күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция
сезімдеріне де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып
отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой- пікірлер ғылымда өте ерте кездің
өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер
Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер
айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен
жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар:
денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын-
бауырдағы сары өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының
пропорциясын грекше «красие» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл
терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың біз – бірінен аз – көптігіне
байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық
болса, ол
сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса
(грекше «флегма» - шырын),
флагметик темперамент деп; ал организмде қара
өт басым болса
меланхолик (грекше «мелай – нехоле» - қара өт), организмде
сары өт басым болса,
холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұықтардың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Ол мидың
ролін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізеді.
Гален организмде жылылыұқ неғұрлым басым болса, адамның темпераменті
күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты.
Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін
зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге
байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық
заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент
организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы
жүйеснің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты
деген пікірлер де тарады. Неміс филослфы И. Кант (1724-1804) өзінің
«Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық
психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын
бір- біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс
алады. Мәселен, неміс антатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы нерв
жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л.(1833-
1902)
1
, ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен
біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-
1909) темпераментерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты
деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми
тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П Павловтың ілімі темперамент
туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.