61
Зертханалық жұмыс 10
Тежегіш жүйелері
Мақсаты:
тежегіш жүйесінің жіктелуін, тағайындалуын оқып - білу.
Жоспар:
1.
Орнату орны, тағайындалуы.
2.
Құрылым ерекшеліктері, жіктелуі.
3.
Тежегіш жүйе түрлері.
Оқудағы автомобиль құрылымдары негізгі (құмыс),
қосалқы және тұрақты
тежегіш жүйелерімен құралады (20 сурет)
Негізгі
тежегіш жүйесі автомобиль қозғалысын тоқтағанға дейін
ақырындатуға арналған.
Әсерлі тежеу үшін арнайы ішкі күш қажет, ол тежегіш деп аталады.
Тежеу
күші доңғалақтың айналуына тежеу механизмі қарсыласатын жолмен доңғалақ
арасында пайда болады. Тежеу күшінің бағытының
мәні жолдан доңғалаққа әсер
ететін тіке реакция және доңғалақ жолмен ілінісуіне байланысты. Тежеу әсерлілігін
жоғарлау үшін алғы және артқы доңғалақтағы тіке реакцияның өзгеруіне сәйкес
тежеу күші өзгеруі қажет.
Жұмыс тежегіш жүйесі жылдамдықтың төмендеуін және автомобильдің
тоқтатуын қамтиды, ол жүргізуші аяғы күшпен педалға қоюмен орындалады.
Қосалқы тежеу жүйесі жұмыс тежеу жүйесі істен шыққанда автомобильді
тоқтатуды қамтиды. Автомобильде жеке қосалқы тежегіш жүйенің
болмауына
байланысты оның функцияларын тұрақты тежегіш жүйесі немесе жұмыс тежегіш
жүйесінің дұрыстау бөлігі орындайды.
Тұрақты тежегіш жүйесі автомобильді тоқтаған орнында ұстауға арналған
және ол толық жүкпен 16% - ға немесе жүксіз 23% - ға дейін еңісінің сенімділігін
қамтуы керек.
62
20- сурет. Тежеу жүйесінің жіктелуі.
Негізгі тежегіш жүйесі тежеу механизмінен және жетегінен тұрады. Тежеу
механизмдері тежеу күшін доңғалақта пайда етеді. Жұмыс бөлшектерінің айналу
құрылымына байланысты барабанды және дискілі деп бөледі.
Тежеу жетегі деп күшті жүргізушіден тежеу механизміне өткізетін және тежеу
процесінде
олармен
басқаратын
құрылым
ұқсастығын
атайды.
Жеңіл
автомобильдерде гидравликалық, жүк автомобилінде пневматикалық және
гидравликалық жетекті қолданады. Жүйе жұмысын әсерлендіру үшін және тежеуге
педал басқандағы кұшті азайту үшін вакуумды күшейткіш қолданылады.
Антитосқауылшы тежеу жүйесі (АТЖ).
Автомобиль резенкесі тежеу күші доңғалақтың
жиегіне берілгенде жоғарғы
жетеуді береді. Тежеулер тосқауылда болса және доңғалақтар сырғанаса рульдің
басқаруы жоғалады және тежеу азаяды. АТЖ-да доңғалақ нүктесінің тоқтатуына
дейін тежеуді беретін электрлі және гидравликалық басқарудың үйлесулі
қолданады. АТЖ-ның стандарттың жүйесі сенсормен жабдықталған, ол
әрбәр
63
доңғалақтың берілген жылдамдығында орналасқан, олар АТЖ компьютерін тұрақты
ақпаратпен қамтиды.
АТЖ-ның қиын жүйесі үшканалды АТЖ болып табылады. Бұл жүйе өте қиын
жолдарда тежеу жолын қысқартуды қамтиды.
Тежеу жүйелерінің негізгі қателіктері:
Тежеудің «жұмсақ» педалы немесе педаль жүрісінің жоғарлауы гидрожетек
жүйесіндегі ауа болуынан, тежеу сұйықтығының ағуынан,
тежеу қалыбының
жапсырмасының тозуынан болады. Бұларды жою үшін гидрожетек жүйесін ауадан
тазартады, тежеу сұйықтығының ағуында бүлінген бөлшектерді ауыстыру керек,
тежеу қалыбын ауыстыру керек.
Автомобильдің біржаққа кетіп қалуы доңғалақты тежеу цилиндірінің істен
шығуынан, доңғалақты тежеу механизмінің біреуінің тежеу қалыбының
жапсырмасынын тозуынан немесе майлауынан болады. Бұларды жою үшін
бүлінген
жапсырманы жуу керек, бүлінген цилиндірді және тежеу қалыбын
ауыстыру керек.
Тежеу педалына басқанда шудың немесе дірілдің пайда болуы тежеу
механизмдерінің кірлеуінен, тежеу қалыбының жапсырмасының тозуынан,
артқы
тежеу қалыбының созылу серппесінің бұзылуынан немесе дискісінің әр түрлі
тозуынан болады. Оларды жою үшін кірлеген қалыпты жуу керек, бұзылған және
тозған қалыпты, барабанды, дискіні және серіппені ауыстыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: