Модуль Материалдар кедергісі ДӘріс тақырып Негізгі ұғымдыр мен гипотезалар. Ішкі күш факторлары, кернеу және деформация


§ 2. Қатты дене және есептеу схемасы



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#21578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§ 2. Қатты дене және есептеу схемасы 

 

Берілген  дененің  конструкциясы  және  оның  жұмыс  жасау  ортасы  өте 



күрделі  жағдайлар.  Берілген  дененің  барлық  ерекшеліктерін  есептеу 

жұмысында  ескеру  мүмкін емес.  Сондықтан  есептеу  жұмыстарында  оларды 

ықшамдауға  тура  келеді.  Ол  үшін  есептеу  жұмысының  мақсатына 

байланысты  тек  ерекше  факторлардың  әсерін  қарастырып,  есептеу 

схемалары 

құрастырылады. 

Физикалық 

құбылысқа 

әсері 

төмен 


ерекшеліктерінен  босатылған  қатты  дене  есептеу  схемасы  деп  аталады. 

Есептеудің  мақсатына  байланысты  берілген  дененің  көптеген  есептеу 

схемалары болуы мүмкін.   

Есептеу  схемасын  қабылдағанда  қатты  дененің  материалдары  біртекті 

және  изотропты,  яғни  олар  барлық  нүктелерінде  және  бағыттарында  бірдей 

қасиетке  ие  деп  есептеледі.    Өзгеше  материалдар:  ағаш,  фанера,  кейбір 

пластмассалар.  Олар  анизотропты  материалдар.  Материалдың  біртектілік 

қасиеті  дененің  тұтастығын  көрсетеді.  Бұл  кішігірім  сараптаманы  жүргізуге 

жағдай жасайды.  

Дененің  геометриясына  ықшамдау  еңгізіп,  оларды  негізгі  үш  топқа 

топтастыруға болады: брус, қабықша (оболочка) немесе жапырақша  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет