Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет20/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша

28.Транскрипцияның өнімдері
Эукариоттарда жетілмеген пре-РНҚ (пре-аРНҚ, пре-тРНҚ, пре-рРНҚ) синтезделінеді. Өйткені, эукариоттар гені транскрипция кезінде экзон-интрондық құрылысқа ие болады. Пре-аРНҚ-ны кейде гетерогендік ядролық РНҚ деп атайды. Құрамына спейсерлер (реттеуші, құрылымдық қызметтер атқаратын ДНҚ учаскелері), мағыналы ДНҚ учаскелері-экзондар, мағынасыз учаскелері-интрондар кіреді.Оның ерекшелігі 51 ұшында кэп және 31 ұшында поли (А)-фрагменті болмайды. Келесі синтезделген пре-рРНҚ, оны 45S РНҚ деп те атаймыз. Себебі кұрамында жетілген үш түрлі рРНҚ-ға сәйкес келетін 18S, 5.8S, 28S бірізділіктері болады. Синтезделген пре-тРНҚ-лардың сырт пішіні жөке ағашының жапырағына ұқсас болады. Екі ұшы мен ортасында қосымша бірізділіктер орналасқан.
29.РНҚ посттранскрипциялық модификациясы
Пост-транскрипциялық модификация кезінде эукариоттарда РНҚ шашырау механизмі интрондарды (кодталмаған аймақтар) алып тастайды, ал экзондар қалады.
Процессинг
Процессинг – Пре-РНҚ-лардың пісіп жетілу процесі. Ол 3 сатыға бөлінеді. Бірінші сатыда артық нуклеотидтер ерекше нуклеазалар арқылы алынып тасталады. Нуклеазалардың екі түрі бар: экзонуклеазалар тізбектің ұшынан нуклеотидтерді бір-бірлеп алып тастайды, эндонуклеазалар тізбекті бөлшектеп жеке фрагменттерге бөледі. Артық деп отырғанымыз жетілген күйдегі 51 ұшындағы АТФ немесе ГТФ және 31 ұшындағы ГЦ бай учаскелері. Сонымен бірге эндонуклеазалар тізбек ұштарындағы спейсерлік нуклеотидтердің бірізділігін алып тастайды. Және де жеке РНҚ тізбектеріндегі 45 S – пре-рРНҚ мен гистондық пре-аРНҚ-ны кесіп тастайды. Пре-тРНҚ мен барлық пре-аРНҚ-ның интрондық бірізділіктері алынып тасталуы үшін, яғни, дұрыс кесілуі үшін 31 ұшында А-Г, 51 ұшында Г-У нулеотидтерінен тұратын маркерлер орналасқан. Пре-РНҚ молекуласының пісіп жетілуі барысында оларға көптеген нуклеотидтер транскрипциясыз жалғанады. пре-аРНҚ-ның 51 үшына «қалпақшаның» (КЭП) 7-метилгуанин және басқа да 3-4 нуклеотидтері қосылып жалғанады, ал 3' үшына 200-дей нуклеотидтерден түратын поли (А)-фрагмент қосылады. Бұл үдерісті полиаденилатполимераза ферменті катализдейді. Акцепторлық учаске пре-тРНҚ молекуласының 3' ұшына 3 нуклеотид (Ц, Ц, А) бірінен кейін бірі жалғану арқылы пайда болады. Келесі саты – модификациялану сатысы. Пре-т-РНҚ-да транскрипциядан кейін модификациялану көптүрлі болып келеді, мысалы: уридин қалдығы тотықсызданады, басқалары-изомерленеді (псевдоуридин), үшінші біреулері -метилденеді (метилурвдин). Аденозиннің кейбір қаддықтары дезамиңденіп инозинге айналады, соңғыларының (инозин) кейбіреулері тағы да метилденеді (метилинозин). Пре-а-РНҚ-да «қалпақша» нуклеотидтерінің рибоза қалдықтары метилденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет