37.Фолдинг түсінігі Фолдинг-альфа-ширатпа және бетта-құрылымының және құрылымсыз учаскелерінің кеңестікте глобула конформациясына жинақталып, табиғи құрылымының түзілуі. аНфинсен жасаған тәжірибе нәтижесіндегі екі қорытынды жасаған:1. ақуыздың ІІІ реттік құрылымы туралы барлық ақпарат оның бірінші реттік құрылымында, яғни пептидтік тізбектің аминқышқылдары бірізділігінде,қамтылған.2. ақуыз қандай ІІІ реттік конформацияға айналуын біліп қана қоймай, ол оны өз бетінше, ешбір сыртқы не басқа да факторларсыз, жүзеге асырады.
38.Ақуыздың биосинтез процесіндегі шаперондардың ролі. Шаперондар - ақуыз молекуласының фолдингін жеңілдететін ақуыздар; оларды кейде температуралық шок ақуыздары д/а, себебі олардың синтезделінуі стресс жағдайларында айтарлықтай жоғарылайды.Шаперондар н/е температуралық шок ақуыздары барлық эукариоттар жасушаларында кездеседі. Олар жасушада барлық уақытта синтезделінеді, бірақ стресс жағдайларында - дене температурасы көтерілген кезде, оның синтезделу қарқыны өсе түседі.
Шаперондар көптеген маңызды қызмет атқарады:
1) Жаңадан синтезделген ақуыздардың фолдингін қамтамасыз ету;
2) Ақуыз рефолдингін бақылау, яғни бұрын синтезделінген ж/е осыған дейін қалыпты қызмет атқарған ақуыздардың табиғи, нативті құрылымы бұзылған н/е толық не ішінара денатурацияланған жағдайында, олардың қайтадан фолдингтануын қамтамасыз ету;
3) Ақуыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатынасу;
4) Кейбір ақуыздардың белгілі бір конформациясында (аяқталмаған фолдинг күйінде) болуын қамтамасыз ету.
39. Ақуыздардың посттрансляциялық процессингі Процессинг - пре-РНҚ молекуласының пісіп жетілуі.Процессинг - барысында оларға көптеген нуклеотидтер транскрипциясыз байланысады (жалғанады).Пре-аРНҚның 51 ұшына «қалпақшаның» 7-метилгуанин ж/е басқа да 3-4 нуклеотидтері қосылып жалғанады, ал 31 ұшына 200-дей нуклеотидтерімен қосылады.Процессинг 3кезеңі:
1) Кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;
2) Кейбір нуклеотидтердің жалғануы;
3) Олардың модификациялануы.