Жаңа материалды оқып үйрену және оқып игеруге деген студенттердің қызығушылығын тудыру.
Жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда студентке берілетін тапсырманы студенттің қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп әзірлеу.
Студентке тапсырмаларды әр түрлі күрделі дәрежеде орындату арқылы студенттердің білімін саралауды ұйымдастыру.
Студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін тудыртатын, қабілеттерін жан–жақты дамытатын әртүрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану.
Студенттердің білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру.
Студенттің тұлғалық қасиеттерін дамытуға әсер етіп, оны өз бетімен жұмыс жасауға бейімдейтін педагогикалық технологияның бірі М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту» технологиясы. «Модульдік оқыту» технологиясының мақсаты: студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымын анықталатын, біршама дербес бөлігі.» (С.И.Ожегов.) Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі, студент өз бетінше немесе оқытушының көмегімен белгілі бір нәтижеге жетеді.