананың  бір  түрі  ретінде  көркем 
әдебиет  қай  ғасырда  болса  да,  сол  заманғы 
адамдардың  бір-біріне  деген  қатынасын,  ой-
арманын,  дүние  танымын  байқатпақ.  Соның 
ішінде  поэзияның  ғана  құдіреті  келетін,  тек  өлең 
ғана айта алатын тебіреніс бар. Ол – заман күйі, 
адам күйі, тіршілік еткен жанның мұңы мен зары, 
ішкі ой – сезімі, арманы, күйініші мен қуанышы. 
Қазақ  ақын-жырауларының  сөз  әдебиеті 
негізінде  дамып,  өркендеді.  Онымен  мазмұны, 
жанры,  бағыт-бағдары,  алдарына  қойған  негізгі 
мақсаттары  жағынан  байланысты  да  болды.  Тек 
сол  кездегі  пайда  болған  саяси  мәселелер, 
әлеуметтік  өзгерістерге  орай  тақырыбы  жағынан 
ғана  өзгешеліктер  болды.  Ақын  –  жыраулардың 
халық  алдында шоқтығы  биік болды,  ел  билеуші 
хандар  да  оларға  бас  иді.  Қазақ  халқы  қанша 
өмір  жолын  кешсе,  оның  өнері  де  сонша  жасап, 
талай  дәуірлерді  бастан  өткерді.  Халқымыз 
қалдырған  көркем  сөз  өнері  –  баға  жетпес  мол 
қазына.  
 
Ақын-жыраулық  дәстүрде  –  қиял-арман 
нақты 
мекен-жаймен, 
ел-жұрттық 
ортамен 
ұштастырылады;  кісілік  құндылықтарды  бойына 
толық сіңірген қазақ бейнесі көркем және үйлесті 
сипатталынады; туған жер – жер жәннаты, жарық 
дүние  кіндігі  мен  түпқазығы  ретінде  көрсетіледі; 
тектілік  кісілік  қасиеттің  басты  тұтқасы  ретінде 
бағаланады  және  бұл  құндылық  жеті  аталық 
мирас  ретінде  үрдіс  табады;  батырлық  парыз, 
ұлттық  намыс,  әділ  билік,  төзімділік,  еркіндік, 
имандылықты  құрметтеу  –  ұлттық  болмыстың 
рәміздік  нышаны  мен  сипатына  айналады.  Бұл 
қағидалар  хандық  дәуірде  елдік  пен  ерлік, 
адамгершілік  пен  азаматтық,  тұлғалық  және 
халықтық сипатқа ие болды.  
«Қазақ  фольклорында,  -  деп  жазады 
фольклортанушы 
С.Қасқабасов 

халықтың 
әлеуметтік 
утопиясының 
алғашқы 
екі 
түрі 
байқалады. Бірақ олар ашық, жіктеліп бөлінбейді. 
Соған  қарамастан,  орнаған  қоғамға,  өмірге 
немесе  әміршіге  деген  наразылық  (протест)  пен 
қарсылық  (оппозиция),  қазақтардың  қой  үстіне 
бозторғай жұмыртқалаған заман мен құтты мекен 
–  Жерұйықты  іздеу  туралы  әпсаналарында 
айқын сезіледі» [1,104]. 
Жайлы  мекен,  жақсы  қоныс,  «қой  үстіне 
бозторғай  жұмыртқалаған»  дәуірді  аңсау  сол 
кездегі  заман  талабынан  туған  түйінді  мәселе 
еді. Батыстан төнген зор қауіптің болар зардабын 
Асан қайғы жұрттан бұрын болжап, терең түсінді. 
Жыраудың: 
  Бұл арадан көшпесең, 
  Айтқаныма түспесең, 
  Орыс алар қалаңды 
  Шулатар қатын балаңды 
  Осыны көрдім түсімде... [2,200] 
 -  деген  толғау  жолдарынан  қаһарманның 
болашақта  болар  оқиғаны  ғажайып  түс    көру 
арқылы  қоныстың  құтсыз  болатынын  аңғарды.  
«Алты  аспанға  қос  артып,  тынбай  алты  жыл  
қоныс  қарауы»  да  сол  болашақ  бодандықтың 
алдын  алу  болатын  –  ды.  Асан  қайғы  құтты 
қонысқа  жаяулап  келіп,  «өлтірмей  жаныңды 
алатын,  бауыздамай  қаныңды  ішетін»  зұлым 
отаршылдарды  шортан  бейнесінде  сипаттап, 
мұның 
әсте 
болмай 
қоймайтынын, 
одан 
құтылудың  жолы  тек  Жиделібайсынға  көшу 
екенін  тектен  –  текке  айтпаса  керек.  Осыны 
ойламай,  «ішкенге  мас,  жегенге  тоқ»  Жәнібек 
ханды  жырау  өлтіре  сынайды.  Бұл  Асан  ата 
болжаған  мәселенің  немен  тынғанын  біздер 
көріп, бармақ шайнап бастан кешірдік. 
«Әлеуметтік» түсінігінің сан қырлы мазмұн-
ға  (кейде  бір-біріне  қарама-қарсы)  ие  болғанды-
ғын  аңғаруға  болады.  Белгілі  ғалым  Ф.Хайек 
«әлеуметтік»  термині  кездесетін  35  сөз  тіркесін 
және  160  сипаттаманы  атап  өтеді.  «Көптеген 
жағдайда,  -  дейді  ғұлама,  -  «әлеуметтік» 
термині  мазмұнды  айқындаудан  гөрі,  оны 
шатастырып  жібереді  (мысалы,  «әлеуметтік-
құқықтық 
мемлекет, 
«әлеуметтік 
нарық 
экономикасы»  және  т.б.)  [3].  Қосымша  айтатын 
болсақ,  тұлғаның,  адамның,  кісінің  әлеуметтік 
табиғатын  бекерге  шығару  мүмкін  болмағандық-
тан,  «әлеуметтік»  сипат  бүкіл  адам  тіршілігіне 
тән.  Осы  негізде,  ақын-жыраулардың  көтерген 
мәселелері де анық. 
«Бағаналы  орда,  басты  орда»  сөздерінен 
басталатын  Бұқар  жыраудың  ұзақ  өмірінің  өн 
бойында  арман  санап  келген  негізгі  жайды,  яғни 
қазақ  жұртының  алаңсыз  тыныштығы  мен 
шалқыған  малшылығын  көз  алдыңа  елестете 
толғайды.  Сондағы  қарт  жыраудың  аңсағаны  не 
деген? Ең әуелі: 
Бағаналы орда, басты орда, 
Байсал орда қонған жұрт, -  
деп  бастауының  өзінен  –  ақ  кемеліне 
жеткен  елдің  түр  сипаты  аңғарылғандай  болса, 
одан әрі: 
Ақсары атын аспалап, 
Ел жайлауға шыққан жұрт... 
...Бас аяғыңа бай болып, 
Бәсеке  дәурен  сүрген  жұрт...-  дей  келеді 
де,  осы  өлеңнің  қорытынды  тирадасында  жырау 
түпкі арманының төркінін жасырмайды. 
Яғни,  осының  бәрі  ақын  қиялынан  туған 
бұлдыр  болмас,  тиянақсыз  арман  екенін  іштей 
түсініп – сезінесің. 
Өзінің  суреткерлік,  ақындық  қуатын  таныт-
қан  Майлықожа    жырау  «Шалқып  жатқан  елім-
ай»  атты  ұзақ  өлең  жырына  арқау  еткен  күнгей-
дің  керемет  табиғатына  кестелеу  барысында 
әсем  де  құнарлы  қоныстың  қолдан  шығып  бара 
жатқанына деген өзекті өртеген өксікті өкініш ақи-
қат арасынан асып төгілмейді. 
Орыста қалды-ау қор болып 
Мұсылманның баласы-ай, 
Көз қияр да жер ме еді, 
Жоқтай  да  жоқтай  шаршалы,  –  деген  күңі-
реніс  пен  күрсініске  толы  көңіл  –  күй  сол  заман-
дағы  қазақтардың  малшы  –  диқан  шаруасының 
әрқайсысының  көкірек  –  кеудесін  сыздатқан  зар-
запыран екендігін бірден аңғарамыз. 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
62
Жалпы,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  поэзиясында 
Д.Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің отар-
лық  езгі  саясатының  астарын  ашып,  оның  ел 
ішіндегі  жексұрын  жемісі  «борсық  тұмсық,  қанды 
ауыз ұлық болған, қазақтан шыққан кәпірдің» об-
разын  бірде  іс  -  әрекет,  қимыл  үстінде  бейне-
лесе, бірде кейіпкерінің өз сиқын оның монологы 
түрінде өзіне әшкерелетіп суреттеген. 
Ғұлама    ғалым  М.Әуезов:  «Ақын  жолы  ха-
лық  жолымен,  тарих  жолымен  қабыса  табысқан 
шақта  оның  өзіне  өлім  жоқ,  сөзіне  заман  –  дәу-
рен шегі жоқ» [4,276], - деп айтқандай, бүкіл шы-
ғармашылық жолы халық  тарихының  көркем ше-
жіресіне  айналған  «күңгірт  тарих    ішінен  бұлың-
ғыр  бейнедей  бұлдырап  көрінетін»    Дулат  ақын 
кім?» Бұл сауалға Д.Бабатайұлы поэзиясына ал-
ғаш  рет  кең  көлемде  зерттеу  жүргізген  көрнекті 
ғалым  Құлмат  Өмірәлиев  былай  деп  жауап  бер-
ген екен: «Д.Бабатайұлы қазақтың өзі өскен өлке-
сінің  Россияға  қарағанға  дейінгі,  өз  алдына  хан-
дық  құру  түрінде  ел  болу  дәуірінің  хандық 
дәуірінің  ақыны,  екінші  жағынан  патша  өкіметінің 
шектен  тыс  озбырлығына  ұшырап,  елдігінен, 
жерінен,  ата  –  қонысынан  айырылған  қазақ  жұр-
тының ақыны» [5,31-32].  
Ел болудың  бір жолы... 
Егескен жауды қашыру... . 
Бірақ,  ол  үміт  -  Кенесары  қозғалысының 
жеңіліске  ұшырауымен  бірге  сөнді.  Ел  тұтасты-
ғын сақтар келесі бір белгі – жерге, малға бірлік, 
яғни  шаруашылық,  мәдени  ынтымақ  болса,  ол 
елдің  саяси  бостандығы  отаршылдар  қолына 
көшкен  соң,  халықтың  қоғамдық  ұлттық  санасы 
көмескіленіп,  азаматтардың  ой  –  ниеті  өз  руы, 
қала берді қара басы мен бірер тұяқ малының қа-
мы төңірегінде тұсауланды. Сондықтан ақын: 
Бай мен кедей аңдысып 
Бірі – біріне сеніспей, 
Бет – бетімен ел кетті,  – деп налыған. 
Басқыншы саясаттың бел алған тұсына тап 
келіп, көкіректі кернеген кек пен ызадан қаны қа-
райған  Базардың  «бармағын  тістеумен»  ғұмыры 
өткенге ұқсайды.  
Тек көкіректе бір арман –  
Діні басқа кәпірге 
Бір кәлима дегізбей..., – деп ілкідегі айтқан 
өтеусіз өкінішін тағы бір қайталайды. 
Ақтамберді  арманы  ел  мүддесінен  бөлек 
емес.  Жоңғарлармен  ұзаққа  созылған  соғыста 
толық  жеңіске  жетуді,  әр  ауылдың  молшылық 
өмірге  кенелуін,  мамыражай  рахат  өмірді  аңсай-
ды  ақын.  Жырау  көркем  тілмен  ел  көкейіндегісін 
дөп басып, қиялға беріледі. 
Ақтамберді  толғауларында  арманшылдық 
үні  басым.  Жауының  аруын  олжалау,  тарланды 
таңбалап мініп, жау қашыру, жақсылармен топта-
нып  кеңес  құру  сияқты  қиял  қанатындағы  арман-
ды ойлар. 
Асан  қайғы  жерінген  («Атамыз  өткен  Асан 
би,  Мұны  да  құтсыз  деп  айтқан  жер»),  Қазтуған 
жырау  жиренген  («Қарға  бойлы  Қазтуған,  Қайғы-
ланып  көшкен  жер»)  қоныс  қашаннан  қазақтың 
атамекені  болса  да,  елді  бір  жайсыздық  билеп, 
қауіп  –  қатердің  елесі  кезе  бастағанда  «берекесі 
кеткен, киесі қашқан» жұпыны күйде суреттелуі – 
халықтық  көңіл  –  күйдің  әсері.  Жан  –  жақтан  ан-
талаған жау бой көтерсе, алдымен жерге көзі тү-
серін жыраулардың қай-қайсысы да айтты. Туған 
даланың тулақтай бөлігі үшін қан төккен қазақ ел 
мен жер – бір ұғым. Қоныстың құты қашты деген 
сөз  жалпақ  жұртқа  жайсыз  заман  келе  жатыр 
дегенді  білдіреді.  Демек,  «Мұндай  саяси  - 
әлеуметтік  жағдай  елдің  наразылығын  туғызбай 
қойған  жоқ,  халық  енді  бұл  дағдарыстан  құтылу-
дың  жолын  іздеді.  Оны  қиялдан,  әлеуметтік  уто-
пиядан  тапты.  Өйткені  қиыншылықтан,  қоғамдық 
езгіден  құтылудың  басқа  жолын  халық  біл-
мейтін».  
Шығыс  елдерінің  әдебиетіне  тән  «қашу», 
«ауа  көшу»  утопиясының  көріністері  Мұрат  Мөң-
кеұлының  шығармаларында  кездеседі.  Ақынның 
«Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние -
ай»  толғаулары  қоныстың  құтсыздығына  налып, 
көшкен  жұрттың  хал-ахуалын  шынайы  бедерле-
ген  біртектес  дүниелер.  Бәрінде  де  көшпенді  ел 
қайғы-мұңы айтылған. Бірақ, бұлар ауыз әдебие-
тінде  ежелден  бар  дәстүр  бойынша  көштің  сән-
салтанатын  асырып,  керуенннің  мал-мүлкін,  ке-
ремет  жасау-жабдықтарын  мадақтаған  өлеңдер 
емес, көшкен елдің жұртын сағыну сарынындағы 
толғаныстар.  Үш  шығармада  да  біркелкі  сурет: 
иесіз  қалған  жер,  амалсыз  қоныс  аударған  ел, 
жақсылардың 
табаны 
тиген 
жайлау 
мен 
жайылым,  сай-сала,  енді  қайтып  оралмас  қимас 
дәурен... Ақын осының бәрін еске алып, өзегі өр-
теніп тұрса да, мұндай жерді халықтың мекендеп 
қалуына қайлы емес. Өйткені оның ойынша, бұл- 
ешкімге  опа  бермеген  құтсыз  қоныс.  Сондықтан 
«осы ауыртпалықтан құтылудың бірден-бір жолы 
– жерді, құтсыз қонысты тастау керек дейді. Мұн-
да Мұрат Мөңкеұлы  айтатын «ауа көшу» сарыны 
қазақ  арасында  ертеден  таралған  утопиялық 
аңыздармен  сабақтасып  жатыр.  «Қашу  сарыны» 
тек  қазақтарда  ғана  емес,  орыс  халқының 
фальклорында  да  бар»  [6,22].  Сонымен,  Мұрат 
Мөңкеұлы утопиясының  түпқазығы - «адыра қал-
ғыр,  қайырсыз  қоныс»  десек,  мұның  себебін 
ақынның өзі былайша тұжырымдайды: 
Қайырсыз неге десеңіз, 
Асан Қайғы, Қазтуған, 
Рақ, Мамай, Телағыс 
Қалған екен солардан. 
Біз де бір сондай болармыз 
Артық па едік олардан?! 
Мұрат  ақынның  барлық  толғау  түріндегі 
әлеуметтік  тақырыпқа  арнап  айтқан  сөздеріне 
тиісті сипат:  жер  кеткенін  сөз  қылады.  Бұл  ретте 
Мұраттың естігені  өте көп, кәрі құлақты. 
  Адыра қалғыр бұл қоныс, 
  Қайырсыз еткен азалдан. 
  Еділдің бойы қанды қиян, 
  Жайықтың бойы майлы қиян, 
  Маңғыстаудың бойы шаңды қиян, 
  Адыра қалғыр үш қиян, 

ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ
 
 
63
  Үш қиянның ара бойынан, 
  Жеті жұрт кетіп жол салған... –  
деп,  әр  жердің  мән-жайын  өзінше,  көне  тарихы-
нан бастап сөйлейді. 
Демек,  халық  өз  өмірінің жарқын  не  қайғы-
лы кезеңдерін аңызға қосып, жырға айналдырып, 
ел жадында сақтаған және оларды өмірде болған 
күйінен  гөрі  әдемілеп,  сырлап,  шындыққа  сиым-
ды  қоспалармен  әрлеп,  қиялмен  толықтырып, 
жаңа «таныс-бейтаныс» бейнеге айналдырған. 
Адам  адам  болғалы  –  әуелi  тайпа,  ұлыс, 
кейiн келе ұйысқан қоғам – елге айналғалы – жер 
үстiндегi  өзінің  жұмағын  iздеп  келедi.  Елдің  оңа-
ша ойға көмген ойшылдары болсын, артына жұр-
тын  ергізген  көшбасшылары  болсын  –  бәрі-бәрі 
«қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқалайтын»  Же-
рұйықты  желмаямен  іздеген  арманшыл  Асан 
қайғыдай  өз  еліне  малға  шүйгін  жері  бар,  жанға 
жайлы  елі  бар  болашақ  тілейтіні  мәлім.  «Құтты 
қоныс»  іздеу  –  әлем  халықтарының  дүние  таны-
мында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған 
рухани  интенция.  Ғалымдар  бұл  интенцияны 
әлеуметтік утопияға жатқызады. 
Сол  тұрғыдан  болмасты  аңсады,  табыл-
масты іздеді, сондықтан ол қазақ жерінен шыққан 
алғашқы  әлеуметтік  утописттер  деп  ақын-
жыраулардың  атына  тағы  бір  анықтауыш  қоса-
мыз… Онда тұрған несі бар?! Утопист болса бол-
ған  шығар.  Честертон  айтпақшы,  «утопиясы  жоқ 
адам мұрны  жоқ  адамнан да  қорқынышты». Уто-
пия  болмаса  қоғамдық  қозғалыс  та,  алға  ұмтылу 
да болмайды. Кім де кім өзінің болашағы туралы 
армандамаса,  оның  болашағы  да  неғайбыл  бо-
лады  демекші,  алға  нақты  қадам  жасау  үшін,  ең 
алдымен,  оны  көз  алдына  елестете  білу  де  ше-
берлік. 
Біздіңше, Платон өзінің мінсіз мемлекет ту-
ралы  диалогтарын  жазғанда,  әл-Фараби  құт 
дарыған  қала  тұрғындары  туралы  толғағанда, 
Мор  Утопияны  ойлап  тапқанда,  Кампанелла  күн 
қаласы  туралы  қиялдағанда,  сол  сияқты,  қазақ 
ақын-жыраулардың  арманы,  үміті,  Жерұйықта  
іздеп  зар  илеуі  елінің  жарқын  болашағын  көз 
алдарына елестеткені күмәнсіз. 
Зерттеулерге  сүйенсек,  утопияның  орын-
далмайтындығын  меңзейді.  Утопия,  аты  айтып 
тұрғандай, Жоқстан. Дегенмен, ол сол кезең үшін 
табылмаған  арман,  ал  уақыты  жеткенде  құр 
қиялдан  шындыққа  айналуы  мүмкін  ғой?!  Олай 
болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – Асанқайғының 
Жерұйығы,  сол  елестің  орындалғаны  емес  деп 
кім айтты?! 
Идеялар  тарихы  ұғымның  өз  тарихынан 
мүлде  бөлек  болуы да  заңды дүние.  «Жерұйық» 
концептіне  мәдени-әлеуметтік  талдама  берген 
академик  Ғарифолла  Есім  оны  «жерге  ұю»  деп 
этимологиялық  тұрғыдан  әрі  сол  Асанқайғы  тұ-
сындағы  тарихи  жағдайды  ескере  отырып,  яғни 
қазақ  жеріне  қол  сұға  бастаған  орыс  экспансия-
сының  басталған  тұстағы  жер  мәселесінің  өткір-
лігін ескере отырып, жердің құндылығы тұр-ғысы-
нан түсіндіреді. 
«Жерұйық  Қазақстан»  дегенде,  біз  қазақ-
тың  талай  ғасырлар  армандаған  тәуелсіздігінің 
бүгінгі  Қазақстанда  баяндылығын  танытамыз. 
«Жерұйық  Қазақстан»  дегенде  біз  бүгінгі  күні  қа-
зақ ұлтының жүзден астам ұлыстың басын қосып, 
әлеуметтік  келісім  негізінде  оларды  сүттей 
ұйытып  отырған  дархандығын  мақтан  етеміз. 
«Жерұйық  Қазақстан»  дегенде  Қазақстанның 
өрісі  малға,  қоймасы  дәнге,  үй-іші  жанға  толып 
отырған  елі  бар  құтты  мекен  бейнесін  қалыптас-
тырамыз. 
Қорытындылай  келе,  қазақ  ақын-жыраулар 
шығармаларындағы  халық-әлеуметтік  утопиялық 
сарын    ел-жұртының  әлеуметтік  келісім  негізін-
дегі  бейбіт  рахат  өмірі  екендігін,  елді  адамгер-
шілікке, бірлікке, бауырластыққа бастағаны екен-
дігін, бүгіндері соны іс жүзіне асырып отырған жа-
сампаз  қазақ  елінің  барлығын  әрі  онда  ұрпақтар 
сабақтастығының үзілмегендігін көреміз. Ендеше,  
сол кездегі арман, үміттің бүгінгі күнгі  біздің Ота-
нымыз – Қазақстан. 
Біздің  ұлттық  идеямыз  да,  ұлттық  идеоло-
гиямыз  да  биік  адамзаттық  құндылықтарға  негіз-
делген  ұлттық  келісім  рухы  негізінде  құралып, 
тәуелсіздік  құндылығын  ұлықтауы  тиіс.  Ал  сол 
айтылғандардың  барлығын  өз  бойына  сыйдыра-
тын,  қысқа  да  нұсқалығымен  бағалы  идея  -    Қа-
зақстан. 
Әдебиеттер: 
1. Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тари-
хилығы  //Қазақ  фольклорының  тарихилығы.  -  А., 
1994. - 312 б. 
2.  Бес  ғасыр  жырлайды:  ХV  ғасырдан  ХХ 
ғасырдың  бас  кезіне  дейінгі  қазақ  ақын  –жырау-
ларының 
шығармалары. 
Құраст.М.Мағауин, 
М.Байділдаев  -  Алматы: Жазушы,  1989.  -  32-150 
б. 
3.  Хайек  Ф.  Пагубная  самонадеянность.  – 
М.: Новости, 1992. - 304 с. 
4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991.-240 
бет. 
5.  Өмірәлиев  Қ.  VІІІ-ХІІ  ғасырлардағы  көні 
түркі  әдеби  ескерткіштері.  –  Алматы:  Мектеп, 
1985. -127 б. 
6.  Мұрат.  Шығармалары.  -  Алматы:  Арыс, 
2000. - 229 б.      
7.  ҚРҰҒА  Сирек  қолжазбалар  қоры,  Папка 
№910. - №5 дәптер. 
 
Резюме 
Автор раскрывает основные социальные проблемы в поэзии акын-жырау,  ценность которой  
- отражение реальной социальной действительности, делает акцент о существовании утопизма 
в ней. 
 
 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
64
Resume 
The  author  reveals  the  major  social  problems  in  the  bard's  poetry.  The  value  of  the  poetry  of  this 
period is a reflection of the actual social reality.  
 
 
УДК 811.111:316.77 
 
НАЦИОНАЛЬНО-КУЛЬТУРНАЯ ОБУСЛОВЛЕННОСТЬ АНТРОПОЦЕНТРИЧЕСКИХ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМОВ 
 
Жабаева  С.С.  -  к.ф.н.,  доцент  кафедры  иностранной  филологии  Костанайского 
государственного университета им. А.Байтурсынова 
Хусаинова  А.Ж.  –  магистрант  Костанайского  государственного  университета  им. 
А.Байтурсынова 
 
Аннотация 
В  статье  рассматриваются  универсальные  специфические  национально-культурные 
характеристики антропоцентрических фразеологизмов в английском, русском, казахском языках. 
Ключевые 
слова: 
компаративная 
лингвистика, 
лингвокультурология, 
фразеология, 
антропоцентрические фразеологизмы, образ человека в языке. 
 
Антропоцентрическая  парадигма,  ставшая 
одной из ведущих тенденций развития языкозна-
ния  на  рубеже  XX-XXIвеков,  подразумевала  ос-
мысление  языка  на  основе принципа  «человек  в 
языке»,  где  на  первом  плане  рассматривалась 
проблема отражения в языке познавательной ак-
тивности  человека,  направленной  на  изучение 
окружающей действительности через призму его 
культуры. Поэтому изучение иностранного языка 
так  или  иначе  приводит  к  постижению  культуры 
носителя  языка.  В  свою  очередь  постижение 
особенностей  этой  культуры  облегчает  понима-
ние языковой картины мира носителя языка.  
В.А.  Маслова  выделяет  «единицы  языка, 
которые  приобрели  символическое,  эталонное, 
образно-метафорическое  значение  в  культуре  и 
которые обобщают результаты собственно чело-
веческого  сознания  –  архетипического  и  про-то-
типического».  Эти  языковые  единицы  представ-
лены  в  мифах,  легендах,  ритуалах  и  обычаях, 
обрядах и поверьях и закреплены в языке, худо-
жественных  текстах,  фразеологизмах,  без-экви-
валентной  лексике  и  лакунах,  метафорах, 
эталонах,  стереотипах,  символах,  пословицах  и 
поговорках, речевом поведении и др. [1]. 
Одним из источников приобщения к культу-
ре изучаемого языка, а также образной и вырази-
тельной  речи  является,  бесспорно,  фонд  фра-
зеологизмов. Интеграция в изучении языков поз-
воляет  не  только  повысить  мотивацию  в  изуче-
нии языка, но и значительно расширить лингвис-
тический кругозор. 
Фразеологические  компаративные  конст-
рукции  представляют  собой  проекции  феноме-
нов национальной культуры сквозь призму языка 
и  в  то  же  время  как  ментальные  образования, 
имеющие  вербальную  репрезентацию  в  языко-
вой картине мира. Их разнообразие обусловлено 
самой  глубинной  природой  языковых  фактов  и 
соответствующих  им  концептов  о  человеке, 
объединяющей  в  себе  взаимодействие  языка  и 
культуры,  языка  и  ментальности  (мировоззре-
ния).  Описание  образа  человека  занимают  важ-
ное  место  в  системе  любого  языка.  В  любой  ку-
льтуре  человек  образует  одну  из  центральных 
систем объективной действительности, следова-
тельно,  язык,  являясь  продуктом  человеческого 
мышления  и  познания,  в  свою  очередь  направ-
лен  на  отражение  объективной  действительнос-
ти,  и  потому  в  нем  находят  свое  непосредствен-
ное выражение знания человека об окружающем 
мире  и  знания  о  нем  самом. В связи  с  этим  воз-
никает  необходимость  выявления  специфики 
языковой  концептуализации  человека  в  текстах 
фольклора,  имеющей  лингвокультурное  содер-
жание  и  обоснование  значений.  Компаратив-
ность  это  не  только  своеобразный  механизм 
познания  мира,  но  и  результат  работы  этого 
механизма:  для  сравнения  берутся  различные 
предметы  и  явления,  ассоциирующиеся  в  созна-
нии народа с изображаемыми действиями, приз-
наками,  предметами  и  явлениями.  Каждый  язык 
отражает особый способ восприятия и организа-
ции  действительности,  при  этом  значения,  кото-
рые  выражаются  этим  языком  могут  системати-
зироваться  в  едином  мировидении.  Способ  кон-
цептуализации  окружающей  действительности, 
свойственной конкретному языку, и универсален, 
и  специфичен  с  этнической  точки  зрения.  Имен-
но  поэтому  в  разных  языках  картины  мира 
имеются  свои  особенности. Образы  и  определе-
ния  и  характеристики,  будучи  неотъемлемой 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет