Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет42/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Байланысты:
zhmzht keshen-3

Дамыта оқыту арқылы белсенділікті арттыру өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгертеді, ал белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке тәрбиелейді, қарапайым заттарға эстетикалық биік талғам тұрғысынан қарауға және табиғат пен адам жасаған қайталанбас сұлулықты қорғай білуге баулиды. Сондай-ақ көркем мәдениет туындылары мен олардың қоғам өміріндегі мәні туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастырады.
Оқушылардың көру мен есте сақтауын, байқампаздық қабілетін, бояу түстерін сезіне, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру қажет. Ал бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарын меңгеру арқылы оқушылар шығармашылық қиял: кеңістікті елестету, бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құру, т.б. дағдыларын дамытады.
Дамыта оқыту арқылы оқушы белсенділігін арттыруда кабинеттік жүйемен оқытудың рөлі үлкен мәнге ие. Яғни, сабаққа көрнекіліктер мен техникалық құралдарды тиімді пайдалануға қолайлы жағдай туады. Мұғалім материалдарды алдын ала дайындап, уақытты ұтымды пайдаланады. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артады.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда жоғарыда айтылған мәселелерден басқа мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері үйірмесінің де әсері мол. Онда оқушылар бейнелеу өнері сабағынан алған білімдерін толықтырып, кеңейтеді. Сонымен қатар, оқушылар жұмыстарынан көрмелер ұйымдастыру олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра түсуге септігін тигізеді.
Қорыта келгенде, О.Бальзактің «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, дамыта оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В.А.Карковский, Е.А.Ямбург, А.Н.Тубельский т.б. мектептері).
Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
  • оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;


  • оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;


  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;


  • оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;


  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;


  • көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;


  • оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;


  • оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;


  • оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;


  • дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;


  • жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т.б. жаттығулар).


Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:


  • мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;


  • оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы;


  • оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;


  • оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртіндеушіліктің болуы;


  • оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы;


  • оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдердің кең қолданылуы;


  • оқушылар әжептәуір уақыт аралығында, мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;


  • балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;


  • үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;


  • оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;


  • оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;


  • оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.


Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.


Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа – деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.
 Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы - Республика азаматтарының білім алуға Конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасы» баспасөзде жарық көріп, көпшілік талқылауға алып, өз ұсыныстарын айтуда. Үкімет осы тұжырымдаманы ұсыныстар мен ескертулерді ендіріп, өңделген жобасын мақұлдады.
Тұжырымдама бойынша білім беру жүйесі негізгі сатылардан тұрады:
- мектепке дейінгі тәрбие білім;
- орта білім;
- орта білімнен кейінгі білім;
- жоғары білім;
- жоғары оқудан кейінгі білім;
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім 6 жасқа дейін балалар бақшасында, мектеп базасында, балалар үйінде, арнаулы мектеп-интернаттарда жүргізіледі. Орта білім баланы 6 жастан оқытып, 12 жылдық мектеп базасында жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған орта білім моделі 4+6+2. Осы он екі жылдық орта білім бағдарламасы үш сатыдан тұрады.
Біріншісі – бастауыш білім 1-4 сынып оқушылары жатады.
Екінші сатыға – 5-10 сынып оқушылары жатады.
Осы алты жылдық оқуда оқушы негізгі орта білім алып, тұлға ретінде қалыптасып, кәсіптік бағдар алады. Кейбір негізгі пәндерді тереңдетіп оқып, өзіне қажет еткен біілім саласы бағдарламасы бойынша таңдап алуға үйренеді.
Орта білімнің үшінші сатысына 11-12 сыныптар жатады.
Соңғы екі жылда оқушылар кәсіптік білімге даярлықтан өтеді. Ал ауылдық жерлерде жаңа типті бағдарлық мектеп-интернаттар ашылмақшы. Техникалық және кәсіптік білім алудың оқу мерзімі 2 жыл. Егер оқушы жоғарғы білікті маман болғысы келмесе, тағы бір жыл оқытылады. Кәсіптік және техникалық оқу орындарының жұмыс бағыты жаңа техника мен технологияны меңгерген жаңа нарық заманына сай жұмысшы мамандар даярлау болып табылады. Бұл саладағы оқудың сапасын білу үшін дайындалған маманның білімі мен біліктілігін тексеретін тәуелсіз жүйе керек екендігі тұжырымдамада айтылған. Орта білім берудің мәні мен мазмұнының өзгеруіне байланысты мектептердегі оқу жүйесін қайта құру қажет. Жоспарлық-нормативтік құжаттардан бастап оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар қайта жасалады. Ең негізгісі жаңаша оқыта білетін мұғалім мамандарды даярлау керек. Олар жаңа технологиялық оқыту әдістемесімен қатар информатикалық оқуды және жаңа заманға сай тәрбие әдістерін меңгеруі тиіс.
Орта білім беру – ең күрделі, ең негізгі білім беру сатысы болып табылады. Орта білімді дұрыс меңгермеген әрі қарай жоғары білім алуға қабілеті жетпейді. Сол себепті бұл білім беру сатысы – бірыңғай мемлекеттік аттестация жүргізумен аяқталады. Аттестациялаудың қазіргі ұсынылып отырған түрі Бірыңғай ұлттық тестілеу болып табылады. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білімге негізінен орта буын білікті мамандар даярлау жатады. Бұл мамандар қызмет көрсету, басқару және техникалық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейде даярланады. Оқыған кезде магистранттар кәсіптік біліммен қатар әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми пәндерін оқып, егер жоғары оқуды бакалавриатта жалғастырғысы келсе, үшінші курстан қабылданады.
Егер магистрант тереңдетіп оқытатын бағдарламамен оқитын болса, оқу мерзімі тағы 6 айға ұзартылады. Бұл кезде магистрант біліктілігін арттыру орталықтарында білім алуы мүмкін. Орталықтар мекемеде, фирмаларда, қайта даярлау және біліктілік көтеру орталықтарында болады.
Қазіргі уақытта жоғары білім алуға жаңа сапа мен статус беру қажет. Жоғарғы білім ғылыми зерттеу, халық шаруашылығын жаңаша ойлай алатын, жаңа технологияларды меңгерген, информациялық тәсілдерден хабары мол мамандар даярлауға бағытталған болу керек.
Жоғарғы оқудың мақсаты: қоғамды, мемлекетті және жеке тұлғаны қанағаттандыратын білім беру. Сонымен қатар әр адам өзіне қажетті білім саласын керегінше таңдауға қол жеткізу.
Жоғарғы оқу орнындағы білім – бакалаврлық білім болып алынады. Ол төрт жылдық мерзімді қамтиды, сабақ кредиттік технология бойынша жүргізіледі және белгілі бір типтік жоспар мен бағдарлама бойынша мамандыққа дайындайды. Оқу мемлекеттік қорытынды аттестациямен, белгілі бір сала бакалавры академиялық дәрежесін берумен аяқталады.
Жоғарғы оқудан кейінгі білім магистратура мен докторантурадан тұрады. Магистратура үш бағытта дайындық жүргізеді:
- әкімшілік және менеджмент;
- ғылыми және ғылыми-педагогикалық;
- аралас бейімдік;
Магистратуралық дайындық оқу бағдарламаларына негізделіп, ғылыми-методикалық бағытта тереңдетіліп, мамандандырылып оқытылады. Магистратура бітіргендерге магистр атағы беріледі, олар докторантураға оқуын жалғастыруға рұқсат алады. Докторантура – білім берудің ең соңғы сатысы болып есептеледі. Оның мақсаты жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау болып табылады. Докторантура бағдарламасымен білім алған, докторлық диссертация қорғағандарға философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Докторантура оқу мерзімі 3 жыл. Бұл бағыт жастардың білім алуға ынтасын арттырып, академиялық доктор дәрежесін алатындардың жас шамаларының төмендеуіне ықпал етеді.
Осы тұжырымдаманы қалай іске асыруға болатындығына талдау жасайық:
- барлық білім системасын қайта құру керек;
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жаңадан жазылу қажет;
- мектептер мен оқу орындары қайта жарақталып, материалдық және техникалық базалары жаңартылуы керек;
- мектепке дейінгі оқу мен тәрбие мекемелерін құру;
- жоғары оқу орындарын басқаруды жетілдіру;
- магистратура мен докторантураға база жасау;
- оқу процесіне жаңа технология мен ақпараттарды пайдалануды енгізу;
- тұжырымдаманы іске асыру үшін қаржылық және мамандармен қамтамасыз ету;
Жоғарғы оқу орны – маман даярлауда ерекше бағаланады. Қазіргі ұсынылып отырған бакалавриат моделі барлық жоғарғы оқу орындарына тура келеді деп айта қою қиын. Себебі – техникалық оқу орындарында маман даярлау, гуманитарлық мамандықтарға қарағанда күрделірек, ұзақ және көптеген ғылым саласын меңгеруі тиіс.
Тұжырымдаманы іске асырудың жолы – кредитті технология деп, қазір сол оқыту әдісіне жаппай көшу қолға алынып жатыр. Басқа елдерде қолданылып жүрген тәжірибелерді тереңірек зерттеп, Қазақстан халқының сана-сезіміне, менталитетіне лайық оқыту технологиясын қолданған дұрыс. Немесе ұсынылып отырған технологиялардың жақсы жағын алып, өзіміздікін қосып, ұлттық оқыту технологиясын ұсынған жөн болар еді.
Еліміздің жоғары мектеп жүйесі Болонья процесінің идеяларын толық қабылдап, өзінің мазмұнын осы үрдіспен байланыстыруы жоғары оқу орындарының жұмысына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Болонья процесінің басты идеясы – оқу нәтижелерін жоспарлау, яғни мұнда оқу нәтижелері жоғары мектептің негізгі қызметі (функциясы) болып танылады
Осыған сәйкес оқу нәтижелерін құрастыру - әр ЖОО-ның, оның ішінде әрбір оқытушының, әр пәннің міндеті болып танылуда. Егерде бұрынырақта жоғары оқу орындары оқудың мазмұнын құрастыруға ден қойған болса (студенттің «не оқу» немесе «не білу» керектігін көрсететін бағдарламалар, оқу жоспарлары), енді кредиттік оқу жүйесі жағдайында олар оқыту (оқытушы әдістемесі), оқу (студенттердің өздігімен үйренуі) және бағалау арқылы студенттердің «не білетіндігін», яғни олардың оқу нәтижелерін анықтауы қажет. Бұрынғы тар мағынадағы «біліктілік» термині енді «құзырлылық» ұғымымен алмастырылған. Ал бұл дегеніңіз студенттің кең ауқымды контекст аумағында (рухани-моральдік, философиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, т.б) оқып-үйреніп, өмірдің көлденең тартқан қандай да болмасын проблемаларын шешуге құзырлы болуы керек дегенді білдіреді. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.
Нәтижеге бағытталу оқу процесінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады. Оқу процесі студентке бағытталып, студентцентристік идеяларды ұстанғандықтан үйрену мен үйрету әрекеттері қоян-қолтық қарым-қатынастан тұруы керек. Бұл қарым-қатынас оқытушы мен студенттер, студент пен басқа студент, студенттердің шағын топтары арасында өтеді. Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету мұндай қарым-қатынаста біртұтас қалыпта болып, олардың нәтижесі мен маңызы да осындай қарым-қатынасқа тәуелді болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде мәселені тіпті келесідей төтесінен қоюға болады: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады».
Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. С.Мирсейітова бұл туралы келесідей жазады: «Біздің қоғамға қандай білім қажет? Басқа сөзбен айтқанда:
1. Не нәрсеге үйрету керек: фундаменталдық білімге ме, әлде осы білімді іздену дағдыларына ма?
2. «Оқыту» деген не: әрқашан және әр мәселе бойынша нұсқап отыру ма, әлде оқытудың «маңызды кезеңін» анықтап, қалған уақытта іздену мен өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік беру ме? Оқытудың негізін не құрайды: «даму» ма, әлде «қалыптастыру» ма?
3. Оқытудың мақсаты қандай? Оқытудың басты назарын неге аудару керек: процеске ме, әлде нәтижеге ме? Басқаша айтсақ: басты мәселе «даму» ма, әлде «форма» ма?
Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту бұл мәселелерді келесідей шешеді: үйренушілерге ақпарат және дайын қағидаларды, яғни фундаменталдық білім («Не?») беру («Қалай?») арқылы оларды болашақта маман («Не үшін?») болып қалыптастыру (нәтиже). Дәстүрлі оқыту көбіне-көп білімді формалды тұрғыдан қабылдайды: шәкірттерге сабақ беретін пән бойынша оқу бағдарламасында және оқулықта келтірілген ақпарат пен мәліметтерді үйретеді, яғни оқытудың негізін бағдарлама мен оқулықтардың мазмұны құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет