МөЖ тақырыбы. Ежелгі Қазақстан тарихының зерттелуі



Дата29.09.2023
өлшемі27,23 Kb.
#111277

МӨЖ тақырыбы. Ежелгі Қазақстан тарихының зерттелуі

Қазақстанның өткен тарихы отандық және шетелдік ғалымдардың көптен бері назарын аударып келді. Өлкенің ортағасырлық тарихын жазу жөнінде Евразия тарихнамасындағы алғашқы тәжірибелер XVII ғасырда жасалды. Жалайыр тайпасынан шыққан түрік тарихшысы Қадырәлі бек 1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің (XVI ғ.) тарихи жинағы негізінде «Оқиғалар жинағы» деген еңбек кұрастырған, онда монғол шапқыншылығынан кейінгі қыпшақ даласында болған оқиғалар суреттеледі. Алдыңғы ортағасырлық кезең үшін бірқатар түрік тайпаларының (қыпшақтардың, қарлұктардың, қаңлылардың, ұйғырлардың), оғыз тайпасының негізін қалаушы Оғыз ханның тарихымен тікелей байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) тарихи екі шығарма: «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» жазған, олардың беттерінде оғыздардың, кьшшактардың, қаңлылардың алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға кдтысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ақ Казақстанның тарихи географиясы жөніндегі мәселе козғалады.


Нақ сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі шығармасында УІІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көпте-ген түрік тайпаларының тарихы мен этнографиясына ден қояды. Орталық Азияның мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, қарахандар, салжұқтар, хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі. Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мұсылман шежірешілерінің көптеген шығармаларын пайдаланған.
50-жылдардын басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент). Ескерткіштерді деректеметану-текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім - массагеттердің Кир әскерін талкандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді. Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның казіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі кезкарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко, М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А. Акышев, М. Қ. Қадырбаев және баскалар).
Қазақстанның ортағасырлық, тарихы мәселелерін қамтитын алғашқы жарияланымдар XVII ғасырдың аяғында пайда болады. Ориенталист д'Эрбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер туралы бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға енгізген. XVII ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған азын-аулақ шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік және монғол тайпаларының тарихына жалпы шолу жасауға тұңғыш рет әрекет етті. Шығыстың нарративтік деректемелері бойынша монғолдар тарихын жазған арабист д'Оссон ән-Нувайри (XIV ғ.) бойынша кыпшақ тайпаларының тізбесін біразын берік сактап калып отыр. Онын екі бөлімнен тұратын, авторға лайыкты дүниежүзілік даңқ әперген «Түркістан монғол шапкыншылығы дәуірінде» деген іргелі еңбегі «Очерктермен» тығыз байланысты.
XX ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстанушы И. Маркварт танымының кең және жан-жакты болуымен ерекшеленеді, жиналған мәліметтерінің байлығы және алуан түрлілігі жөнінен ол мамандардың толық көңіл бәлуіне лайык. И. Маркварт Шығыс Европа елдерікде мүсылман мәліметтерін және олардың ортағасырлық байланыстарын талдауға әрекет жасалуына байланысты түрік тайпалары тарихының сюжеттеріне бірінші болып жүгінеді. Проблеманы жол-жөнекей зерттеумен шектелмей, ғалымның пікірінше, өте ерекше этнос кыпшактарға (командарға) арнаулы монография арнап, онда сюжеті жөнінен әр алуан сипатты және тілі жөнінен алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде Евразияның далалық өңірінің халықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі мәселелерді кең көлемде козғады.
Қазан революциясынан кейін В. В. Бартольд қазақ такырыбын түрік халықтарының тарихы жөніндегі жұмыстардын кең көлемді проблемалық және хронологиялық диапозонына енгізеді. Бұған ұлттық тарихпен ұлттық мәдени дәстүрлерге деген зор ықыластың Қазақстан мен Орта Азияда революциялық окиғалар кезеңінде оянып, 1924 жылғы ұлттык межелену кезінде ерекше күшейе түсуі себепші болды.
Қазақтың жоғары педагогикалық институтында болған кезінде В. В. Бартольд «Түрік-монғол халықтарының тарихы» (1927) деген лекция окыды. Ол Махмуд Қашғаридің материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың Қазақстан жерінде орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде тәптіштеп көрсетіп, кейіннен казақ халкының калыптасуында негізгі компонент болған кыпшақтар тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін сипаттап берді.
1926 жылы В. В. Бартольд түркі тілдес халықтардың тарихын күрделі процесс ретінде корытуға, тілі бойынша туыс, бірак экономикалық тұрмысы жөнінен әр түрлі халықтардың кем дегенде екі мыңжылдық бойында жүріп өткен дербес әлеуметтік, саяси және мәдени даму жолын көрсетуге тұңғыш рет ғылыми негізделген әрекет жасайды. Зерттеулерінің бұл бағыты ең алдымен оның «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі лекция» деген еңбегінде көрініс тапты, бұл еңбегінде ол өзінің «Шығыс тарихын Европаның тарихы сиякты ғылыми әдістерді колдану жолымен ғана түсіндіруге болады» деген тезисін мейлінше дәл әрі айкын ұстанады".
В. В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын бір жүйеге келтіріп белгілеген кезендері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі болып табылады, ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихнамасынан берік орын алды. В. В. Бартольдтің енбектері Қазақстан тарихын зерттеуде көп жағынан негізге алынады.
Қазақстанның ортағасырлық, тарихы саласында В. В. Бартольдтің ісін тікелей жалғастырушылардын бірі, кең аукымдағы зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін карастырған А. Н. Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты кызметінің қазақ, халқы тарихының алдынғы кезенін, соның ішінде үсундер, ғұндар тарихының көптеген белімдерін зерттеудегі маңызы зор. Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық катынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол сондай-ақ V-VIIғасырлардағы соғды коныстанушылығынын рөлі мен маңызын және оның Түрік кағанатымен өзара катынасын аныктады, Жетісудағы карлұк кезеңі туралы мәселені нақтылады. А. Н. Бернштам соғыска дейінгі ке-зенде Жетісу мен Тянь-Шанның ертедегі және орта ғасырлардағы тарихы дамуының негізгі нобайларын белгіледі.
А.Ю.Якубовский жазбаша мұсылман деректемелерін тамаша білетіндігімен ерекше көзге тусті. Оның жазбаша ескерткіштерден алынған мәлімеггерге егжей-тегжейлі талдау жасап, Оңтүстік Қазақстанның ортағ-асырлық каласы Сығанақты суреттеуге арналған макаласы осы кезге дейін белгілі бір объектіге археологиялық зерттеу жүргізуге дайындаудың үлгісі бола алады. А. Ю. Якубовский VIII ғасырдан XV ғасырға дейінгі турікмендер тарихы жәнінде үлкен еңбек жазды. Онда оғыздар, олардың алдыңғы орта ғасырлардағы рулық-тайпалық күрылымы, шаруашылық өмірі және әлеуметтік-экономикалық қатынастары туралы аукымды материал жуйеге түсірілген. А. Ю. Якубовскийдін Алтын Орданың тарихы жөніндегі зерт-теуі ғылымдағы ірі жетістік болып табылады, ол шын мәнінде осы мемлекет туралы алғашкы іргелі енбектің пайда болуымен аяқталды. Оның XI—XIII ғасырлардағы монғолдар тарихына шолуы теориялық турғыдан алғанда мо-нғолдардын ғана емес, сонымен катар монғолдармен тарихи жағынан мейлінше тығыз байланысты көшпелі түрік халықтарының да әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу үшін манызды. Ол VI—XV ғасырлардағы Орта Азияны кезендерге бәлуді де белгіледі. Орта Азия мен Қазақстанның тарихшылары сол кезендерге бөлудін көптеген кағидаларын қабылдады.
С. П. Толстовтың ғылыми кызметі де нак сол 40—50-жылдарға жатады, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына ол да елеуі үлес косты. Хорезмнің археологиясы мен этнографиясын түрлі бағыттарда тереңдете зерттеуге байланысты оның еңбектерінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Батыс және Онтүстік Қазақстан халкының қоғамдық құрылысы мен мәдени-тұрмыстық укладына терен талдау жасалған. С. П. Толстовтың этнографияяың түрлі қырлары бойьігіша, атап айтканда, әдістемелік проблемалар бойынша зерттеулері этнографияның дамуындағы маңызды кезең болып табылды.
С. П. Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи-археологиялық материалды ғылыми айналымға енгізудің абыройына бөленді. Бұл орайда ол Сырдария атырауындағы оғыз коныстарының сипатын анықтауға, X ғасыр мен XIғасырдын басындағы оғыздардың шығу тегіне өзінің кезкарасын белгілеуге әрекет жасады. Онын енбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға мүмкіндік берді.
В. Ф. Минорскийдің іргелі еңбектері зор манызға ие болды. Оның парсының географиялық анонимі «Худуд әл-аламды» зерттеу еңбегі тарихи-деректеметану турғысынан сәтті орындалған. Туріктің ягма, карлұк, жікіл, тухси, оғыз, печенег, кыпшак тайпаларының мекендері салаларына каты-сты аукымды түсіндірмелердің дербес манызы бар. Араб тілді автор әл-Марвазидің (XII ғ.) еңбегі В. Ф. Минорский түріктер, Қытай және Үндістан туралы тарауды ағылшын тіліне аудармасын косып, егжей-тегжейлі түсінікте-мелер беріп жарияланғаннан кейін ғана ғылымда колданыла бастады. Бұл шығарма түрік тайпалары туралы бірегей этнографиялық мәліметтерінін аркасында тарихи жағынан өте құнды болып табылады. Түрік тайпаларының Батыс бағытында орасан зор көшіп-конуының тізбегін туғызып, тайпалардың Ішкі Азиядан коныс аударуы туралы мәліметтер ерекше маңызды. Оның Тамим ибн Бахрдың (IX ғ.) Ішкі Азияға саяхаты туралы мақаласының әдістемелік жағынан маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет