Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;
3
Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ;
4
Компьютерлік техниканы меңгеруі ;
5
Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері:
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі; ұйымдастырушылық шеберлігі;
мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс әpi уақытылы қабылдай алу.
кәсіптік көрегендігі;
ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
педагогикалық техника.
Оқытушы іс-әрекетінің логикасы.
Анализ (грек тілінен аударғанда – бөлу, талдау) – объектінің құрамдас бөліктерін өз бетінше зерттеу мақсатында бөлу, талдау.
Синтез (грек тілінен аударғанда – біріктіру – шынайы немесе ойша заттың бөліктерін және жақтарын біртұтасқа біріктіру). Синтез – бұл тұтастық бөліктерін ырықсыз, эклектикалық біріктіру емес, ол мәнді анықтауға қарай диалектикалық тұтастық болып саналады.
Абстракциялау (латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс)
Салыстыру – объектілердің ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция.
Жалпылау - заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі.
Индукция – бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты зерттеудің логикалық тәсілі.
Дедукция – таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым процесінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту.
Модельдеу. Аналогия бойынша ой-қорытындылары кеңірек түсіндіріледі, бұл бір объекті туралы ақпаратты ауыстыру модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды – объектілерді модель бойынша зерттеу әдістері.