Мойынның қисаюы, майтабандық, табан деформациясы, (омыртқалардың қисаюы) сколиоз



бет2/3
Дата07.04.2022
өлшемі21,85 Kb.
#30147
1   2   3
Балалар церебральды салы - ұрықтық(перинатальдық) кезеңдегі эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен мидың полиэтиологиялық ауруларға шалдығуы. Мұндай жағдайлардың кӛпшілігі туылу кезіндегі бас миының соққы алуымен де түсіндіріледі. Онтогенез дамуының ерте кезеңінде бас миының үлкен жарты шарларындағы қимылдық қозғалыс, сӛйлеу кезіндегі ерікті қозғалыстарды реттеуші мидың «ӛте жас» бӛлімдерінің зақымдануы да әсер етеді. Балалар церебральды салы кезіндегі қимылдық, танымдық, сӛйлеу функцияларындағы кемшіліктер:

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептің арнайы бейімделген ғимараты (пандустың болуы, кең есік жақтауларының, мүгедектер арбасын көтергіштің, баспалдақтың жанындағы көтергіштің, есіктерді автоматты ашушылардың болуы) және арнайы жиһазы (бірадамдық парталар, тұрып жұмыс істеуге арналған конторкалар), ортопедиялық құралдары, оқытуға арналған арнайы приборлар болуы қажет.

Мүмкіндігіне қарай, сыныптардың толықтырылуы барынша аз болуы керек. Партаның жанында мүгедектер арбасын қою үшін қосымша кеңістіктің болуын қамтамасыз ету қажет (егер оқушы арбадан орындыққа отырса). Тақтаның жанындағы өтетін жолды бос қалдыру керек, оқушы арбада немесе балдақпен тақтаның алдына еркін бара алуы керек. Сынып тақтасының аса төмен орналасуы қажет.

ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында – түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады.

«Ресей ХІХ ғасырдың басында, қимыл қозғалысының бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар балаларды кәсіп түрлеріне үйретті.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында Венгрияда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл-қозғалыстарын түзетуге бағытталған реабилитациялық жұмыстар, яғни қимыл-қозғалыс бұзылуын жеңуге үйретуде, жетекші рөл атқаратын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет