Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



бет6/11
Дата28.04.2022
өлшемі69,11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Алдын алуы. Жеке алдын алу – жеке бастың гигиенасы ережелерін сақтау. Қоғамдық алдын алу - санитарлық ағарту жұмысын жүргiзу. Қаңғыбас иттердi жою. Мал шаруашылығында көмекші иттерде дегельминтизация жүргізу. Ірі және ұсақ малдың еттерін сараптамадан өткізу. Эхинококкозбен зақымдалған мүшелермен иттерді тамақтандырмау.

Альвеококк (Alveococcus multilacularis) – альвеокооккоз ауруының қозырушысы.

Орналасуы. Эхинококкоздағыдай, жиі ең алдымен бауырды зақымдайды.

Географиялық таралуы. Табиғи ошақты ауру, антропозооноз. Ошақтары Ресейдің Якутия, Алтай, Красноярск өлкелерінде, Нвосибирск, Томск, Хабарск облыстарында; Қазақстанда: Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында таралған.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Өте ұсақ гельминт, ұзындығы 3 мм, 3-4 буыннан тұрады. Ересек формасы эхинококкқа өте ұқсас. Ерекшеліктері: сколексіндеі ілмектер саны, жатыры шартәрізді, бүйір өсінділері болмайды, жыыс тесігінің бунақтың артында емес, бүйірінде орналасуы. Альвеококктың финна сатысы эхинококк финасынан мүлдем басқа. Финнасы ортақ дәнекер ұлпалы капсулада (стромада) жатқан майда көпіршіктер конгломераты түрінде болады. Көпіршіктерінде сұйықтық болмайды, бүршіктеніп сыртқа қарай, қоршаған ұлпаға қатерлі ісік тәрізді инвазивті өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет