2. Машиналы агрегат – деп қандай да бір қажет ететін функцияларды
орындауға арналған бір немесе бірнеше тізбекті немесе параллель қосылған
машиналардан тұратын техникалық жүйені атайды.
Негізінен машина агрегатының құрамы: қозғалтқыш,беріліс механизмі
және жұмыс немесе энергетикалық машинасынан тұрады.
Механизмдердің бірнеше анықтамасы қалыптасқан.
-Механизм – дегеніміз бір, немесе бірнеше денелердің қозғалысын
қажетті қозғалысқа түрлендіруге арналған жасанды денелер жүйесі.
- Механизм – дегеніміз құрамына қозғалмайтын буын кіретін және тірекке
байланысты тізбектің орнын анықтайтын дәлдік дәрежелер саны жалпылама
координаталар санына тең кинематикалық тізбек.
|