Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


–жұмыс. Тұздардың гидраттану жылуын анықтау



бет82/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126
Байланысты:
fkh grm,gd -19-1.2020 (1)-7

2.2 жұмыс. Тұздардың гидраттану жылуын анықтау
Жұмыс мақсаты: Гидраттану жылуын анықтау.

Құралдар және ыдыстар: Калориметр, Бекман термометрі, пробиркалар, фарфорлы ыдыс.

Реактивтер: су, мыс кристаллогидраты.

Гидраттану жылуы деп,1 моль қатты кристаллогидраттың қатты сусыз тұздан және қажетті су мөлшерінен түзілуге жұмсалған жылу мөлшерін айтамыз. Әдетте кристаллогидраттардың түзілу жылуын тәжірибеде тікелей анықтамайды. Оның мәнін Гесс заңы және сусыз тұзбен кристаллогидрат еру жылуларының калориметрлік нәтижелері негізінде есептейді.

Мыс сульфат гидраты түзілу мысалында, кристаллогидрат түзілу мен еру жылулары арасындағы байланысты табамыз.



Бастапқы күйде 1 моль сусыз кристалды тұзын және n моль ; соңғы —1 моль n моль - ғы ерітінді аламыз. Бастапқы күйден соңғы күйге ауысуды екі әртүрлі жолмен жүзеге асыруға болады.

Бірінші жол:

CuSO4(қ)+nH2O= CuSO4 (ертінді)

Екінші жол:

CuSO4(қ)+5H2O=CuSO45H2O (қ);

CuSO45H2O (қ) + (n-5)H2O= CuSO4 (ертінді);

Гесс заңына сәйкес екі жағдайда да жалпы жылу эффектісі келесідей болады:





Тәжірибелік жолмен және анықтау арқылы гидрат түзілу жылуын есептеуге болады.

Жұмыс реті. Тәжірибе жүргізу үшін 7,5 г ұнтақталған екі кристаллогидрат өлшемін алады. Біріншісін кристаллогидраттың еру жылуын анықтау үшін пайдаланады, ал екіншісін фарфорлы ыдысқа салып, сусыз тұз ұнтағы пайда болғанша (көк түсі жоғалады), от жалынында қыздырады. Сусыз тұзды алдын ала өлшенген пробиркаға салып, тез резиналы тығынмен жабады. Суыған соң пробирканы өлшейді. CuSO4 еріту үшін 300 г, ал CuSO45H2O – 297 г. су алады.

Сусыз тұздың және кристаллогидраттың еру жылуларын анықтау 2.1 жұмыс әдісіне сәйкес келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет