6 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
ақпаратының бір бөлігінен тұратын және осы ақпаратты аздаған, басқа түрде көрсететін
полимер молекуласы түзіледі.
ДНҚ-ның дәл сол сегменті РНҚ-ның басқа да көптеген бірдей молекулаларының
синтезін бағыттау үшін бірнеше рет қолданыла алады. Клетканың ДНҚ түрінде сақта-
латын генетикалық ақпараттың дерекқоры тұрақты болса,
РНҚ транскрипттері көп
мөлшерде синтезделеді және бір-ақ рет пайдаланылады (
1.5-сурет
). Келесіде сіз осы
транскрипттердің генетикалық ақпараттың тасымалындағы
аралық молекулалары
болып табылатындығын көресіз. Атап айтсақ, олар ДНҚ-да
сақталған генетикалық
ақпараттарға сәйкес белоктар синтезін бағыттайтын
матрицалық РНҚ (мРНҚ) моле-
кулалары ретінде қызмет етеді.
1.5-сурет.
Клетка ішінде қолданылу үшін генетикалық ақпараттың берілу жолы. Әр клеткада
ДНҚ
молекулаларының тұрақты жиынтығы болады – ол генетикалық ақпараттың қоры болып табылады.
Көрсетілген ДНҚ сегменті көптеген бірдей РНҚ транскрипттерінің синтезін бағыттайды. Клеткадағы
ДНҚ тізбегінің әртүрлі аудандарын транскрипциялау көмегімен әртүрлі клеткалар бірдей ақпарат
қорын әртүрлі жолмен қолдана алады.
РНҚ молекулаларында оларға басқа да маманданған
химиялық қасиеттер беретін
ерекше құрылымдар болады. Біртізбекті болғандықтан олардың қаңқасы иілгіш келеді,
сондықтан полимер тізбегі өзімен-өзі байланысып, бір
молекуланың бір бөлігі екін-
шісімен әлсіз байланыстар түзе алады. Бұл жағдай тізбектің сегменттері бір-біріне ком-
плементарлы болған кезде орын алуы мүмкін: ...ГГГГ... сегменті, мысалы, ...ЦЦЦЦ...
сегментімен байланыса алады. Ішкі байланыстардың осы түрі РНҚ молекуласының
оның нуклеотидтік тізбегімен бағытталатын спецификалық пішінге ие болуына жағдай
жасайды (
Достарыңызбен бөлісу: