Модуль Модуль Спортшы қозғалыстарының биомеханикалық сипаттамалары Тақырып Дене жаттығуларының биомеханикасы пәні, негізгі мақсаты



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі48,42 Kb.
#79384
1   2   3
2) Тірі ағзалар қозғалысы.
Қозғалысіар тірі ағзалар тіршілігінің негізі деуге болады. Қозғалыстын алуан • алуан түрлері белгілі. Бал арасының ұшуы, музыканттын саусақтарының өсем қозғалысы, фигурист - спортшының мұз айдынында сырғанауы-бәрі -бәрі козғалыска
жатады. Тіпті өсімділіктің өзі де қозғалиды. Мысалы, сазды -батпақты жерде өсетін шыртылдар өсімдігі езінің жапырақтарына қонған шыбын немесе маса сияқты жәндіктерді ұстап алады. Өсімдіктердің өсуінін, өзі де қозтлысқа байланысты екеніне көңіл аудара бермейміз.
Алуан түрлі ағзалар қозғалысы арасында айырмашылық бар сияқты көрінгенімен, олардың арасында айтарлықтай ортақ қасиет те бар. Атап айтатын болсак, қозғалыс жасайтын мүшелердін, бәрінде ерекше зат- жиырылып - созылушы белок болады. Мұндай белоктар жануарларда да, өсімдіктерде де бар.
Әдетте біз қозғалыс жөніиде әнгіме қылған кезде спортпен айналасатын атлеттін қимылдарын немесе турисгік саяхатқа Іпығуды есімізге аламыз. Ал адам қозғалысының өзі алуан түрлі болады. Мысалы, домбырашының домбырада ойнауынан, бишінің мың бұралған қимылынан, цифр санап отырған есепші еңбегінен немесе бала ойынынан сансыз түрлі қозғалыс байқалады. Адам қозғалысының қандайына болмасын бүлшық ет қатысады, ол жиырылып созылады. Қозғалыс дегеніміздің езі бұлшық ет жұмысымен байланысты.
Осымен қатар қозғалысы бұлшық ет жұмысымен байланысты емес жәндіктер де кездеседі. Мысалы, өрмекшінің қозғалысы осындай. Өрмекшіде бұлшық ет орнында гидравликалық қозғаушы мүше болады. Сол қозғаушы өрмекші аяғының сан алуан бөлшектерін қозғалысқа келтіреді.
Тірі организмдер қозғалысы - жан жақты да өте жетілген деуге болады. Тірі организмдер қозғалысынын, көбіне жасанды механизмдер істей алмайды. Мысалы, жарқшіпттың сезімталдығы ғажап ерекше, оның локациялық жүііесі оц жетілген локатордан миллион есе тиімді жүмыс істейді. Жарқанат локациялық аппаратының кедергіні сезуі ең сонғы жасалран локациялық жүйеден 100 есе артық деуге болады. Аса ерекше қасиет суда жүзетін жануарларда байқалады. Ондай жануарлардың су ішіндегі қозғалыс жылдамдығында ешқандай механизм жете алмайды. Мысалы, семсер балық сағатына 120 километр жылдамдықпен жүзе алады. Ал кальмар деп алатын теңіз жәндігінде гидрореактивті қозғаушы бар, теориялық есеп бойынша ол теңіз түбінде сағатына 150 километр жылдамдықпен қозғала алады. Олар теңіз терендігінен атылы шығып, су бетінен 10 метр көтеріледі де, ауамен 50 метр қашықтыққа ұшып жүре алады.
Аса жүрдек теңіз кемелерінің жылдамдығы сағатына 50-60 км. аспайды. Ал дельфиндер болса, үлкен күш жұмсамай-ақ сағатына 50-60 км. жылдамдықпен бірнеше күн бойы кемеге ілесіп жүзіп жүреді. Ілімдік есеп бойынша дельфиннің қозғаушы бүлшық етінін. күші кеме козғалтқышынан 7-10 еседей қуатты болуы тиіс. Шындығында кальмар тірі ракета сияқты. Ол аса зор жылдамдықпен қозғальш қана қоймайды. Оның маневр жасап бұрылуына да, жоғары шығып, төмен түсуіне де көз ілеспейді. Кальмардың қозғалыс аппаратын зерттеу, суда аса үлкен қозғалыспен жылжитын жөне маневр жасай алатын теңіз ракеталарын жасап шығаруға себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет