Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет13/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   330
1.1-сурет
). Осын-
дай клетканың сыртқы ортадан шикізат материалдарын жинайтын және олардан өзінің 
толықтай көшірмесі болатын және тұқым қуалау ақпараты бар жаңа құрылымдарды 
түзетін механизмі болады. Сонымен, әрбір клетка шынымен де таңғажайып құрылым 
екен.
Барлық клеткалар өзінің тұқым қуалау ақпаратын бірдей сызықты химиялық 
код түрінде сақтайды: ДНҚ
Компьютерлер бізге ақпараттың өлшеу бірлігі миллиондаған байт құрайтын (мәтіннің 
бірнеше жүз парағын немесе сандық камерадан алынатын көптеген бейне суреттер) 
концепциясымен таныстырды, өлеңдер жазуға арналған компакт дискіде 600 миллион 
байт болатындығын және сонымен қатар, компьютерлер бізге ақпараттарды әртүрлі 
формада жазуға болатындығын көрсетті: осыдан 20 жыл бұрын электрондық дерекқор 
үшін қолданған дискілер мен кассеталар қазіргі таңдағы заманауи құралдармен оқыла 
алмайды. Тірі клеткалар, компьютер сияқты, ақпаратты сақтайды және болжам бойын-
ша мұндай ақпараттар 3,5 миллиард жыл бойы дамып және түрленіп келеді. Барлық 
тірі организмдердің ақпаратты бірдей формада сақтауы және бір клетка түрінің ақпа-


ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
3
раты басқа клетка түрімен оқыла алатындығы аз да болса қорқыныш тудырады. Жер 
бетіндегі барлық тірі клеткалар өзінің тұқым қуалау ақпаратын ДНҚ-ның қос тізбекті 
молекуласында сақтайды – ұзын, тармақталмаған, жұптасқан полимер тізбектері, әрқа-
шан төрт түрлі мономерлерден құрылады. Осы мономерлер нуклеотидтер деп аталатын 
химиялық қосылыстар, алфавиттің қысқаша 4 әрпі – А, Г, Ц, Т-мен таңбаланады және 
олар генетикалық ақпаратты кодтайтын ұзын сызықты тізбек түрінде бір-бірімен жалға-
сып орналасады. Біз адам клеткасынан ДНҚ-ның қысқа тізбегін бөліп алып, бактерияға 
немесе бактериалдық ДНҚ-ны адам клеткасына енгізе аламыз. Ал пайда болған ақпа-
рат нақты оқылады, талқыланылады және көшіріледі. Химиялық әдістердің көмегімен 
зерттеушілер кез келген ДНҚ молекуласындағы бірнеше миллон нуклеотидтен тұратын 
мономерлердің толық тізбегін оқуды және әр организмдегі тұқым қуалау ақпаратын 
ашуды үйренді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет