Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы


Эхинококк (Echinococcus granulosus) – э



бет4/11
Дата28.04.2022
өлшемі69,11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Эхинококк (Echinococcus granulosus) – эхинококкоз ауруының қоздырушысы.

Орналасуы. Адамда финнозды сатысында паразиттік тіршілік етеді, бауырды, өкпені, миды, қуысты сүйектерді, басқа да мүшелерді зақымдайды.

Географиялық таралуы. Барлық жерде, әсіресе мал шаруашылығымен айналасатын аймақтарда, ТМД елдерiнiң оңтүстiк аймақтарында Орталық Азияда, Қазақстанда, Сiбiрде тараған.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ұзындығы 3-6 мм, сколексінде 4 сорғышы, екі қатар орналасқан ілмектері болады. Мойны қысқа, стробиласында 3-4 бунағы болады. Алдыңғы екі бунағы жетілмеген, үшіншісі- гермофродиттік, соңғы бунағы – жетілген, жұмыртқаларға толы бүйір өсінділері бар жатыр орналасады. Бөлініп түскен бунақтары өздігінен белсенді қозғала алады.

Тіршілік циклы (2 сурет). Негізгі иесі - ит, қасқыр, шибөрі, аралық - шөп қоректі сүтқоректілер, ірі және ұсақ қара мал, шошқа, түйе және адам. Жетілген бунақтар негізгі иесінің нәжісімен немесе белсенді қозғалып, аналь тесігінен шығып, жүнінде жұмыртқаларын қалдырады. Жайылымда шөпке түскен жұмыртқалар аралық иелерінің ас қорыту жолына түседі. Аралық иесінің ішегінде жұмыртқадан онкосфера шығып, қабырғасын тесіп қан тамырларына түседі. Одан әрі ең бірінші бауырға, одан өкпеге, миға және басқа мүшелерге тарайды. Ол жерлерде онкосфера эхинококк типті финнаға айналады (1 сурет;Б). Финнасы күрлелі құрылысты, екі қабықшадан – сыртқы (хитинді) және ішкі (ұрықтық) тұрады. Көпіршіктің ішінде сұйықтық болады, ұрықтық қабықшадан қабырғалық сколексі ішіне қараған камералар түзіледі. Сонымен бірге, көпіршік қуысында сколексі бар жас көпіршіктер болады. Финна баяу өседі, бірақ өте үлкен мөлшерге дейін өсуі мүмкін. Ақырғы иелері ірі және ұсақ малдың эхинококкпен залалданған мүшелерін жегенде жұғады. Финнадан негізгі иесінің ішегінде ересек формасы дамиды.

Адам жиі жеке бастың гигиенасының ережелерін сақтамағанда, ауру итті сипағанда, жуылмаған қол арқылы жұқтырады. Кейде эхинококкк жұмыртқалары жайылымда иттің нәжісімен ластануынан қойдың немесе сиырдың жүніне түсіп, адамға жануарларға күтім жасағанда не жүнің қырыққанда ластанған қолы арқылы да жұғады. Адам эхинококкоз ауруын таратуда маңызды роль атқармайды, өйткені ол эхинококк үшін биологиялық тұйық бұтақ болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет