Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Адсорбция түрлері мен теориясы



бет49/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
Байланысты:
fkh grm,gd -19-1.2020 (1)-7

Адсорбция түрлері мен теориясы.

Қатты денесұйық зат жанасу шегіндегі адсорбция түрінің біріне жататын ион алмастырғыш адсорбцияның маңызы аса зор. Ол жан –жақты зерттелген.

Адсорбент бетінің бірлік ауданына сіңген заттың мөлшерін меншікті адсорбция (Г) дейді: Г=x/S. Ал бірлік массасына адсорбцияланған адсорбцияны мольмен өлшеп, А әрпімен белгілейміз: A=x/m.

Тұрақты температурада адсорбция шамасының қысымға н/е концентрацияға тәуелділігін көрсететін, қисықты адсорбция изотермалары деп атайды.

Адсорбция изотермасын аналитикалық өрнектеу үшін Бедекер, кейін Фрейндлих мынадай эмпирикалық теңдеу ұсынды.



,

мұндағы х – адсорбцияланған зат мөлшері, m – адсорбент массасы, р – жүйедегі газдың тепе-теңдік қысымы, К және 1/n – константалар.

Ерітіндідегі адсорбция үшін Фрейндлих теңдеуі былай жазылады:

,

мұндағы β – алдыңғы теңдеудегі К-ға сәйкес келетін константа, с – тепе-теңдік концентрация, Т-Т – тепе-теңдік (равновесный). β және n константаларын Фрейндлих теңдеуінің логарифмдік түрін графикалық құрғанда табады:



Тәжірибелік жолмен анықталған Г және С мәндерін логарифмдей отырып, lgГ=f(lgC) графигін тұрғызады. Сонда АВ түзуі шығады. Осы түзу ординаталар осінде кескен ОА кесіндісі lgβ-ға тең, ал осы кесіндінің абсцисса осіне көлбеу бұрышының тангенсі 1/n ға тең (tgα=1/n).

β константасының физикалық мәні с=1 деп алғанда түсінікті болады, сонда ол адсорбтивтің тепе-теңдік концентрациясы 1моль/л-ге тең болған кездегі адсорбция шамасын білдіреді.

Адсорбцияның мынадай түрлері бар: газдың қатты денедегі, еріген заттың ерітінді-газ шекарасында,еріген заттың қатты дене-ерітінді шекарасында адсорбциялануы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет