7
Жүргізгіш мүшелерінің конструкциясына байланысты екі түрге болінеді:
Дөңгелекті
тракторлар,
жүргіш
мүшесі
дөңгелекті
қозғағыштармен
қаруландырған.
Шынжыр табанды тракторлар, жүргізіш мүшелері шынжыр қозғағыштармен
қаруландырылған.
Дөңгелекті трактордың бір түріне өзі жүретін шассилі Т-16 жатады. Оның
алдыңға бөлімі, машина асуға және өзі жүк түсіретін платформа орналасатын, бос
рамадан тұрады. Ондай конструкция машиналардың жұмыс бөлшектерін шолуғы
және тракторды жан- жақты жақсартады.
Тұлғасының құрылысына байланысты тракторларды:
Рамалы, тұлғаға клепкаланған немесе пісіп қосылған рама құрайтын трактор
(мысалы, ДТ – 75 М).
Жартылай рамалы, тұлғадан, трансмиссия және екі бойлық арқадан
(лонжерондардан) құралын корпусқа бұрандалып (мысалы, Т – 40М и МТЗ - 80)
немесе пісіп қосылған ( мысалы, Т – 130) трактор.
Рамасыз, тракторда тұлғасы бөлек механизмдерді қосу арқылы құралады.
Дөнгелекті тракторларда екі жетекші дөнгелек, яғни бір жетекші белдік болуы
мүмкін, мысалы МТЗ – 80, және төрт жетекші дөнгелекпен тарту сапасы жақсарып,
өту қабілеті көтеріледі, мысалы МТЗ – 82 және Т – 40 АМ .
Дөнгелекті трактор шынжыр табандыға қарағанда әлде қайда универсалды,
жасап шығаруы және игерілуі арзан. Қатты ылғалды және жұмсақ жерде дөнгелекті
трактор, шынжыр табанды трактордай еркінпйдаланыла алмайды.
Шынжыр табанды трактордың салмағы үлкен тірек бетіне жайылады да, жер
қабатына аз жер етеді.
Шынжыр табанды трактор топырақпен жақсы ілінісуі үшін топыраққа бір
уақытта көп іліністер сұғылады, дөнгелекті тракторда олар аз. Осы артықшылықтар
шынжыр табанды трактордың тарту сапасын және трактордың ылғалды және
жұмсақ топырақпен өтімділігін арттырады. Шынжыр табанжы трактор топырақты аз
нығыздайды.
Достарыңызбен бөлісу: