Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет12/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   330
КЛЕТКАҒА КІРІСПЕ


2 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
жауап іздеуді бастай аламыз. Кезінде, клеткалық биологияның пионері Э.Б. Уилсон «кез 
келген биологиялық мәселенің шешімі, барлық уақытта әрбір тірі организм жағдайында 
клеткадан ізделуі тиіс» деді.
Организмдердің айқын айырмашылықтары мен алуан түрлілігіне қарамастан тірі 
жандар, ішкі құрылымдары бойынша, бір-біріне ұқсас келеді. Олардың биологиясы 
екі тақырыптың жұптасу нүктесі болып табылады: жеке дара бөліктердің таңғажайып 
түрлілігі және фундаментальдық механизмдердің тұрақтылығы. Осы тарауды біз плане-
тамыздағы барлық тіршілікке тән ортақ қасиеттерді сипаттаудан бастаймыз. Кейінірек, 
қысқаша, клеткалар түрлілігін қарастырамыз. Соңында, біз барлық тірі организмдерге 
тән ерекшеліктер жазылған молекулалық кодқа сүйене отырып, ең кіші организмнен ең 
үлкен организмге дейінгі тіршіліктің барлық формаларын түсінуге көмектесетін әртүр-
лі ерекшеліктерді қалай оқуды, өлшеуді және құпияларын қалай түсіну болатындығын 
көреміз.
ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Қазіргі таңда Жер бетінде 10 миллионнан, тіпті 100 миллионнан астам тірі түрлер бар 
деп болжалуда. Әр түр ерекше жолмен өзін-өзі көбейте алады, ал нәтижесінде пайда 
болған ұрпақ сол түрге жатады: ұрпақта ата-аналық организм қасиеттеріне тән ақпарат 
сақталады. Тұқым қуалаушылықтың феномені тіршілік анықтамасының ортасында тұр: 
ол тіршілікті кристалдың өсуі, майшамның жануы немесе теңіздегі толқынның түзілуі 
сияқты процестерден ажыратады. Майшам алауы сияқты тірі организмдер өзінің ұйым- 
дасуын түзу және қалпында сақтау үшін бос энергияны қажет етеді. Бірақ, тіршілік бос 
энергияны тұқым қуалау ақпаратымен анықталатын химиялық процестердің өте үлкен 
күрделі жүйесін жүргізу үшін қолданады. 
Көптеген тірі организмдер бір клеткалы болып келеді. Басқалары, мысалы адамдар 
сияқты, клеткалар тобының арасындағы арақатынастардың күрделі жүйесімен байла-
нысқан арнайы функциялар атқаратын кең ауқымды көпклеткалы “қала” тәрізді болып 
келеді. Адам денесі 10
13
-нен астам клеткалардан тұрса да, олардың барлығы бір ғана 
клетканың бөлінуінен пайда болады. Әрбір клетка, өз кезегінде, әр түрді анықтайтын 
барлық тұқым қуалайтын ақпараттың қозғаушысы болып табылады (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет