Luxury genes –genes that activate in specialized cells
Құрастырған: С.Қ.Әлмұхамбетова
№ 5 сабақ
1. Тақырыбы: Жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтары
2. Мақсаты: жүрек – қантамыр жүйесінің даму кезіндегі туа біткен ақаулықтардың пайда болуында генетикалық және теротогендік факторлардың рөлі жайлы студенттерде білімді қалыптастыру
3. Оқытудың міндеттері: - жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында орта факторлардың рөлін ашу
- жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында генетикалық факторлардың рөлін ашу
- жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтарының мультифакторлық түрінің қалыптасуындағы орта және генетикалық факторлардың өзара әсерлерінің рөлін ашу
4. Жүргізілу формасы:кейс әдісі бойынша
5. Тақырып бойынша тапсырма: жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтарының пайда болуының мүмкін болатын себептерін анықтап, олардың даму механизмдерін түсіндіру арқылы кейсті талдау
6. Үлестірілетін материал: жүрек – қантамыр жүйесі бойынша ақпараттық блок, әр түрлі клиникалық жағдайлар, ақаулықтарды талдау үшін алгоритмдер
Жүрек – қантамыр жүйесінің ақаулықтарын талдауға арналған алгоритмдер: - Клиникалық жағдай
- Ақпарат
- Даму ақаулықтарының мүмкін болатын себептері:
Генетикалық факторлар
Экологиялық факторлар
Мультифакторлы жағдай
Биологиялық мутагендер
Физикалық мутагендер
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпаратты талдау
Туа біткен ақаулықтардың мүмкін болатын себептерін анықтау
Клиникалық жағдай – 1 Ақпарат № 1: Баймурзина Камила. 5 жаста. Күрделі жүректің туа біткен ақаулығымен туылған: Жүректің үш жақты клапанының атрезиясы (атрезия трехстворчатого клапана). ШҚО Белое селосында тұрады.
Қосымша ақпарат: Қыздың анасы – 42 жаста, үй шаруасымен айналысады, қызмет жасамаған. Жүктілік кезінде ревматоидты ауруларды емдеу және алдын алу үшін дәрігер ұсынған дәрілік препараттарды қолданған. Алкоголь ішпейді, темекі шекпейді.
Әкесі – 45 жаста. Ұзақ жылдар бойы қорғасын – мырыш зауытында қызмет жасап, денсаулығына байланысты қызметін ауыстырған. Темекі шекпейді, мейрам кездері ішімдік ішеді.
Отбасында тағы екі бала бар. Олардың дені сау. Отбасында және оның туыстарында тұқым қуалайтын аурулар кездеспейді.