Молекулалық генетика тақырыбына арналған есепті шығару үлгілері
А. Полипетид бөлігін кодтайтын ДНҚ тізбегінің реті келісідей: ГАЦГГТЦГТАЦЦ. Полипептидтегі аминқышқылдарының ретін анықтау.
Берілгені: ДНҚ: ГАЦГГТЦГТАЦЦ Полипептидтегі аминқышқылдарының ретін табу
Шешуі: Есептің шарты бойынша комплементарлық принципіне сәйкес ДНҚ-дағы аденинге а-РНҚ-дағы урацил, гуанинге цитозин комплементар болатынын ескере отырып а-РНҚ тізбегін салу қажет.
ДНҚ: Г А Ц Г Г Т Ц Г Т А Ц Ц
а -РНҚ:Ц У Г Ц Ц А Г Ц А У Г Г
Шыққан а-РНҚ тізбегін триплеттерге бөлеміз:
ЦУГ ЦЦА ГЦА УГГ
Генетикалық код кестесінен полипептид ала отырып, әр триплетке сәйкес келетін аминқыщқылын табамыз: лей-про-ала-три
Есептің типі – молекулалық генетика
Жауабы: Берілген полипептидтегі аминқышқылының реті келесідей: лей-про-ала-три
Б. Нәруыз 160 аминқышқылынан тұрады. Егер ДНҚ-дағы әр нуклеотид жұбының арасы 0,34 нм болса, нәруызды анықтайтын геннің ұзындығы қаншаны құрайды.
Берілгені: Нәруыз – 160 аминқышқылы
0,34 нм – нуклеотид жұптарының арасы Геннің ұзындығын табу.
Шешуі: Есептің шарты бойынша нәруыз 160 аминқышқылынан (мономерлерден) тұрады. Генетикалық код триплетті болғандықтан, әр аминқышқылы 3 нуклеотидпен кодталады. Сәйкесінше, берілген нәруызды кодтайтын ген 3 х 160 = 480 нуклеотидтен тұрады. Нуклеотид жұптарының арасы 0,34 нм болғандықтан, жалпы геннің ұзындығы 0,34 х 480 = 161,2 нм.
Есептің типі – молекулалық генетика
Жауабы: Геннің ұзындығы 161,2 нм.
В. Қос тізбекті ДНҚ-ның бір тізбегінде молекулалық массасы(м.м.) 1000 а.м.б. нәруыз кодталған. Ал 1 аминқышқылының молекулалық массасы орта есеппен 100 а.м.б.. Геннің молекулалық массасын табу.
Берілгені: Нәруыз м.м. – 1000 а.м.б.
Аминқышқылының м.м. – 100 а.м.б. Геннің молекулалық массасын табу.
Шешуі: Нәруыз құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері 1000 : 100 = 10. 1 ДНҚ тізбегіндегі нуклеотид мөлшері 10 х 3 = 3. 1 нуклеотидтің молекулалық массасы 345 а.м.б. болғандықтан, геннің молекулалық массасы 30 х 345 =20700 а.м.б.
Есептің типі – молекулалық генетика.
Жауабы: Геннің молекулалық массасы 20700 а.м.б.
Г. ДНҚ молекуласының молекулалық массасы 138000 а.м.б.. 22400 а.м.б. аденил нуклеотидтерінің үлесі екені белгілі. Берілген ДНҚ молекуласындағы барлық нуклеотидтердің құрамы мен ДНҚ ұзындығын анықтау.
Берілгені: ДНҚ м.м. =138000 а.м.б.
А м.м.= 22400 а.м.б. Барлық нуклеотидтердың құрамын анықтау.
ДНҚ ұзындығын анықтау.
Шешуі: ДНҚ құрамына А комплементар Т, Г комплементар Ц болатын А,Т.Ц.Г 4 түрлі нуклеотидтер бар. Есептің шартына сәйкес А м.м. .= 22400 а.м.б., сондықтан комплементарлық принципіне сай Т м.м. де 22400 а.м.б.
Г және Ц м.м. бөлек есептейміз:
Г м.м. = Ц м.м.= (138000 – 22400 - 22400): 2= 46600 а.м.б.
1 нуклеотид м.м. шамамен 345 болғандықтан берілген ДНҚ-дағы нуклеотид мөлшері: 138000: 345=136 нм.
Есептің типі – молекулалық генетика.
Жауабы: А м.м .= 22400 а.м.б., Т м.м. = 22400 а.м.б.,
Г м.м. = 46600 а.м.б., Ц м.м. = 46600 а.м.б.. ДНҚ ұзындығы =136 нм.
Д. С нәруызын кодтайтын, 5 экзон(140 нуклеотид жұбынан) және 3 интроннан (720 нуклеотид жұбынан) тұратын эукариот гені. Жетілмеген про-а-РНҚ және жетілген а-РНҚ-дағы нуклеотид құрамын анықтау.
Берілгені: Ген құрамы:
5 экзон 140 нуклеотид жұбынан
3 интрон 720 нуклеотид жұбынан. Жетілмеген про-а-РНҚ және жетілген а-РНҚ-дағы нуклеотид құрамын табу.
Шешуі: Жетілмеген про-а-РНҚ берілген ДНҚ бөлігінен, яғни 5 экзон мен 3 интроннан көшірілген барлық ақпараттарды сақтайды. Сәйкесінше, жетілмеген про-а-РНҚ құрамындағы нуклеотид мөлшері:
5 х 140 + 3 х 720=2860 нуклеотид.
про-а-РНҚ жетілуі кезінде оның интрондары түсіп, сол себепті жетілген а-РНҚ тек 5 экзоннан тұратын болады. Сәйкесінше, жетілген а-РНҚ-дағы нуклеотид мөлшері 5 х 140 =700 нуклеотид.
Есептің типі – молекулалық генетика.
Жауабы: Жетілмеген про-а-РНҚ құрамындағы нуклеотид мөлшері 2860, ал жетілген а-РНҚ-дағы нуклеотид мөлшері 700.
Е. N генінде 21000 жұп нуклеотид бар. Осы гендегі спиральдардың толық айналым саны мен кодталған аминқышқылдарның санын анықтау.
Берілгені: N гені 21000 нуклеотид жұбынан тұрады. Гендегі спиральдардың толық айналым санын;
кодталған аминқышқылдарның санын анықтау.
Шешуі: ДНҚ спиралінің әрбір орамы 10 нуклеотидтен тұрады. Сәйкесінше, толық айналым саны 21000 : 10=2100 орам.
1 аминқышқылы 3 нуклеотидпен кодталады. Сәйкесінше, гендегі кодталған аминқышқылының саны 21000 : 3=7000 аминқышқылы.
Есептің типі – молекулалық генетика.
Жауабы: Толық айналым саны – 2100.
гендегі кодталған аминқышқылының саны – 7000.
Ж. Химиялық анализ көрсеткіші бойынша а-РНҚ құрамына 24 %-уридилді,28 %- аденилді,16%- гуанилді нуклеотидтер кіреді. Ақпараты а-РНҚ-ға көшірілген қос тізбекті ДНҚ-ның проценттік құрамын табу.
Берілгені: а-РНҚ құрамына кіреді
24 % - У, 28 % - А, 16% - Г. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің проценттік құрамын табу.
Шешуі: а-РНҚ-дағы барлық нуклеотидтер мөлшері 100% екенін ескеріп,цитидил нуклеотидтерінің проценттік құрамын табамыз:
100% - (24%+28%+16%)=32%
Комплементарлық принципін ескере отырып, ақпараты а-РНҚ-ға көшірілген ДНҚ тізбегінің проценттік құрамын анықтаймыз:
Т= 28%: 2=14%, А=24%: 2=12%,
Ц= 16%: 2=8%, Г=32%: 2=16%.
Екінші тізбек біріншісіне комплементар болып табылатындықтан ондағы нуклеотидтердің проценттік құрамы келесідей:
А=14%, Т=12%, Ц=16%, Г=8%.
Қос тізбекті ДНҚ-дағы нуклеотидтеодің проценттік құрамы мынадай:
А= 12%+14%=26%, Т=14%+12%=26%,
Г=16%+8%=24%, Ц=8%+16%=24%.
Есептің типі – молекулалық генетика.
Жауабы: Қос тізбекті ДНҚ-дағы нуклеотидтеодің прценттік құрамы мынадай:
А=26%, Т= 26%, Г=24%, Ц= 24%