Молдабек Н.Қ. Автомобильдердің ҚҰрылысы қостанай, 2022



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата28.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#131034
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
қауіпсіздік ережелері 
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары арнайы 
жөндеуге арналған жерлерде көтеріп тасымалдайды механизмдер, аспаптар, айла-
бұйымдар бар жерде жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге 
жіберілген автокөліктер қардан, мұздан және батпақтан таза болу керек. 
Еден үстіндегі техникалық күтім және жөндеу постарына автокөлікті қойған 
кезде дөңгелектерді екіден кем емес тірекпен бекіту қажет. Тежеуішті осы кезде 
беріліс қорабының мінтірегін төменгі берілісте болу керек. 
Бензинді қозғалтқыштары бар, автокөліктің тұтандыру жүйесін өшіру қажет, 
ал дизельді автокөліктерде жанармай беру жалын жабу керек. Автокөліктің рульінде 
жұмыс жүргізіп жатыр деген табличка болу керек. Автокөліктің көтергіш 
механизмге орнатқан кезде көтергішке »тиіспе» автокөлік астында кісілер деген 
табличка болу керек. 
Автокөліктің жоғарғы жағында орнатылған агрегаттарды жөндеу кезінде 
қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін басқышты қолдану қажет. Автокөлік астында 
жатып жұмыс жүргізіп жатқан жұмысшыға арнайы тоқтайлар болу керек. Жер 
үстінде немесе еден үстінде тақтайсыз жұмыс істеуге болмайды. Автокөліктің 
дамкратпен көтеріп арнайы қорғау тіреуімен қоймаса, автокөлік астында жұмыс 
істеуге тыйым салынады. 
Мекемеде слесарлы жұмыстар мен жұмыс жүргізгенде, құрал-жабдықтарды 
пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Автокөлікті жөндеу кезінде 
оған пайдаланатын аспап, сьемник, айла – бұйым, артық бөлшектер жақын жерде 
орналасу керек. Олардан жерге құламас үшін, көлденең жазықта қалды. Аспаптарды 
сақтау үшін арнайы жылжымалы шкафтар және аспаптық жәшік столы 
қолданылады. 
Көбінесе 
слесарлар 
құрастыру-бұзу 
жұмыстарында 
стол 


35 
қолданылады. Негізгі бір орынды (2,0х0,8 м өлшемді) немесе екі орынды (2,4х0,9 м 
өлшемді) қысу құралы бар столдары қолданылады. Аспаптарды столда сақтау үшін 
жәшік қарастырылған. Жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін, столды жұмысқа келтіріп 
реттейді. Столдың жұмыс істеу беті майға, техникалық сұйықтарға қарсы тұру үшін 
металл қабаттарымен, линолеум, фибро және тағы басқа пластиктарымен қаптайды. 
Асфальбетонды еден столында жұмыс істегенде суық тимес үшін ағаш 
торларын қолданылады. Столдардың арақашықтығы габаритті өлшемдеріне және 
ОНТП-01-86 орналасу схемасына байланысты. Орындықтары биіктігімен және 
шайқауымен реттелу керек. Жұмыс істеу орны таза болуы керек. Керексіз 
бөлшектер материальдар, аспаптар, құралдар шашылмау қажет. Автокөліктен 
алынған бөлшектер, түйіндер еденге және арнайы орынға ұқыпты қойылу керек, қол 
аспаптары құрғақ және таза болу керек. 
Үшкір тістеуік және жалпақ тістеуік сабы жарық, сынық жаман болмау керек. 
Үшкір тістеуіктің тісі, зақымдалмаған үшкір болуы керек, ал жалпақ тістеуік толық 
істелмеген сеткалы болып келеді. Сонымен қатар қысу тискалары да осындай болып 
келеді. Автокөлікті жөндеу кезінде слесарға қорғану үшін арнайы қатты материалды 
костюм және аралас қорғап киеді. Қысқы уақытта сыртқы жұмыстарды қосымша 
куртка және шалбар береді. Этильді фартук және перчатка береді. Слесардың қол 
тері ауруларын болдырмау үшін арнайы «Айро» және «Неведишка» пасталарын 
қолданылады. Теріні өндірістік кірлерден тазалау үшін мазбді, қатты кірлеген қолды 
жуу тәсілімен «Ралли» сабынымен жуады. 
Сонымен қатар осы слесарь жұмыстарында діріл, шуыл көп болады. Бұл 
шуылдар адам организміне өте әсер етеді. 
Шуыл еңбек өндірістігін төмендетіп адамды жарақат алуға әкеліп соғады. 
Шуыл асқазан ауруларын қоздырады (язва, гастрит). Ғимараттың ішкі жағынан 
сырқа шығатын шуылды төмендету үшін дыбыстан қорғайтын қорғау құралдарын 
қолдану қажет. 
Техникалық процестерді ыңғайлау дыбыс сөндіруді қолдану механизмінің 
айналатын бөлшектерін реттеу осы шаралардың бәрі шуылдың мөлшерін көпке 
төмендетеді. Ең әсерлі шуыл жұмыстағы құралдардағы шуылды, төмен шығаратын 
құрал-жабдықтарды қолданған кезде болады. 
Дірілді төмендету үшін арнайы дыбыс сөндіретін құралдарды қолдану қажет. 
Электр қол машиналарымен жұмыс істеген кезде адамға қол дене, кейде шек 
арқылы 
берілетін 
дірілді, 
діріл 
төмендететін 
құралдарды 
немесе 
автоматтандырылған құралдарды қолдану қажет. 
МЕСТ-1200284 ЕҚСЖ бойынша еңбекті қорғау – бұл заңды актілерінің жүйесі 
және оларға сай әлеуметті, эканомикалық, технмкалық және ұйымдастыру 
шаралары. Осы шаралар жұмысшының жұмыс істеу қабілетін денсаулығын және 
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 
Дөңгелекті тракторлардың жүрісін басқаратын механизмдерге жүріс бағытын 
өзгертетін қондырғы (рульдік механизм) мен жүріс жылдамдығын баяулататын 
тежеуіш қондырғы жатады. 


36 
Автомобильлардың конструкциясына қойлатын 
қауіпсіздік 
талаптары 
(12.2.019-76 ГОСТ-ымен), белгіленіп ауыл шаруашлығы автомобильлдер мен өзі 
жүретін ауылшаруашлық машиналарына таралады. 
Жоғарыда аталынған машиналардың бәрі кабина мен жабдықталған. 
Доңғалақты және шынжыр табанды жүзімдік автомобильлар аударылғанда 
автомобильшіні жарақаттан рақатау үшін берік біртұтас металдан жасалған кабина 
немесе қанқамен жабдықталған. Қатты қаңқаны кабинаның ішіне жасайды, бұл 
автомобильдың сыртқы пішініне нұқсан келтірмей, кабина беріктігін жақсартады. 
Егер кабинаның шығатын жері двигателге қарсы орналасса, онда авария кезінде 
шығатын есік болады. 
Автомобиль кабинасының еденін немесе алаңын тайғанақ болмас үшін биіктігі 
1-2.5 мм кедір-бұдырлы материалдан жасайды. Ілініс муфтасы мен тежеуіштердің 
аяқ педалының шетінде биіктігі кемінде 10-20 мм кенере болады, ол педальды 
аяқпен басқанда тайып кетпеуден сақтайды. Механизатор отыратын тұстағы 
кобинаның төбесі жұмсақ материалмен қаптайды. 
Автомобиль кабинасының алдыңғы және артқы әйнегі терлемеу немесе 
кірлемеу үшін әйнек тазалағышпен қамтамасыз етілген, ал өзі жүретін 
ауылшаруашлық машиналарында бұл алдыңғы әйнекте ғана болады. Кабиада 
қалыпты микроклиматты қамтамасыз ететін құрылғы болуы керек, ол ауаның 
салыстырмалы ылғалдылығы 40-60% болғанда кабинада сыртқы температурадан 2-
3 градус жоғары яғни 14 градус төмен 28 градустан жоғары болмауын қамтамасыз 
етеді. Ең ыстық айда сағат 13-те ауаның сыртқы орташа температурасы 25 градус 
болатын аудандарда кабинадағы температура ЗГС-ден аспауға тиіс. 
Әрбір автомобиль аптечка үшін қорап қаппен, сыйымдылы 2-3 литрден кем 
емес ауыз су үшін термоспен, сырт киімді және өрт сөндіретін құралдарды 
орналастыратын құрылғымен қамтамасыз етіледі. 
Автомобильды басқарып және қызмет етуге 16 жасқа толғандарға жолда жүру 
тәртібін мұқият оқып, білгендерге ғана рұқсат етіледі, олардың Автомобильды 
жүргізуге берілген Автомобильші-машинист деген бірыңғай куәлігі мен ескертпе 
жасайтын талоны, алдын ала өткен немесе мерзімдік (12 айдан соң) медициналық 
куәлігі мен техникалық қауіпсіздік нұсқауы болуы қажет. 
Механизаторлар тек қана рұқсат етілген автомобиль мен комбайнда жұмыс 
істеу үшін қағаз жүзінде тиісті рұқсаты болу керек. Тек бұзылмаған, дұрыс 
техникамен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 
Двигатель жұмыс істеп тұрғанда автомобильдың немесе комбайнның астында 
тұруға тыйым салынады. 
Машина - автомобиль агрегатында,өзі жүретін немесе тұрақты машинада ақау 
байқалса, оны дереу тоқтату қажет. Машиналар мен механизмдерді резинкеленген 
алжапқыш, резеңке қолғап, етік, қорғауыш көзілдірік киіп, тазартқан дұрыс. 
Автомобиль жүріп келе жатқанда одан түсіп немесе оған отыруға қатаң тыйым 
салынады. Двигатель жұмыс істеп, қуат алу білігі іске қосулы тұрғанда, автомобиль 
жүріп келе жатқанда машинаны тазартуға, майлауға, жөндеуге және реттеуге 
болмайды. 


37 
Тракторлардың жүрісін баяулататын тежеуіш қондырғылар негізгі тежеуіш пен 
беріліс механизмінен құралады. Негізгі тежеуіш қондырғы жүріс доңғалағында (Т-
150К, К-701) немесе онымен бір байланыстағы білікке орнатылған қосымша 
барабанға (МТЗ-80, Т-40А) бекітіледі. Бұл тежеуіш қондырғының жұмысы сол 
барабан мен қосалқы тетіктің аралығында үйкеліс туғызу болып саналады. Қосалқы 
тетік үшін үйкелісі күшті материалмен қапталған лента, диск немесе қалыптар 
қолданылады. Осы қосымша тетіктер беріліс механизмінің көмегімен барабанға 
күшпен итеріліп, аралығында үйкеліс күші пайда болады. 
Тежеуіш қондырғыда неғізғі реттелетін шама ол барабан мен қосалқы тетіктің 
аралығындағы саңылау болып табылады. Ол саңылау тежеуішті басқара- тын 
педальдің толық жүрісімен тікелей байланысты. Сондықтан да тежеуіш 
қондырғының жұмысын реттеу басқару педалінің бос жүрісі мен толық жүрісін 
реттеумен атқарылады. 
Егер бос жүрістің мөлшері шамадан өзгеше болса, онда тежеуіш жұмысы 
қалыпты болмайды. Бос жүріс көп болған жағдайда толық жүріс азаяды да, тежеу 
күшін азайтады, ал аз болса, барабан мен қосалқы тетік өзара жанасып тұрғандықтан 
өздігінен тежелу болады. Мұндай жағдай тежеуішті күйдіреді және трактордың 
тарту күшін олсіретеді. 
Тежеуіштің жұмысы дұрыс реттелгендігін тексеру үшін тракторды асфальтті 
тегіс жолда, жылдамдығын 20 км/сағ дейін арттырады да тежейді. Осы кездегі 
тежелу жолы 6 метрден аспауға тиіс. 
Кейбір компрессормен жабдықталган К-701, Т-150К тракторларында тежеуішке 
пневматикалық 
беріліс 
қолданылады. 
Мұндай 
тежеуішті 
беріліс 
үшін 
пневматикалық тежеуіш камерасының штогінің жүрісін тексереді. Сол штоктің 
жұмысы Т-150К тракторында 15-20 мм, ал К-701 тракторында 30-40 мм болуға тиіс. 
Керісінше болғанда, тежеуішті реттейді. 
Тежеуішті реттеу үшін, дөңгелекті бос айналғанға дейін көтереді. Тежеуіш 
барабанға қосалқы тетіктіжақындату үшін червякті механизм қойылған. Сол 
червякті дөңгелек айналмай қалғанға дейін бұрайды, яғни бұл кезде, қосалқы тетік 
барабанға түседі. Енді червякті кері қарай айналыстың 1/6 бөлігіне бұрады да 
бекітеді. Осылайша реттелген тежеуіш қондырғының басқару педалін толық басқан 
кезде пневматикалық камера штогінің жүрісі жоғарыдағы көрсетілген шамамен 
сөйкес келуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет