Модернизациялау



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі5,6 Mb.
#5973

БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан 

Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Осыдан 

соң 7 мамыр –  Отан қорғаушылар күні болып аталып 

өтілуде.


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 

БІЛІМ БЕРУ АЙМАҒЫН 

МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

«Қазақстан Республикасының   2011-2020 жылдарға 

арналған білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге 

асыру бағытында мектепке дейінгі білім беру аймағын 

модернизациялау» тақырыбында Республикалық 

ғылыми-практикалық конференция өтті.



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ТРЕНИНГ

«Жалпы педагогика және психология» кафедрасының 

ұйымдастыруымен қаламыздың №47 орта мектебінде 

«Үздіксіз психологиялық-педагогикалық практика: 

теория және әдістеме» атты педагогикалық тренинг 

өтті.  


Жамбыл  облысы  әкімінің  бірінші  орын-

басары  Б.Орынбеков  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық институтында облыста жаса-

лып жатқан жұмыстар мен облыстың дамуы 

жайында студенттермен кездесу өткізіп лек-

ция оқыды. 

Кездесуді 

институттың 

оқу-

әдістемелік  жұмыстар  жөніндегі  про-



ректоры  Р.Амандосова  ашып,  «облыс 

басшыларының  студенттерге  лекция  оқуы 

біздің институтта бұған дейін де болған, міне 

бүгін  соның  жалғасы  ретінде  сіздер  Бекбо-

лат Серікбекұлының лекциясына келіп отыр-

сыздар,  бүгін  Жамбыл  облысы  мен  Тараз 

қаласында  атқарылған  жұмыстар  жайында 

білетін боласыздар», - деді. 

Жамбыл  облысы  әкімінің  бірінші  орын-

басары 


Б.Орынбеков 

еліміздегі 

мемлекет-

тік 


бағдарламалардың 

жүргізілуі  мен атқарылған 

жұмыстарға 

тоқталды. 

Лекцияда 

Тараз 


қаласының  12-ші  мөлтек 

ауданындағы  «Қолжетімді 

баспана»  бағдарламасы 

бойынша салынып жатқан  

көпқабатты  екі  тұрғын  үй 

осы  жылы  пайдалануға 

берілетінін және 14 мөлтек 

ауданын  салуға  жердің 

таңдалып,  қазіргі  уақытта 

қажетті 


құжаттардың 

дайындалып  жатқаны  ай-

тылды.  

Қаламызда 

салы-

нып  жатқан  көпсалалы 



облыстық аурухананың 2015 жылдың үшінші 

тоқсанында  пайдалануға  берілетіні  және  

«Психо-наркалогиялық»  диспансерінің  осы 

күзде  аяқталатынын  атты  Бекболат  Орын-

беков. 

Қаламен  бірге  аудандар  мен  ауылдық 



жерлердегі  жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың 

барысы  да сөз болды. Мәселен Жуалы ау-

данында  спорт  мектебі,  600  орындық  мек-

теп, 280 орындық балабақшаның құрылысы 

жүріп  жатса,  Т.Рысқұлов  ауданы  Арай 

алқабында  тұрған  үй  салуға  жер  бөлініп, 

қажетті  құжаттары  дайындалуда.  Сонымен 

қатар, жергілікті елді-мекендерге су, газ т.б. 

жұмыстардардың  жүзеге  асуы  айтылды. 

Осы кезге дейін облыс бойынша  127 ауыл 

газбен қамтылған. 

Мемлекеттік  «Моноқалаларды  дамы-

ту»  бағдарламасы  бойынша  облыстағы 

Қаратау,  Жаңатас  қалаларын  жандан-

дыру  мақсатындағы  жұмыстар  жүргізіліп 

жатыр.  Бұл  қалаларда  жөндеу,  жаңарту 

жұмыстарымен қатар тұрғындарды тұрақты 

түрде жұмыс орындарымен қамту мәселесі 

де  шешімін  тауып  келеді.  Қазірдің  өзінде 

жаңа жұмыс орындары ашылуда. 

Лекцияда  ауыл  шаруашылығын  дамыту 

мен ірілендіру мәселесі жайында айтылды. 

Жастарды  ауылға  тарту  үшін  «Дипломмен 

ауылға»  жобасының  жүріп  жатқанын,  және 

ауылшаруашылығын дамытуға қажетті жер-

тілімдерін  пайдалану  туралы  жер  кодексі-

не  өзгертулер  енгізілгені  айтылып,  алдағы 

уақытта ұсақ ауылшаруашылығын ірілендіру 

жұмыстары қарқынды жүргізіледі. 

«Батыс  Қытай  –  Батыс  Европа» 

автожолының  негізгі  құрылысы  осы  жылы 

аяқталып,  қалған  қосымша  құрылыс 

жұмыстары  жүргізеді.  Ал,  Тараз  қаласы 

бойынша 


үстіміздегі 

жылы 


бірнеше 

көшелерде  жол  жөндеу  жұмыстары  жаса-

лады. 

Сондай-ақ,  лекцияда  жастар  жол 



ережелерінің  көптеп  бұзылуы,  қоғамдық 

көлікте  жол  жүру  құны,  студенттер 

жатақханасының  аздығы  мен  шағын  және 

орта  бизнестің  даму,  кәсіпкерлікпен  айна-

лысу  жайлы  сұрақтар  қойып,  нақты  жауап 

алды.    

Лекция соңында Б.Орынбеков жастарды 

білімді, өз елінің патриоты болуға шақырса, 

студенттер  баяндамашының  жүргізген  лек-

циясына ризашылықтарын білдірді.  

Microsoft  Қазақстан  компаниясының 

өкілдері  «Білім  берудегі  серіктестік» 

(Partners  in  Learning)  бағдарламасы 

шеңберінде  Тұңғыш  Президент  Қорының 

қолдау  көрсетуімен  оқыту  үрдісінде 

инновациялық 

АТ-технологияларды 

қолдану  жөніндегі  пилоттық  жобаны  іске 

қосты.

  Аталған  жобаның  шеңберінде 



Қаскелең  қаласындағы  Абай  атындағы 

орта  гимназия-мектебі  ішінде  білім 

беруге  арналған  Office  365,    Autocollage 

және  DeepZoom  секілді  білім  беру 

бағдарламалары  мен  қосымшалары 

бар  Windows 8.1 операциялық жүйесінің 

негізінде  жұмыс  жасайтын    ASUS 

Transformer Book T100 ұтқыр ноутбугының 

13 саны тапсырылды. 

Сонымен қатар,  оқыту үрдісінде ұтқыр 

ноутбуктер  мен  бұлттық  қызметтерді 

қолдану бойынша мұғалімдерге арналған 

тренингтер 

өткізіліп, 

Microsoft-тың 

инновациялық  мұғалімдерінің    www.pil-

network.com  порталында  қолжеткізуге 

болатын қосымшалар таныстырылды. 

«Білім 

берудегі 



серіктестік» 

бағдарламасы  бұл  –    ақпараттық 

технологияларды 

қолдану 


арқылы 

педагогтар  мен  оқушыларға  толығымен 

өз 

мүмкіндіктерін 



жүзеге 

асыруға 


көмектесуге 

бағытталған 

Microsoft 

корпорациясының  жаһандық  бастамасы. 

Осы  бағдарламаның  арқасында  оқыту 

мекемелерінің 

түлектері 

бірлескен 

жұмысты  тиімді  ұйымдастыру,  қарым-

қатынас  құру  және  ақпаратты  сауатты 

түрде басқару дағдыларын игереді. 

Бағдарлама  шеңберінде    Microsoft 

Қазақстан  ҚР  БжҒ  министрлігімен 

бірлесе 


отырып 

оқытушылардың, 

оқушылар  мен  студенттердің  АКТ-ға 

қатысты  құзыреттерін  дамыту  бойынша 

іс-шараларды  өткізіп,  оқыту  үрдісінде 

инновациялық  тәжірибелерді  қолдануға 

қолғабыс етеді.

www.edu.gov.kz

•  XX  ғасырдың  басында  қазақ  жазба  әдебиетіне 

өзіндік  таным-түсінік,  керкемдік  қолтаңбасымен 

келіп  қосылған  жас  таланттардың  бірі  Бейімбет 

Майлин  болды.  Ол  өзінің  шығармалары  арқылы 

қоғамның кейпін айнытпай берді. 

•  Ақын,  сазгер,  ғалым,  педагогика  ғылымдарының 

кандидаты  профессор  Айымгүл  Меңжанованың  80 

жылдығына  орай  педагогика  саласында  ұзақ  жылдар 

жасаған  еңбегінің  жемісі  ретінде  институтымызда 

инновациялық дәрісхана ашылды. 

БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ СТУДЕНТТЕРГЕ ЛЕКЦИЯ ОҚЫДЫ

№5 (85)


25.05.2014 ж.

Білім берудегі 

пилоттық жоба

2

3



4

25 мамыр, 2014 жыл

«Бітіруші 



2014» 

атты  2013-2014  жылы 

институтты 

бітіруші 

түлектерге 

арналған 

бос  жұмыс  орындары 

жәрмеңкесі өтті. 

Іс 


шараға 

ТарМПИ 


проректоры 

Расима 


Амандосова  Тараз  қалалық 

білім  бөлімінің  басшысы 

Маржан  Қожаева  және 

бірқатар  аудандар  мен 

Тараз қаласы мектептерінің 

д и р е к т о р л а р ы , 

институттың 

профессор 

оқытушылар 

құрамы 


және  бітіруші  түлектер 

қатысты. 

Жәрмеңкені 

ұйымдастырудағы 

басты 

мақсат – бітіруші түлектердің 



жұмысқа 

орналасуына 

ықпал ету болып табылады. 

Аталған 


іс 

шарада 


қалалық  білім  бөлімінің 

басшысы 


Маржан 

Қожаева  Тараз  қаласындағы  білім  беру  мекемелеріндегі 

бос  орындар  мен  сапалы  мамандардың  қажеттілігі 

жайында кеңінен айтса, «Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы  төрағасының  орынбасары  Шабден  Тілеумұрат 

облысымызға  инновациялық  білікті  білімі  бар  жас 

мамандарға  сұранысы  жайлы  атап  өтті.  Жәрмеңке  өз 

жалғасын  институттың  жекелеген  кабинеттеріндегі 

секцияда тапты. 

Іс  шараның  соңында  мектеп  және  колледж 

директорларына  институтымыздың  арасындағы 

әріптестікті нығайтқаны үшін арнайы алғыс хаттар 

тапсырылды.  

Бос  жұмыс  орындар  жәрмеңкесі  арқылы 

биылғы  бітіруші  түлектерден  105  студент 

жұмысқа 


шақырту 

алды. 


Оның 

ішінде  


педагогика  факультетінен  21,  жаратылыстану 

ғылымдары  факультетінен  35,  шығармашылық 

мамандықтар факультетінен 19, тарих-география 

факультетінен  21,  филология  фаультетінен  9 

студент жұмысқа шақыртуға ие болды. Жәрмеңке 

барысында география және физика мамандығын 

бітірушілерге  сұраныс  басқа  мамандықтарға 

қарағанда  жоғары  болды.  Дәлірек  айтсақ 

география  мамандығы  бойынша  14  студент, 

физика мамандығы бойынша 10 студент шақырту 

алды.  Бұның  өзі  біздің  түлектердің  нарықтағы 

сұранысының жоғарылығын аңғартады. 



Жұмыспен қамту бөлімі

«Жалпы 

педагогика 

және 

психология» 

кафедрасының 

ұйымдастыруымен 

қаламыздың 

№47  орта  мектебінде  «Үздіксіз 

психологиялық-педагогикалық 

практика:  теория  және  әдістеме» 

атты педагогикалық тренинг өтті. 

Тренингке      Тараз  қалалық  білім 

бөлімінің 

басшысы 


М.Қожаева, 

институттың оқу-әдістемелік жұмыстар 

жөніндегі  проректор  Р.Амандосова, 

педагогика  факультетінің  деканы 

М.Оспанбаева,  аталмыш кафедраның 

ПОҚ  мен  мектеп  ұстаздары  және  1 

курс студенттері қатысты.

Семинардың бірінші бөлімі үздіксіз 

педагогикалық  практика  күнделігінің 

тұсаукесерін өткізді. 

Практикалық  бөлімде  мұғалімдер 

өздерінің сабақтарында инновациялық 

технологияларды 

кең 


көлемде 

қолданып 

қоймай, 

институттың 

ПОҚ  мен  білімгерлерін  әр  сабақтың 

нәтижесімен  таныстырды.  Әр  сабақ 

Кембридж тәсілмен жүргізілді.   

Әр сабақтың өз ерекшелігі болды. 

Мәселен,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің мұғалімі А.Мамбетқызы «Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  әдіс-

тәсілдерді  қолдану  жолдары»  атты 

сабағын педагогикалық аншлаг түрінде 

өткізсе,  биология  пәнінің  мұғалімі 

З.Үмбетова  сабағын  ток-шоу  түрінде 

берді.  Ал    қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәнінің 

мұғалімі 

Ж.Р.Байырова 

Қ.Мырза-Әлінің    «Ана  өлеңін»  өз 

сабағының негізіне алды.

Барлық  сабақтарға  тек  қана 

мұғалімдер  ғана  емес,  мектеп 

оқушылары 

да 

жұмылдырылды. 



«Түйінді 

ой» 


стратегиясын 

пайдаланылып  ойын  элементтері  де 

қолданылды.

Практикалық 

бөлім 

«Үздіксіз 



п с и х ол о г и я л ы қ - п ед а го г и к а л ы қ 

практика:  теория  және  әдістеме» 

атты 

педагогикалық 



тренингпен 

өз  жалғасын  тапты.  Тренингке 

оқытушылар мен қатар білімгерлер де 

қатысты. Екі тарапта өз ойларын анық 

және нақты жеткізе алды. Сабақтарға 

қатысты ұсыныстарын білдірді.



Равиль Жумағалиев

«Жалпы педагогика және

психология» кафедрасының аға 

оқытушысы

Т Ү Л Е К Т Е Р   Ж Ұ М Ы С П Е Н 

Қ А М Т Ы Л У Д А

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТРЕНИНГ



Ғылыми  кітапханада  Бүкіләлемдік  кітап 

және  авторлық  құқық  күніне  орай  «Кітап  - 

даналық қазынасы» атты кітап мерекесі өтті.  

Кітап  мерекесінің  мақсаты  оқырмандардың 

кітап оқу имиджін көтеру, кітап оқуға деген ынтасын, 

құмарлығын  арттыру,  кітап  оқу  мәдениетін 

қалыптастыру,  оқырмандарды  кітапты  құрметтей 

білуге,  жастардың  кітап  оқу  деңгейін  жоғарылату 

болды. 

«ТарМПИ  ПОҚ  ғылыми  еңбектері»,  «Кітап  - 



мәңгіліктің  куәгері»,  «Ертегілер  әлемінде»  атты 

кітап көрмелері келушілерге ұсынылды. Кітапхана 

қызметкері  А.Жайлаубаева  аталмыш  мерекенің 

шығу тарихына кеңінен тоқталып өтті. 

Сонымен  бірге,  Жамбыл  облысы  Әділет 

Департаментінін  маманы  Б.  Шамғұнов  авторлық 

құқықтың, ҚР Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау 

және  қорғау,  интеллектуалды  шығармашылыққа 

қатысты  бүгінгі  күні  елімізде  қолданылып  жүрген 

заңнамалармен  таныстырды.  Келесі  кезекте  ҚР 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  туралы  айтылып, 

«Бір  ел-бір  кітап»  акциясы  бойынша  студенттер 

қауымы әдеби шығармалардан монолог, өлеңдер 

оқыды. Ғылыми кітапхана директоры Г. Есіркепова 

кітапхананың  Веб-порталындағы  меншікті  және 

отандық электронды кітапханалар мен порталдар 

ресурстары  туралы  мәлімет  берсе,  ғылыми 

зерттеулерге  арналған  Web  of  Knowledge, 

SpringerLink,  Elsevier  әлемдік  толықмәтінді 

дерекқорларымен Р.Нургельдинова таныстырды. 

Сондай-ақ,  К.Бұзаубақованың  «Инновациялық 

педагогика  негіздері»  атты  мультимедиялық  оқу 

құралына,  Ж.Абдуалиеваның  «Қазіргі  кезеңдегі 

қазақ әдебиеті»,  А.Жұмабаеваның «Орфография 

және пунктуация» атты электронды оқулықтарының 

тұсаукесері өтті. 

Іс-шара  соңында  «Үлгілі  оқырман»,  «Үлгілі 

оқырман-ұстаз», 

«Белсенді 

ақпаратшы», 

«Белсенді  меценат»  номинациялары  бойынша 

ғылыми  кітапхананың  белсенді  оқырмандарын 

алғыс хатпен марапаттады.

Асель Туменбаева 

Ғылыми кітапхана әдіскері 

КІТАП 


МЕРЕКЕСІ 

ӨТТІ


Тараптар,  аталмыш  құжат  оқушылар  мен 

студенттерді  тарту  арқылы  Қазақстандағы  бұқаралық 

футболды  дамытуға  бағытталғанын  атап  өтті.  Аллен 

Шәйжүнісовтің  пікірінше,  Қазақстанның  футбол 

федерациясы  оқушылар  мен  студенттар  арасында 

салауатты  өмір  салтын  насихаттау  мақсатында 

мемлекет  саясатының  стратегиялық  бағыттарының 

бірі ретінде бұқаралық спорттық қозғалысты қолдауға 

бар күшін салуда. 

«Студенттер  қоғамның  ең  белсенді  мүшелерінің 

бірі.  Сондықтан,  дамыған  елдерде  студенттер 

арасындағы спортқа баса мән беріледі. Сол дамыған 

елдердің  маңдайалды  оқу  орындарының  көбінде 

белгілі бір спорттан студенттер лигасы бар. Қазір біздің 

елде жастар көп ойнайтын, көп қызығатын, жанкүйері 

көп спорт түрі, ол – футбол. Сондықтан, ЖОО арасында 

футболдан Ұлттық Студенттік лига құруды ұйғардық. 

Бұл студенттік лига  жастардың бос уақытын тиімді 

өткізуіне  ықпал  етері  сөзсіз»  -  деп  атап  өтті  министр  

А. Сәрінжіпов.

Ынтымақтастық 

жөніндегі 

меморандумға 

сәйкес,  білім  беру  ұйымдары  арасында  аймақтық 

және  республикалық  турнирлер  өткізілетін  болады. 

Сондай-ақ,  еліміздің  жоо-ын  біріктіретін  футбол 

бойынша  Ұлттық  Студенттік  Лига  құрылып  лиганың 

ресми  ашылуы  Астана  қаласында  «Автомобилист» 

стадионында өтті.

Ұлттық  Студенттік  Лиганың  бірінші  кезеңіне  8  топ 

қатысты. Олардың қатарында Назарбаев Университеті, 

Еуразиялық 

Ұлттық 

Университет, 



Аграрлық 

Университет,  Қазақстан-Ресей  Университеті,  Қаржы 

полициясы  академиясы,  Медициналық  Университет, 

Қазақ  Мемлекеттік  Заң  Университеті  және  Қаржы 

академиясы болды. 

Турнирдің  үздік  үш  ойыншысы  ағымдағы 

жылдың  7  маусымында  Венгрияда  өтетін  футболдан 

Қазақстанның Ұлттық құрамасының әріптестік ойынын 

тамашалауға мүмкіндік алмақ. 

Ал,  қыркүйек  айында  Ұлттық  студенттік  лига 

еліміздің  түкпір-түкпіріндегі  ЖОО-ды  қамтиды  деп 

жоспарлануда. 



www.edu.gov.kz 

Қазақстанның  футбол  Федерациясы  мен  Білім  және  ғылым  ми-

нистрлігі  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойды.  Білім 

және  ғылым  министрі  Аслан  Сәрінжіпов  пен  Қазақстанның  футбол 

федерациясының бас хатшысы Аллен Шәйжүнісов білім беру ұйымдары 

арасында футболды дамыту бойынша ынтымақтастықтарын қағаз 

жүзінде бекітті. 

ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГА ҚҰРЫЛДЫ



Инновациялық дәрісхана ашылды

25 мамыр, 2014 жыл

Конференцияға Жамбыл облы-

сынан  80-нен  аса  педагогтар  мен 

Қазақстан  Республикасының  мек-

тепке  дейінгі  білім  беру  саласына 

еңбегі  сіңген  отандық  ғалымдар 

қатысты. 

Педагогтардың 

басқосуында 

мектепке  дейінгі  мекемедегі  білім 

беру  аймағын  модернизациялауға 

қажетті 

ұсыныстар 

мен 

ой 


пікірлерді 

қарастыра 

оты-

рып, 


балабақшалардың 

оқу-


тәрбие 

үдерістеріне 

қажетті 

ғылыми 


тұрғыдан 

талданған 

бағдарламалық-әдістемелік 

ма-


териалдар 

мен 


коструктивті 

ұсыныстар  таңдап  алу  сынды 

мәселелер талқыланды.

Конференцияның 

пленарлық 

отырысында  Жамбыл  облыстық 

білім  беру  басқармасының  өкілі 

Б.Тәжібаев, 

Абай 

атындағы 



Қазақ 

ұлттық 


педагогикалық 

университеттің  доценті  А.  Елкеева, 

Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институтының 

аға 

оқытушысы 



Р.Жандилдина,  Тараз  қалалық 

№33  «Айсәуле»  балабақшасының 

мұғалімдері А.Секерова, З.Келесова 

сынды мамандар баяндамалар жа-

сады. 

  Алғаш  сөз  алған  Б.Тәжібаев, 



Жамбыл 

облысындағы 

білім 

саласының,  оның  ішінде  мектепке 



дейінгі  білім  беру  мекемелерінің 

хал-ахуалына  тоқталып  өтті.  Ба-

яндамашы  өз  сөзінде,  2013  жылы 

облыс  бойынша  24  білім  беру 

нысанын  құрылыс  жұмыстарын 

жүргізуге  берілгенін  және  оның 

осы  уақытқа  дейін  6  мектеп,  3 

балабақша пайдалануға берілгенін 

айта  келе,  облыстағы  балабақша 

кезегінде  тұрған  бүлдіршіндердің 

санына  да  тоқталып  өтті.  Кел-

тірілген  деректерге  қарағанда  об-

лыс бойынша 32744, Тараз қаласы 

бойынша  23680  бала  балабақша 

кезегін күтуде екен.

Келесі 


кезекте 

баяндама  

жасаған 

№33 


«Айсәуле» 

балабақшасының мұғалімі Анар Се-

керова,  балабақшадағы  жүргізіліп 

жатқан  инновациялық  әдістерге 

тоқталып,  аталмыш  балабақшада 

үш  тілді  үйретуге  арналған  «Тіл 

орталығы» ашылып жұмыс жүргізіп 

жатқандағын  айтты.  «Балабақша 

жасындағы 

балалардың 

қабылдауы  тез  болғандықтан  тілді 

үйрену жақсы нәтиже беруде, тілді 

үйрету  сабағын  біз  ойын  түрінде 

жүргізудеміз, бұл әдіспен жүргізген 

сабақтардан  балалар 

жалықпайды және шар-

шамайды.  Сондықтан 

балалар  тілді  жақсы 

меңгеруде»,-  деп  сөзін 

түйіндеді. 

Конференцияның 

жалғасы 


іскер-

лік 


бағдарламасы 

шебер-сыныптарға, 

б а я н д а м а л а р ғ а , 

п р е з е н т а ц и я л а р ғ а 

және 

педагогикалық 



тәжірибесі  мол  мек-

тепке  дейінгі  мекеме 

педагогтарының  пәндік  секциялар-

да  өз  іс-тәжірибелерімен  бөлісуге 

ұласты. 

Сонымен  қатар,  конферен-

цияның  іскерлік  бағдарламасына 

мектепке дейінгі білім беру аймағын 

модернизациялаудың 

жолдары, 

формалары  мен  әдістері  таңдау 

мәселелері  бойынша  панельді 

пікірталас  және  мектепке  дейінгі 

білім беруде ұлттық модернизация-

ны енгізудің жолдары талқыланып, 

мамандар пікір алмасты. 

Конференцияның 

соңында 


аталған мәселелердің нақты шешу 

жолдары көрсетіліп, мектепке дейін-

гі білім беруді модернизациялаудың 

негізгі  бағыттары  бойынша  іс-

шара  аймағы  анықталып,  түрлі 

білім  беру  мекемелері,  облыстық 

және 

қалалық 


білім 

беру 


басқармаларымен  тығыз  байла-

ныс  орнатылып,  іс-шараларды 

бірігіп  өткізу  туралы  шешімдер 

шығарылды.   



А.Омар

Білім нұры

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Дәстүрлі  діни  таным  дегеніміз  ол  –  біздің 

ұлттық  болмысымыздың  өзегі.  Егер  қазақ 

мәдениетінің  өзегін  ашып  қарайтын  болсақ, 

ішінен  Ислам  діні  шығады.  Біздің  діни 

танымымыз  фиқһта  Әбу  Ханифа  мәзһабына, 

сенімде  Матуриди  ақидасына  және  Ясауи 

ілімінің қабаттарына негізделген. Демек, қазақ 

жеріне  Ханафи-Матуриди  ілімін  алып  келген 

Ясауи болатын.

  Осы  негіз  бойынша  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  біздің  діни  таным-тарихымыз 

бар.  Ата-бабаларымыздың  жүріп  өткен  жолы 

исламмен байланысын ешқашан да үзген емес, 

тіпті  ислам  дәстүрлерінсіз  қазақ  мәдениетін 

елестету де мүмкін емес. 

Жаратушының  негізгі  талаптары  –  білім 

үйреніп,  өмірдің  рухани  және  материалдық 

заңдылықтарын 

игеру, 


соның 

негізінде 

өзіңді  жетілдіре  отырып,  ақиқатты  танып 

білу.  «Жүректің  көзі  ашылса,  адамға 

ақиқаттың  сәулесі  түседі»  дегендей  осының 

бәрін  орындауда  білімділікті,  сабырлықты, 

еңбексүйгіштікті 

қамтамасыз 

етіп 

және 


қоғамға  қызмет  етуді  талап  етеді.    Демек,  Хз. 

Пайғамбардың:  «



Білімнің  екі  түрі  болады: 

біріншісі  –  адамның  жанын  жандандырып 

пайдасын тигізеді, екіншісі – адамның тіліне 

қонып, Алла тағаланың құдіреттілігін ғылым 

жүзінде негіздеп береді» деген хадистерінен 

нәр алып, сусындап қазақ ғалымдары дәстүрлі 

діни  танымды  қара  сөзбен,  мақал-мәтел 

арқылы және өлең түрінде халықтың санасына 

жеткізе білген. 

Бұхар жырау:

«..Күллі әлемді қаратқан,

Ең алдымен Алланы айт.

Бойыңа жан таратқан

Аты жақсы тәңірді айт.

Төрт шәдияр Мұстафа,

Кітап ашқан ғалымды айт.

Мұхамметтің аяты,

Алла сөзі Құранды айт....». 

Шеге жырау:

«...О Жаратқан, Тәңірім,

Жеңіл болсын әмірің.

Бас иетін құлынмын,

Жамандықтан жерінген.

Жақсылыққа  берілген...»  -  деген.  Қазақ 

топырағында қалыптасқан жыраулық дәстүрдің 

үлкен  екі  мектебі  болған.  Олар  ХV  ғ.  бастап, 

ХХ  ғ.  дейн  Маңғыстау  өңіріңде  «Тіл  таңбалы 

Адайдың ақындары» (Абыл Тілеуұлы, Қалнияз 

Шопықұлы,  Нұрым  Шыршығұлұлы,    т.б.)  және 

Сыр  бойындағы  «Сыр  сүлейлері»  (Асан, 

Бұхар, Қарасақал Ерімбет, Шал ақын, Шалкиіз, 

Мәшһүр  Жүсіп,  Кердері  Әбубәкір  т.б.)  қазақ 

халқының 

мұсылмандық 

дүниетанымын 

таратқан  тұлғалары.  Халқымыздың  рухани 

мұрасы  дастандар  мен  жырлар  діни 

құндылықтықтардың  далалық  философия 

мен  ұлттық  тәрбиенің  негізіне  айналып,  ұлт 

мүддесіне  қызмет  етті.  Алайда,  Кеңес  үкіметі 

кезеңіндегі  ақын-жыраулардың  діни-рухани 

мәндегі  туындылары  жарық  көрмей  және 

рухани мұраларын жою, құрту қатігездікпен іске 

асырылған.  Себебі,  бұл  аталмыш  жыршылар 

қазақтың  рухани  сұранысын  қанағаттандырып 

қана  қоймай,  сонымен  бірге  сырттан    келген 

діни  миссионерлерге,  рухани  экспанцияға  да 

қарсы тосқын бола білді. 



Қарасақал Ерімбет:

«...Әуелі сұра, тілім медет Хақтан.

Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан

Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,

Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан...» 

-  деп,  Қасиетті  Құранның  «Ахзаб»  сүресі, 

70-аятында:  «

Әй  мүміндер!  Аллаһтан 

қорқындар  да,  дұрыс  сөз  сөйлендер»  - 

делінген  аяттарға  сай  ақын-жыраулардың 

бойыңдағы  мұсылманшылық  парыздарын 

тілімен  де,  жүрегімен  де  насихаттағанын 

байқау қиын емес. Мұсылмандық дүниетанымы 

арқылы  қалыптасқан  ақын-жыраулар  елдің 

ақыл  ойын  тәрбиелеу,  нәпсіден  арылып, 

имандылыққа 

баулу 

арқылы 


насихат 

өлеңдеріндегі  ой  өзегі  діни-философиялық, 

моральдық-этикалық тұрғыдан берген. 

Қазақ тек сырт пен іштің бірлігін пір тұтып, 

«иман»  ұғымының  жан  тазалығынан  бастау 

алуын  қамдаған,  көркем  мінез-құлықтарды 

кемелдендіру үшін келген Пайғамбарымыздың 

ар тазалығына негізделген имани іліміне адал 

болған. Мұсылманшылықтың абзалы жүректегі 

иманның  дүние  тіршілігінде  көрініс  табуында 

екендігін жақсы түсінгендіктен 

Шал ақын:

 «...Иман-қой, ақыл-қойшы, нәпсі-бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәлешайтан-пері...».

Қарасақал Ерімбет:

«...Азғырған нәпсі шайтан тіліне еріп,

Адасқан түзу жолдан кей азамат.

Ер болсаң елің үшін қызмет қыл,

Қасқырдай  қара  жүрек  болма  бірақ...»  - 

деп, Құранның «Юнус» сүресі, 53-аятында: «

...

Расында  нәпсі  жамандыққа  бұйырады...» 

бұл  аяттың  мақсаты  иманды  шыңдау  көркем 

мінездің  –  бастау  бұлағы,  түп  негізі  болып 

табылады.  Өз  иманыңды  кемелдендіруді 

ешкім  жасап  бермейді,  ол  тек  өз  қолыңнан 

келетін  нәрсе  деген  өсиеттік  ойлар  тәріздес. 

«Аллаға  сиынған  құстай  ұшады,  адамға 

сиынған  мұрттай  ұшады»,  «Алла  деп  барсаң, 

аман келерсің», «Алла деген ар болмас, Алла 

деген пенделер, еш нәрсеге зар болмас» деген 

мақал-мәтелдердің  ішкі  мәні  мен  мазмұнына 

назар аударсақ, қазақ ақындары адамгершілік 

ақыл  айтып,  халықты  түзу  жолға  салуды 

өздерінің  зор  мақсаты  санағандықтан  болса 

керек.  Халықтың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрінің, 

жалпы  мәдениетінің  қай  бағытта  дамитынын 

айқындайтын – діні, діни танымы. Егерде кез-

келген халық өзінің дәстүрлі дінінен, діни таным 

негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық 

өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды. 

Сондықтан біз кеше ғана мұсылман болған ел 

емеспіз.


Бақтияр Алпысбаев 

Дінтану орталығының бас маманы

ДӘСТҮРЛІ  ДІНИ  ТАНЫМ – ҚАЗАҚ  МӘДЕНИЕТІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ АЙМАҒЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ

Өзі шыққан кедейлер кейпін көптеген 

шығармаларында  көсілте  жазған  ХХ 

ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі де іргелі 

өкілдерінің бірі Бейімбет Майлин осыдан 

120  жыл  бұрын,  яғни  1894  жылдың 

қарашасында  бұрынғы  Қостанай  уезі, 

Дамбар  болысында  дүние  есігін  ашқан. 

Азан шақырып қойған есімі Беймағамбет, 

әуелде  ауылдағы  Шаншар  молдадан 

хат  танығаннан  кейін  білім  белестерін 

бағындыру жолына түседі. 

Ақынның небәрі қырық төрт жылдық 

өмір  өткелінде  Уфа  және  Троицк 

қалаларының  алар  орны  айрықша. 

Айрықша  дейтініміз  сол,  аталмыш 

қалаларда білім де алды, алғашқы еңбек 

жолында  бастады.  «Ғалия»  медресесін 

бітірмей  кетсе  де,  медреседегі  «Садақ» 

қолжазба 

журналын 

шығарудың 

ұйытқысы  болуымен  қатар  әртүрлі 

еңбектерін  жариялап,  шығармашылық 

жолына түседі. 

Алғашқыда  ауыл  мұғалімі  болып 

жүрген 

Бейімбеттің 



1918 

жылы 


Алашорда  мүшесі  болып  сайлануы  - 

оның  тасының  өрге  домалауының  басы 

іспетті.  Одан  кейін,  яғни  1919  жылы 

О.Жангелдин  отряды  сапында  концерт 

ұйымдастырушы,  Торғай  губерниялық 

оқу  бөлімінің  Дамбар  болысы  бойынша 

инспекторы,  болыстық  оқу  бөлімінің 

меңгерушісі,  Қостанай  уездік  халық 

ағарту  бөлімінің  аз  ұлттар  жөніндегі 

нұсқаушысы  сияқты  жауапты  істермен 

шұғылданып шыңдала бастайды. 

Кейіпкеріміздің  қарымды  қаламгер 

болып қалыптасуына Сәкен Сейфуллин 

мен  Смағұл  Сәдуақасовтың  еңбектері 

зор.  Аталған  замандастарымен  рухани 

үндестікте,  шығармашылық  байланыста 

болудың  нәтижесінде  «Еңбекші  халық», 

«Ауыл» газеттерінде жұмыс жасай жүріп, 

алғашқы  «Өлеңдер»  деп  аталатын 

жинағын жарыққа шығарды. 

Бейімбеттанушы  Тоқтар  Бейісқұлов 

зерттеулеріне  сүйенсек,  ақын  11  жанрда 

еңбек  еткен  екен.  Оның  93  әңгімесі, 

19  поэмасы,  201  өлеңі,  15  пьесасы,  2 

сценарийі,  17  повесі,  4  романы,  132 

фельетоны,  38  очеркі,  300-ден  астам 

мақалалары  мұрағаттан  табылыпты. 

Сонымен  қатар  эпистолярлық  жанрда  да 

өнімді  еңбек  еткен,  яғни  Бейімбеттің  әр 

түрлі мәселелерді арқау еткен 11 хаты бар.

Сондай-ақ,  Майлиннің  74  бүркеншік 

есімі  болғандығын  да  Т.Бейісқұлов 

зерттеулерінен аңғаруға болады.

Б.Майлин 

шығармаларының 

тақырыбына  келер  болсақ,  мақаланың 

эпиграфына  назар  аударыңыз.  Ақын 

әйел  тағдырын,  әйел  теңсіздігін  тілге 

тиек ете отырып, кедей тап өкілдерімен 

тілегі  де,  жүрегі  де  бір  екендігін  талай 

туындыларында 

жазған. 


Кедейлік 

күйге  наразылығын,  ескілік  тұрмыс 

пен  халықтың  қараңғылығын  юморлық 

сипаты 


басым 

өлеңдерінде 

де, 

лирикалық  сарындағы  жырларында  да 



сынға алады. 

Ерекше бір айта кетерлігі – Бейімбет 

жиі  кездесе  бермейтін  типтік  образдар 

Мырқымбайы,  Айранбайы,  Ыбырайы, 

Бұқабайы,  Қайранбайы,  Қайрақбайы, 

Дайрабайы, 

Талтаңбайы 

арқылы 


ерекшеленіп, қаламдастарынан өресінің 

биік екендігін аңғартады.

Қалай десекте, өз заманының өзекті 

мәселесін қозғай білген қарымды қалам 

иесі өз биігінде қалатыны сөзсіз. Ал біздің 

еншіміздегі  іс  –  қаламгердің  қаймағы 

бұзылмаған қазынасын болашақ ұрпаққа 

жеткізу.


Мархабат Бүркітқызы

Кя 10-5 тобының студенті

Ақын,  сазгер,  ғалым,  педагогика 

ғылымдарының  кандидаты  профессор 

Айымгүл  Меңжанованың  80  жылдығына 

орай  педагогка  саласында  ұзақ  жылдар 

жасаған 

еңбегінің 

жемісі 

ретінде 

институтымызда 

инновациялық 

дәрісхана ашылды.

Айымгүл Меңжанова атындағы кабинетті 

ашу  студенттерге  сапалы  білім  беру  үшін 

ғалымның  еңбектерімен  мол  мұраларымен 

таныстыру, насихаттау болып отыр. 

Кабинеттің 

ашылуында 

ғалымның 

дидактикалық-әдістемелік 

құралдары 

(пәндердің оқу-әдістемелік құрал, балаларға 

арналған  кітаптар,  қажетті  материалдар, 

плакаттар  және  т.б.)    әзірленіп,  кітаптары  

көрмеге  қойылып  келушілердің  назарына 

ұсынылды.

Дәрісхананың 

ашылуына 

ғалымның 

шәкірттері  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық    университеттің  доценті 

А.Елкеева, 

Арқалық 


мемлекеттік 

педагогикалық  институтының аға оқытушысы 

Р.Жандилдина,  Абай  атындағы  Жамбыл 

педагогикалық  колледжінің  аға  оқытушысы 

Ш.Мамашбаева, еліміздің өзге аймақтарынан 

профессорлар, 

инстиуттың 

ПОҚ 


мен 

ардагерлері, студент жастар қатысты. 

Кабинеттің ашылу салтанатында алғаш 

сөз алған институт ректоры Д.Қожамжарова 

«Тараз 

мемлекеттік 



педагогикалық 

институты  –  аға  ұрпақты  ұлықтауда  өзіндік 

дәстүрі  қалыптасқан  оқу  орны.  Мәселен, 

бұған  дейін  профессор  Спартак  Смайылов 

атындағы  «Таным»  орталығы,  КСРО  Еңбек 

сіңірген 

жаттықтырушысы, 

«Қазақша 

күрес»  бойынша  спорт  шебері  Тілеуқұл 

Бекбатшаев  атындағы  оқу-әдістемелік, 

ақын жерлесіміз Күләш Ахметова атындағы 

кабинеттер  ашылған  болатын.  Міне  бүгін 

ұлағатты  ұстаздың    ерен  еңбектері  жас 

ұрпақтың өсіп-өркендеуіне мол үлес қосады 

деген  сеніммен  профессор  Айымгүл 

Жұмағұлқызының  атына  инновациялық 

дәрісхана ашып отырмыз»,- деді.  

Расында да жас ұрпақ тәрбиесіне, оның 

ішінде  мектепке  дейінгі  бала  тәрбиесіне 

өз  өмірін  арнап,  өзінің  жүрек  жарды 

туындыларын  да  жазып  кеткен  ақын 

Айымгүлдің еңбегі зор. 

Сонымен қатар, дәрісхананың ашулында 

ғалымның бауыры ақын Айша Көпжасарова 

өз  кезегінде  «менің  әпкем  арамызда 

болғанда биылғы жылы 80 жасқа толар еді. 

Мен  үшін  бұл  дәрісхананың 

ашылуы  бауырымның  80 

жылдық 

мерейтойына 



жасалған  сый  деп  білем»,- 

деп,  ақын  бауырына  арнаған 

«Аяулы қазақ қызы едің» атты 

толғауын оқыды. 

Келесі  кезекте  сөз  алған 

ғалымның  баласы  Долат 

Меңжанов: «Алдымен инстиут 

басшылығы  мен  ұжымына 

біздің  отбасымыздың  атынан 

үлкен 


рахмет 

айтамын, 

анамыздың  атына  арналған 

дәрісхананың  ашылуы  біздер 

үшін  үлкен  қуаныш  және 

ғалымның  жасаған  еңбегінің 

бағаланған»,-деп, дәрісханаға 

отбасының  атынан  сыйлықтар  табыс  етті. 

Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі оқыту және 

тәрбиелеу»  кафедрасы  студенттері  ақын 

Айымгүлдің  «Қоңырау»,  «Алғашқы  вальс» 

әндерін орындады. 

Профессор  Айымгүл  Жұмағұлқызының 

ұрпақ  тәрбиесіндегі  ерен  еңбектері  жас 

ұрпақтың  өсіп-өркендеуі  жолында  жетекші 

орын алады деп сенеміз. 



Алдаберген Лесбай

«Қазақстан Республикасының   2011-2020 жылдарға арналған білім 

беруді  дамыту  бағдарламасын  жүзеге  асыру  бағытында  мектепке 

дейінгі  білім  беру  аймағын  модернизациялау»  тақырыбында 

Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақ бәйтерегінің бірі



XX  ғасырдың  басында  қазақ  жазба  әдебиетіне 

өзіндік  таным-түсінік,  керкемдік  қолтаңбасымен 

келіп  қосылған  жас  таланттардың  бірі  Бейімбет 

Майлин  болды.  Ол  өзінің  шығармалары  арқылы 

қоғамның кейпін айнытпай берді.

Көктем!  Сәуірдің      ара-тұра  соғып 

тұрған  өкпек желі сап тыйылып, көк зеңгір 

аспан  шайдай  ашылған.  Тал-қайың  көк 

торғын шәлі жамылғандай,  жердің көгі де  

дүркірей  көтерілген.  Табиғаттың  жылда 

қайталанып,  жылда  табындыратын  

ғажап  сұлулығы    адамдардың  көңіл-

күйімен астасқан секілді. 

Тараздың  көшелерінде    халық  бірлігі  

мерекесі  салтанат  құруға  дайындалуда. 

Шартарапты  шарлаған  ән    мен  әуен  де  

мерекелік көңіл-күйге шақыратындай. «Алтау 

ала  болса  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел 

болса  төбедегі  келеді»  деп  бабаларымыз 

ел  бірлігі  жөнінде  өте  орынды  айтқан. 

Дос  сүйсініп,  дұшпан  қызғана  қарайтын 

жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. 

Бұл  –  ең  алдымен  қазақ  халқының 

өз  ішіндегі  ынтымақтастығы  мен  бірлігі 

арқасында жетіп отырған игілікті нәтижелер. 

Біздің  міндетіміз  –  осы  бірлікті  алдағы 

уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. Біздің 

Конституциямыз  «Біз,  Қазақстан  халқы» 

деген  сөздерден  кездейсоқ  басталмайды. 

Бірліктің,  сенімнің,  көпұлтты  Қазақстанның 

осындай  тұтастығының  арқасында  біз 

тәуелсіз  ел  құрып,  азаматтарымыздың 

болашағын сенімді ете түстік. Дүние жүзінде  

діни  және  ұлтаралық  түсініспеушілік 

салдарынан  қақтығыстар  орын  алып,  қан 

төгілуде.  Біз  тұтастықтың  үлгісін  көрсетіп 

отырмыз.  Жасампаздық  істері  үшін  тағы 

да  бірлік,  бауырластық,  барлық  халықтың 

сүйіспеншілігі  қажет  екеніне  екпін  түсірілді. 

«Халық  айтса,  қалып  айтпайды»  дегендей, 

дана  халқымыз  бүкіл  тіршіліктің,  адамзат 

жаратылысының  бүкіл  мәнісін  «Бірлік  түбі 

–  тірлік»  деген  екі  ауыз  сөзбен  түйіндеген 

екен. Ауызбірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің 

де  ешқашан  асығы  алшысынан  түспеген. 

Қазақтың тағы бір қасиеті, ешкімнің ала жібін 

аттамауға,  көрші-көлем,  ағайын-жұртпен, 

алыс-жақынмен  тату-тәтті,  сыйлас  болуға 

үгіттеген. Адам баласы әу, баста жер бетіне 

жаралғаннан-ақ  қауымдасып  күн  кешу 

арқылы сыртқы табиғи күштер мен жыртқыш 

хайуанаттардың,  нешебір  аждаһалардың 

тажалына төтеп бере білді. 

Еліміз  «Ырыс  түбі  -  ынтымақ»  деп  те, 

«Ауыл болсаң - қауым бол» деп те, «Ел болам 

десең, бесігіңді түзе», «Бірлік түбі – береке» 

деп  бекер  айтпаған.  «Отан  –  отбасынан» 

демекші,  әрбір  отбасында  уыздай  ұйыған 

бірлік пен тату-тәтті тірлік болса, әр жанұяда 

елін  сүйетін  өрелі  өрендер  желкілдеп  өсіп 

келе  жатса,  олар  ең  бірінші  кезекте  өз 

қазағының,  Қазақстан  халқының  қамын 

жесе, ұлы Отанымызға да құт-береке дарып, 

қастерлі  Тәуелсіздігіміздің  тұғыры  асқақтай 

түскені.  

1  мамыр  –  Қазақстан  халқының  бірлігі 

күні  мерекесі  қазақстандық  ұлы  достықтың 

ұлағатты  үрдісін  жер-жаһанға  тағы  жария 

ететін  мереке.  Мерекелі  күндеріміз  – 

берекелі болашаққа жетелей бергей. 



А.Ж.Байжулова 

Ист-12-со тобының студенті

«Тілі  бөлек  болғанымен  тілек 

бір» - дегендей ел басына күн туған 

қилы  замандарда  да  халқымызды 

ұлт 

ретінде 


сақтап 

қалған 


ынтымағы мен бірлігі. 1995 жылдың 

18 қазанында Қазақстан президенті 

Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша 

1  мамыр  Қазақстан  халықтарының 

бірлігі күні деп жарияланды. Мереке 

1996 жылдан бастап аталып өтуде.

«Бірлік бар жерде - тірлік бар», 

-  дейді  қазақ  халқы.  Дана  жұрт 

мұны  тегіннен  -  тегін  айтпаса 

керек.  Ауызбірлік  пен  түсіністік, 

қарапайым  сыйластық  үстемдік 

құрған 


жерлерге 

қашанда 


нәтижелі  істердің  үйір  болатыны 

белгілі.  Тәуелсіздігіміздің  даңғыл  

болашағына түскен мемлекетіміздің 

экономикасы 

қарқынды 

даму 


үстінде. Біздің басты құндылығымыз  

-  тәуелсіздік  деп  Елбасымыз 

ұлықтағандай  сол  құндылықты 

қастерлеу  баршамыздың  қасиетті 

парызымыз. 

Біздің басты жетістігіміз еліміздің 

халықтарының  ұлтаралық  келісімі, 

өзара  түсіністігі  мен  сыйластығы 

болып  табылады.  Қазақ  қашаннан 

да бауырмал халық. Әр кезеңдерде 

елімізден  пана  іздеп  келген  «жат 

жұрттардың» 

бәрін 

бауырына 



басып,  төрінен  орын  беріп,  қандай 

қиын  кезеңдердің  өзінде  бір  үзім 

нанды  бөліп  жеді.  Біздің  елімізде 

қалыптасқан  ұлттар  тұтастығы  мен 

халықтар  достығының  арқасында 

бүгінде  мемлекетіміз  өркендеп, 

ілгері басып келеді. 

Бір 


шаңырақ 

астындағы 

халқымыздың  ынтымақтастығы  мен 

өзара  достығы  нығая  түсіп,  елдегі 

ұлтаралық  татулық  әрдайым  берік 

болып, бірлік мәңгі жасай берсін. 



Маржан Нурсейітова 

ИСТ – 12 – СО тобының 

студенті 

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ МЕКЕНІ

БІРЛІГІ  ЖАРАСҚАН  ҚАЗАҚ  ЕЛІ!

1992  жылғы  7  мамырда  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жарлығымен  Қазақстан 

Республикасының  Қарулы  Күштері  құрылды. 

Осыдан  соң  7  мамыр  –    Отан  қорғаушылар  күні 

болып аталып өтілуде.

  Осынау  айтулы  күнді  еліміздің  барлық 

аймақтары жоғары деңгейде атап өтеді. Мерекеден 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының 

ұжымы  да  тыс  қалған  жоқ.  Институттың  нәзік 

жанды  қызметкерлері  «Біздің  елдің  жігіттері»  атты 

мерекелік  концерт  ұйымдастырды.  Іс-шараны 

ТарМПИ  ректоры  ашып,  институттың  барша  ер-

азаматтарын мерекелерімен құттықтады. 

Мерекелік  кеште  педагогика  факультетінің 

оқытушысы  А.Ботамқұлова  Ф.Оңғарсынованың 

сөзіне  жазылған  «Жақсы  көру»  әнін  орындаса,  

қыздардың  «Сарбаздар»  биі  кештің  шырайын 

одан әрі аша түсті. Ер-азаматтар көп қызмет ететін 

Әкімшілік-шаруашылық  басқармасының  жігіттеріне  

жасалған  пародия  жиналғандарға  көтеріңкі  көңіл-

күй сыйлады. 

Институттың 

ер-азаматтарына 

арналған 

мерекелік  концерт    «Алға  қазақ  жігіттері»  әнімен 

аяқталды.

БІЗДІҢ  ЕЛДІҢ  ЖІГІТТЕРІ

25.05.2014 жыл



Газет «ЭКОЖАН» ӨК баспаханасында басылып шықты.

Қарағанды қаласы, Садоводов көшесі, 14. Тел.: 44-23-68, 44-23-60.

Таралымы 1000 дана. Тапсырыс № 518. Газет айына бір рет шығады.

Мекен-жайымыз: 080000. Тараз қаласы,

Төле би көшесі 62. 1 ғимарат, 308 кабинет.

эл.почта: bngazet@mail.ru

«Филомат» жеңімпаз 

атанды

«Жалпы 

педагогика 

және 

психология» 

кафедрасының  ұйымдастыруымен    педагогика  

пәнінен  институтшілік  олимпиада  ұйымдас-

тырылды.    Олимпиадаға  32  студент  қатысты. 

Алғашқы тур тест түрінде өтті. 

Бірінші  турдан  өткен  студенттер  келесі  турға 

жолдама алып командаға бөлініп 4 сайыс бойынша өз 

білімдерін көрсетті. 

Сайысқа  4  команда  қатысты,  тарих-география 

факультетінен  «Креатив»,  «Қазақ  елі»,  ағылшын 

тобынан  «Modern  teacher»,  филология  факультетінен 

«Филомат» командасы сайысқа түсті. 

Бірінші  кезеңде  әр  команда  өздерін  эмблема,  топ 

аттары  арқылы  таныстырды.  Екінші  кезеңде    «Жаңа 

тұрпатты  мұғалім»  тақырыбына  дайындап  әкелген 

ғылыми  жұмыстарын  қорғады.  Ал  үшінші  кезеңде 

сайыскерлер ЭССЕ жазып, сол жерде қорғады. Соңғы  

кезеңде сұрақ-жауап болды. Әр командаға 4 сұрақтан 

берілді. 

Сайыста, 

Ж.Келиманованың 

жетекшілігімен 

қатысқан  филология  факультетінің  «Филомат» 

командасы  бас  жүлдеге  ие  болды.    Бірінші  орынға 

тарих  факультетінен  «Қазақ  елі»  ие  болса,  екінші 

орынды  «Креатив»  тобы  алды.  Ал  үшінші  орын 

«Modern teacher» командасына бұйырды. Сайыскерлер 

дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Ақтоты Раймқұлова 

КРО 12 – 1 тобының студенті

«Ізгі Әлем» 2-орында



Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 

университетінде үстіміздегі жылы  «Өзін-өзі тану» 

пәні бойынша «Әлеуметік педагогика және өзін-өзі 

тану»  мамандығы  бойынша  3  курс  студенттерінің 

арасында ІІ Республикалық олимпиада өтті. 

Бұл  олимпиадаға  институт  атынан  СПиС  11-1 

тобынан  Төлеген  Сәнтөре,  Жиенбет  Әйгерім, 

Қадырбаева  Жансая  және  Нұрыш  Назым  сынды 

студенттеріміз қатысып білімдерін сынап қайтты.  

Олимпиада  ғылыми  жоба,  шығармашылық  эссе 

жазу,  таныстыру,    сахналық  қойылым  кезеңдерінен 

тұрды.  Осы  кезеңдерден  «Ізгі  Әлем»  тобы  сүрінбей 

өтіп  2  -  орынды  иеленді.    Жүлделі  орынға  ие 

болған  командамыз  екінші  дәрежелі  дипломмен  

марапатталып, 

республикалық 

олимпиадаға 

қатысқаны үшін сертификаттар берілді және  жетекшісі 



Е. Дүйсенбековке алғыс хат табысталды. 

«БН» ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет