Тәжірибелік жұмыс
Жұмыс реті: темір хлориді әлсіз негізбен күшті қышқылдың тұзы болғандықтан, оның судағы ерітіндісін қайната қыздырғанда гидролизденеді, яғни негіз бен қышқылға ыдырайды:
ҒeCl2+3H2O →Fe(OH)3+3HCl
Темір хлоридінің ыдырау реакциясы тез жүріп, суда ерімейтін аса ұсақта жүзгін бөлшектерді ,темір гидроксидін – Fe(OH)3 түзеді. Ерімейтін бөлік, коллоидты бөлшектің агрегатын-түйірігін құрайды,ол реакция кезінде алынатын тұз қышқылының Fe(OH)3 тұнбасына әсері нәтижесінде түзілетін FeOCl, аралық қосылысы көмегімен тұрақталынады:
Fe(OH)3+HCl→ FeOCl+2H2O
FeOCl→FeO++Cl-
№1тәжірибе. Темір гидроксиді золін алу. Оны алу үшін сыйымдылығы 300 мл колбаға 250мл дистильденген су құйып, электр плитасында қыздырып қайнатады да оған шамамен 10мл темір хлоридінің ерітіндісін ақырын тамшылата қосады. Нәтижесінде түзілген қою қызыл қоңыр түсті золь ерітіндісін қалыпты, яғни бөлме температурасына дейін салқындатады.
№2 тәжірибе. Ұю табалдырығын анықтау. Он пробиркаға 10 мл темір гидроксидінің гидрозолін құйып,олардың әрқайсысынан ылғи өсіп отыратын мөлшердегі 0,001 Н натрий сульфатының ерітіндісін қосады да әрбір пробиркадағы жалпы көлемді,оларға таза су қосу арқылы теңестіреді.Ол үшін мына кестедегідей етіп,рет-ретімен орналастырады.
Пробирка реті
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Золь,мл
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
10,0
|
Электролит,мл
|
0,5
|
1,0
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
3,0
|
3,5
|
4,0
|
4,5
|
5,0
|
Таза су,мл
|
4,5
|
4,0
|
3,5
|
3,0
|
2,5
|
2,0
|
1,5
|
1,0
|
0,5
|
0,0
|
Жалпы көлем,мл
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
15,0
|
Лайлану
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Мұндағы алу таңбалары,коллоидты ерітіндіге электролит қосылғанымен ұю құбылысының басталмағанын көрсетеді,өйткені электролит мөлшері жеткіліксіз, олар 1-5 пробиркалар. Ал қосу таңбалары,коллоидты ерітіндінің ұйығанын нұсқайды, олар 6-10 пробиркалар. Есептеу үшін әлі ұю басталмаған 5 пробиркаға қосылған электролит көлемі-2,5 мл мен ұю басталған 6 пробиркаға қосылған 3,0 мл екеуінің орташа мәнін ,2,5 мл+3,0 мл=5,5 мл :2 =2,75 мл алады.
Коллоидты ерітіндінің ұю табалдырығын теңдеу бойынша есептейді:
γ = Cэл* Vэл*1000/V3
мұндағы γ–ұю табалдырығы,литрдегі ммоль; Cэл– қосылған электролиттің таралымы (концентрациясы); Vэл- есептеуге қажетті,орташа мәндегі электролит көлемі,мысалы,жоғарыдағы 2,75 мл сияқты, V3-алынған коллоидты ерітінді көлемі,айталық кестедегі 10,0 мл.
№3 тәжірибе Қорғаушы санын анықтау. Алдыңғы тәжірибедегідей он пробиркаға әуелі коллоидты ерітіндіні,таза суды,қорғаушы ретіндегі 0,12 процентті желатин ерітіндісін құйып,мұқият араластырып,шамамен 5-7 минуттай сақтайды да тұрақты мөлшердегі электролит қосады. Мұны мысал ретінде берілген келесі кестедегі рет бойынша орындауға болады.
Пробирка реті
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Золь, мл
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
Су, мл
|
0,0
|
0,5
|
1,0
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
3,0
|
3,5
|
4,0
|
4,5
|
Желатин, мл
|
5,0
|
4,5
|
4,0
|
3,5
|
3,0
|
2,5
|
2,0
|
1,5
|
1,0
|
0,5
|
Электролит,мл
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
1,5
|
Жалпы
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
11,5
|
Лайлану
|
-
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Мұндағы да алу таңбасы коллоидты ерітіндінің әлі ұйымағандығын,ал қосу-ұйығандығын көрсетеді.Осындағы 1,5 мл алынған электролит мөлшері екінші тәжірибеде ұйыған алтыншы пробиркадағы электролит көлеміне сәйкес және ол әрбір тәжірибеде өзгеруі мүмкін.Сол сияқты желатин ерітіндісін де екі түрлі етіп әзірлеуге болады. Мысалы, әуелі 50 мг желатинді 100 мл таза суда ерітіп бірінші және кіші таралымдағы ерітіндіні әзірлеп,онымен қорғаушы санын анықтайды да осын мұны 100 мл таза суда 100 мг желатинді ерітіп екінші рет анықтайды. Қорғаушы санын теңдеу бойынша анықтайды:
S=Cж*Vж/V3
мұндағы Cж- желатин таралымы, Vж -ұю құбылысын болдырмай,коллоидты ерітіндіні қорғайтын желатин ерітіндісінің ең аз көлемі, V3-алынған коллоидты ерітінді,яғни золь көлемі. Мұнда да үшінші мен төртінші пробиркаға қосылған желатин ерітіндісінің орташа мәнін, 4+3,5=7,5;7,5/2=3,75мл, алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Коллоидты жүйедегі тұрақтылық түрлері.
2. Лиофилді және лиофобты жүйелер.
3. Лиофобты жүйедегі тұрақсыздық себептері және ондағы өздігінен жүретін құбылыстар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік –технологиялық институты
Экология және химиялық технологиялар кафедрасы
ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОЛЛОИДТЫҚ ХИМИЯ
ПӘНІНЕН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
Қызылорда -2020ж.
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН
«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы, х.ғ.к.,профессор
К.Х. Дәрмағамбет
ҚАРАЛҒАН және ҰСЫНЫЛҒАН
«Экология және химиялық технологиялар кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында 2020 жылғы «28» 08 №_1 хаттама
«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымд.профессоры,, т.ғ.к.
Жусупова Л.Ә. (аты-жөні. ғылыми дәрежесі, атағы, ұйым атауы)
БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
Жұмыс бағдарламасы «Экология және химиялық технологиялар» бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № 1 «_28_»08. 2020 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы Абжалелов Б.Б..
6 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ .
СОӨЖ №1
Дисперстік жүйелердің ерекше қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |