Модуль №1: «Әлеуметтікқауіпсіздіктіңтеориялықнегіздері» Тақырып. Кіріспе әлеуметтік қауіпсіздік әлеуметтік-тарихи феномен ретінде



Дата27.09.2023
өлшемі76,61 Kb.
#110899
Байланысты:
Презентация ӘҚ 1 лекц

Модуль № 1: «Әлеуметтікқауіпсіздіктіңтеориялықнегіздері»   1.Тақырып. КІРІСПЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК-ТАРИХИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ 1.1.«Қауіпсіздік» түсінігі, анықтамасы, қауіпсіздіктің объектісі және субъектісі 1.2. Әлеуметтік қауіпсіздік субъектісі мен объектісі Дәріс мақсаты – Қауіпсіздік түсінігін, анықтамасы, қауіпсіздіктің объектісі және субъектісін ажырату, ерекшелігін көрсету, қауіпсіздік салаларын ашу. Негізгі сөздер- қауіпсіздік, субъект, объект,

  • 1.1. Адам және адамның қызмет ету аясында қауіпсіздік мәселесі әр түрлі аспектілерде ғылыми зерттеулердің пәні ретінде қолданылады.Мысалы психологияда А.Маслоудың концепциясы бойынша «қауіпсіздік» түсінігі адамның өмірлік маңызды қажеттілігі ретінде қаралады.Жалпы ұғымда рефлексия деңгейінде сезіну мазмұнында түсінік қалыптасқан.
  • «Қауіпсіздік» түсінігінің шығу мазмұнын философия және антика кезеңі саяси ойларынан да байқауға болады.Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо еңбектерінде көрініс табады.
  • Саяси тұрғыда «Қауіпсіздік» түсінігінің шығу мазмұны батыс еуропалық қоғамдық саяси ойлардан туындаған.1689 ж Англияда қабылданған Билладағы құқық туралы, 1776 ж Америкалық тәуелсіздік декларациясында, 1789ж француз азаматтық құқығы декларациясында қауіпсіздік түсінігі тікелей және жанама түрде меншікке еркіндік түрде және қанаушылыққа қарсы түсінік ретінде қаралған.
  • XIX – XX ғасырда Еуропада соғыстар мен төңкерістер қауіпсіздік түсінігіне өз әсерін тигізе отырып, қауіпсіздік ұғымы тек жеке тұлғаға ғана бағыттала айтылмады, ол мемлекеттік халықаралық қауымдастық деңгейінде қарала бастады.Қазіргі замандағы батыстық зерттеуші Ротшильд айтуы бойынша «қауіпсіздік» ұғымының мазмұны бірнеше өзгерді.Адам құқығы және оның бостандығы нормативтік құқықтық актілерде көріне бастады.
  • Адамзат тарихының эволюциялық процесін талдауда қауіпсіздік функциясын сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды айқындады:
  • - жеке тұлғаға, қоғамға, мемлекетке келетін қауіпті әлеуметтік прогресс жоя алмайды.
  • -адамның табиғатқа қауіп төндіруінің өсуі адамзатқа қауіптің ауқымының өсуімен артады.
  • -қоғамның жіктелуі және оны ұйымдастырудың күрделенуімен әлеуметтік қауіптің спектры кеңеюде.Әлеуметтік қауіп өзгеріске ұшырайды және қоғамның дамуымен түрөзгешелікке түседі.
  • Күрделі әлеуметтік жүйе және құрылымдардың құрамдас атрибуты қауіпсіздік жүйесі болып табылады. Әлеуметтік ұйымның барлық сферасында қауіпсіздік мәселесін дұрыс бағаламау немесе оны шектеу оны жоғалтуға әкеледі және соңында өмірсүру қабілетін төмендетеді және кейбір субъектілердің элементтерінің жойылуына әкеп соғады.
  • Қауіпсіздік- әртүрлі субъектілердің қарама қарсы мүдделері көрінетін көпжоспарлы, көпқырлы күрделі әлеуметтік құбылыс.Олардың кейбірі өз қауіпсіздігін басқалардың есебінен қамтамасыз етуге ұмтылса, кейбірі өз қауіпсіздігін басқа да адамдар, топтар, халықтармен немесе ескі көзқарастармен ойлау және өзімшілдік көзқарастармен ерекшеленеді.Қазіргі зерттеулердің шегінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша «қауіпсіздік» түсінігін талдауға бірнеше негізгі жолдарымен көрсетуге болады.
  • Біріншіден, «қауіпсіздік» түсінігі сыртқы ортада адамның, қоғамның, мемлекеттің жағдайын көпжақты сипаттайды.Кең мағынада адамдардың қалыпты өмір сүруіне, өмір сүрудің шекті мөлшерін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздіктің кең мағынасын ашады.
  • Жаһандану үдерісінің өсу жағдайында мемлекеттер мен халықтардың өзара тәуелдігі жаппай қырып жоятын қару бар кезде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қауіпсіздік бөліп жарып қаралмайды.Әлемдік қоғамдастықта қоғамның барлық мүшелерінің қарым қатынасында теңдесу принципі өзекті болып отыр.
  • Екіншіден «қауіпсіздік» түсінігі мақсаттар мен құндылықтар ретінде қаралады, ол үшін адамдар, қоғам және мемлекет белгілі бір әрекеттер қабылдайды.Бұл жағдайда адам өзінің табиғи қажеттіліктерін талдай отырып, оның өмірдегі мақсатының сапасы ретінде қаралады.
  • Қауіпсіздіктегі қажеттілік объективті сипатын алады.Ол жеке деңгейде емес ұжымдық топтық мемлекеттік, қоғамдық деңгейде жүреді.
  • 1.2. Әлеуметтік қауіпсіздік субъектісі мен объектісі
  • Субъект және бір уақытта объекті ретінде жеке адам, мемлекет немесе қоғам шығуы мүмкін.Оның кейбірі бірнеше жерде адам-жеке тұлға ретінде және сол немесе басқа топтың, мемлекеттің мүшесі ретінде көрінеді.Адам мен қоғамның өзара байланысы оның табиғатына негізделеді.Сондықтан оның әрқайсысы біруақытта -субъект және объект ретінде екі рольде жүреді.Сол уақыт аралығында бірнеше жағдайларға байланысты қайсы рольде екені айқындалады.Қауіпсіздіктің объектісі немесе субъектісі ретінде шығуына байланысты –жекелеген адамдар, әлеуметтік топтар, қоғам, мемлекет немесе қауымдастықтар қауіпсіздіктің келесі негізгі деңгейлерін айқындайды.
  • Жеке қауіпсіздік
  • Социеталды (қоғамдық) қауіпсіздік,немесе қоғамдық қауіпсіздік
  • Ұлттық қауіпсіздік немесе мемлекеттің қауіпсіздігі
  • Халықаралық немесе ұжымдық қауіпсіздік
  • Әлемдік немесе жаһандану қауіпсіздігі
  • Қауіп-бұл қауіпсіздік жағдайын бұзатын құбылыс.Жағымсыз мағынада нақты бір қауіпсіздік объектісіне жою әрекетін сипаттайды.
  • Қауіп қауіпсіздіктің қай деңгейі болса да ( ұлттық, қоғамдық немесе жеке) субъектінің немесе объектінің жағынан шығуы мүмкін.
  • Мысалы ресейлік «Геополитика и национальная безопасность: Словарь основных понятий и определений / под ред. Л. Манилова» (М., 1998) басылымдардың бірі өмір сүрудің 46 саласын, және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндеттерін ашып көрсетеді.
  • Қауіпсіздіктің ірі аспектілерінің қатарынан мыналарды:
  • Экологиялық қауіпсіздік
  • Демографиялық қауіпсіздік
  • Физикалық қауіпсіздік
  • Экономикалық қауіпсіздік
  • Әлеуметтік қауіпсіздік
  • Этномәдени қауіпсіздік
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Әскери қауіпсіздік
  • Технологиялық қауіпсіздік
  • Бұл тізімді соңғы әрі нақты түрлері деп есептеуге болмайды.БҰҰ-ның «адам қауіпсіздігінің концепциясы» қауіпсіздіктің 8 негізгі категориясын көрсетті
  • Экономикалық қауіпсіздік
  • Азық-түлік қауіпсіздігі
  • Денсаулық қауіпсіздігі
  • Экологиялық қауіпсіздік
  • Жеке қауіпсіздік
  • Әлеуметтік қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Саяси қауіпсіздік
  • XX ғ. соңғы онжылдығында көпполярлы әлем бір полярлылыққа ауысуымен белгілі болды. Әлемдік қауіпсіздік құрылымын қарқынды жетілдіру барлық елдерді қамтыды.
  • Н. Маккиавели сөзімен айтқанда: «соғыс – былайша айтқанда жеке адамдар әділ өмір сүре алмайтын өнер, және ол республиканың ісі болуы тиіс» деген сөзін бүгінгі таңда: «Қоғамның және жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жеке адамдар мен заңды тұлғалар әділ өмір сүре алмайтын және тек мемлекеттің ісі болатын қазіргі әлемде былайша айтқанда кәсіп».
  • Алайда әлемдік қауіпсіздік құрылымын құру үрдісі мемлекетте бірқатар стратегиялық проблемалардың тууына алып келді. Солардың бірі мемлекет қауіпсіздігін және ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету проблемасы болып табылады. Елде ашық демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру саясатқа көшумен байланысты бұл проблема басты мәселелердің қатарынан орын алды. Бұл мәселелердің маңыздылығы құқықтық тұрғыда көптеген жағдайлармен байланысты. Олардың қатарында мынадай мәселелер бар:
  • Біріншіден – бұл үрдісте негізгі болып табылатын мемлекеттің экономикалық саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы өзгерді. Экономикада нарықтық қатынастарға көшуге байланысты көптеген заңды тұлғалар - өндірушілер және тұтынушылар, соның ішінде шетелдік те бар тұлғалар пайда болды. Мысалы, әлемнің көптеген елдерімен арадағы біріккен кәсіпорындар.
  • Бекітуге арналған сұрақтар:
  • Қауіпсіздіктің ірі аспектілерінің қатары
  • «Қауіпсіздік» түсінігінің шығу мазмұны
  • Саяси тұрғыда «Қауіпсіздік» түсінігінің шығу мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет