Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет21/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша

30.Генетикалық код
Генетикалық код дегеніміз – тұқым қуалаушылық ақпарттың , 20 аминқышқылдары ақпарттарының, ДНҚ молекуласындағы 4 нуклеотид арқылы қысқаша жазылу, сақталу жүйесі. Ол 3 триплетті, яғни, 3 өрімді. Ниренберг, Очао, Хорана 64 кодон болатынын анықтаған. Оның 61-і мағыналы да, 3-еуі мағынасыз. Мағынасыз деп аталуы олар ешқандай аминқышқылдарын анықтамайды, кодон-терминаторлар деп аталады. Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері:

  • Генетикалық код әмбебапты болады, яғни кодондар барлық тірі ағзаларда бірдей аминқышқылдарын анықтайды;

  • 2.Генетикалық код коллинеарлы (сәйкес) болады, яғни нуклеин қышқылдарындағы (ДНҚ, РНҚ) нуклеотидтер бірізділігі полипептид молекуласындағы аминқышқылдар бірізділігіне сәйкес болады;

  • 3.Генетикалық код артық (вырожденный) болады, яғни әрбір аминқышқылы 2-6 кодон арқылы анықталады, тек метионин жоне триптофан аминқышқылдары бір ғана кодон арқылы анықталады.

Кодондар а-РНҚ тізбегінде бірінен кейін бірі үзіліссіз -үтірсіз, нүктесіз, бірізділікпен орналасады; а-РНҚ тізбегінде бірін-бірі бастырмаламай орналасады; нақтылы болады, яғни әрбір мағыналы кодондарға бір аминқышқылы сәйкес келеді;

31.Белок биосинтезі
Ақуыз биосинтезі полипептидтің N ұшынан басталып С ұшына қарай жүреді. Ақуыз биосинтезіне рибосоманың екі бөлшегі, а-РНҚ, т-РНҚ, 20 аминқышқылдар, аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттері және басқа да қосымша ақуыз факторлары қатынасады және олар түрліше қызметтер атқарады. а-РНҚ матрица (қалып) болып табылады, р-РНҚ лар (5s рРНҚ, 5,8s рРНҚ, 18s рРНҚ, 28s рРНҚ) рибосома бөлшектерінің құрамына кіреді, ал рибосомалар болса цитоплазмада ақуыз биосинтезін жүргізуші органеллалар болып табылады. Рибосомалар гиалоплазмада еркін күйінде (полисомалар) кездесуі мүмкін, оларда ішкі ақуыздар синтезделінеді және мембраналармен байланысқан күйінде кездесуі мүмкін. Бұл жерде «экспорттық», мембраналық және лизосомалық ақуыз молекулалары синтезделінеді. Әрбір аминқышқылдарына сәйкес келетін, оларды тасымадайтын т-РНҚ-лар болады. Гиалоплазмада кездесетін еркін аминқышқылдар (20) өздеріне сәйкес келетін т-РНҚ-ларға қалай болса солай емін-еркін байланыса алмайды. Ол үшін алғаш аминқышқылдардың активтенуі қажет және бұл үдеріс энергия жұмсауды қажет етеді. Энергия көзі болып АТФ гидролизі саналады. Аминқышқылдарының активтенуін және активтенген аминқышқылдардың өздеріне сәйкес т-РНҚ молекуласының акцепторлық ұшына қондырылуын қадағалайтын, басқаратын ерекше ферменттер-аминоацил—т-РНҚ-синтетаза ферменттері болады. Әрбір 20 аминқышқылдарына сәйкес келетін аминоацил-т-РНК,-синтетаза ферменттері белгілі, демек олардың да соңы - 20. Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттерінде 2 танып білуші орталық болады: бірі-аминқыш-қылдарға, екіншісі т-РНҚ-ға арналған. Элонгация (пептидтік тізбектің ұзаруы) басталады. Циклдың бірінші сатысында рибосоманың бос А-орталығы а-РНҚ кодонына комплиментарлы антикодоны бар кезекті аа-т-РНҚ-мен байланысады. Жалпы алғанда бұл инициаторлық аа-т-РНҚ-ның П-орталықпен байланысуы сияқты жүреді, яғни ГТФ молекуласы және 2 элонгация факторы (ақуыз) -ЕҒ-1и, EF-1S пайдаланылады. ЕҒ-1И факторы ГТФ-пен және рибосомаға енген кезекті аа-т РНҚ-мен қосылып кешен пайда етеді. Егер осы аа-т-РНҚ-ның антикодоны А-орталықтағы а-РНҚ-ның кодонына комплиментарлы болмаса, кешен бұл жерде тұрақтамай, диффузия жолымен рибосоманы тастап шығады. Ал егер, антикодон а-РНҚ кодонымен комплиментарлы болатын болса кешен ыдырап, оның аа-т-РНҚ-сы А-орталықпен байланысады. ГТФ ГДФ-ке дейін гидролизденеді, ал соңғысы ЕҒ-1И факторымен бірге босанып шығады да, әрі қарай рибосомадан тыс EF-ls-neн бірге ГДФ-ның ГТФ-ға айналуына қатынасады және аа-т-РНҚ-ның кезекті молекуласымен байланысады. Циклдың алғашқы сатысынан кейін рибосоманың П-орталығында пептидил-т-РНҚ, А-орталығында аа-т-РНҚ орналасқан. Олардың акцепторлық ұштары және аминқышқылдар қалдықтары ПТФ-орталықта болады. Соңғысы, яғни ПТФ орталық пептидил-трансферазалық реакцияны қалыптастырады, яғни екі аминқышқылдар арасында пептидтік байланысты қалыптасты- УУА-терминациялык кодон; eRF-терминация факторы; ГА-гидролазалық белсенділік; И-инициаторлық аминқышқылы (метионин) Осыдан кейін пептидтік тізбек, т-РНҚ және а-РНҚ диссоциацияланып рибосоманы тастап шығады, ал рибосома екі бөлшекке ыдырайды да жаңа полипептидті синтездеуге дайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет