Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері



бет6/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша

Төртінші реттік құрылым — кейбір ақуыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар ақуызды емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.

9.ДНҚ құрылысы мен қызметі. 


Молекулалыққұрылымы-Комплементарлық принцип бойынша Амен Т;ГменЦ арасында пайда болатын сутектiк байланыстар арқылы қосылған екi қарама-қарсы бағытталған полинуклеотидтiк тiзбектен тұратын қос спираль.(А=Т, Г=Ц; А+Г=Ц+Т ара- қатынасы тең - Чаргафф ережесi)
ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі-үш бөліктен құралған нуклеотид.
Бірінші бөлігі-дезоксирибоза бес көміртекті қант.Екіншісі-пуриндік негіздер:аденин мен гуанин және пиримидиндік негіздер:тимин мен цитозин.Үшіншісі-фосфор қышқылының қалдығы.
Қасиеттерi- Өздігінен екi еселенуге қабілеттiлiгi бар. Ескi ДНҚ-ның әр тiзбегi жаңа тiзбектiң синтезделуiнде қалып (матрица) ретiнде қолданылады (репликация үрдісі)
Қызметтерi- ДНҚ - ақпараттық қалып - өйткенi оның бойында барлық тұқым қуалайтын ақпарат жазылған.
ДНҚ тұқым қуалау ақпараттың жасушаның ұрпақ қатарында өзгермей берiлуiн қамтамасыз етедi.
-ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамына түрлiк ерекшелiк тән, бiрақ әр ағзаның барлық жасушаларындағы ДНҚ бiрдей болады.
ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді(Ф.Крик,Д.Ж.Уотсон)Оның алғашқы,екінші,үшінші реттік құрылыстары белгілі.
ДНҚ молекуласының алғашқы құрылысы-бір жіпшеде нуклеотидтердің бірізділікпен тізбектеліп орналасуы болып табылады.ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады,яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.
ДНҚ молекуласының 2-ші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т;Г-Ц) б.т.ДНҚ жіпшелері полярлы болады,яғни оның 5*және 3* ұштары белгілі.ДНҚ молекуласының қосширатпасы бір-біріне антипараллель орн-н.Қос ширатпаның бір оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі,ал оралымның ұзындығы 3,4 нм ге тең.Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса,Г-Ц арсында 3 сутектік байланс болады,сондықтан да Г-Ц байланысы,А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет