Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


 «Уақыт мөлшері» ұғымының тілдік парадигмасы



Pdf көрінісі
бет144/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
6. «Уақыт мөлшері» ұғымының тілдік парадигмасы 
Уақыт пен кеңістік – абсалюттік ақиқат. Тек адамзат қана емес, бүкіл әлем, 
болмыс, осы екі ұғым аясында өмір сүреді. Адамзат өмірлік тәжірибесінде 
«уақыт» ұғымын әртүрлі ұғымдармен байланыстырып, әр қырынан танып келеді. 
Солардың ішінде ең бастысы – мөлшер, өлшем ұғымы ретінде тануы. 
Болмыстағы кез келген зат пен құбылыстың пайда болуы, дамуы, өмір сүруі, 
құрып жоғалу, басталу, жалғасын табу, аяқталу сәті болады. Яғни уақытпен 
өлшенетін өміршеңдік мерзімі болады. Бұл «уақыт мөлшері» ұғымын 
қалыптастырады және тілдік жүйеде кеңінен өріс алып, тіл бірліктері арқылы 
көрініс табады. Уақыт болмыстағы заттардың барлығына ортақ және бірдей. 
Алайда оның ұғымға айналуы мен тіл бірліктерінен көрініс табуы әр халықта, әр 
этноста, әр ұлтта өзіндік ерекшеліктер сақталады. Мұның өзі халықтың тұрмыс-
тіршілігіне, рухани құндылықтарына байлаулы. «Уақыт мөлшері» ұғымы тілдің 
барлық деңгейінен де кеңінен көрініс табады. Алайда оның тілдегі берілу 
формасы басқа мөлшерлік ұғымдардан сәл өзгешелеу.
«Уақыт мөлшері» ұғымы лексикалық деңгейде көрініс табады. Уақыт 
мөлшері семантикасын 
ғасыр, жыл, ай, тәулік, күн, түн, сағат, минут, секунд, 
былтыр, биыл, келер жылы, кеше, бүгін, ертең, жаз, қыс, көктем, күз 
т.б.
 
мезгіл 
үстеулері мен уақыт, мезгіл атаулары білдіреді. Бір қарағанда бұл сөздер 
ешқандай уақыт мөлшерін білдірмейтін сияқтанып көрінеді. Алайда бұл сөздер 
де уақыт мөлшері семантикасын бере алады. Мұндағы кез келген сөз белгілі 
уақыт, мезгілдің заттық атауы болса, екінші жағынан, шартты түрде бөлінген 
уақыт шегінің атаулары ретінде оның ішкі уақыттық мәнін де білдіреді. Бұл 
лексикалық бірліктер тілдегі барлық уақыт мөлшері семантикасын білдіретін 
тілдік бірліктерге ұйытқы болады. 
«Уақыт мөлшері» ұғымы морфологиялық деңгейде де көрініс табады. Оның 
синтетикалық формалары төмендегідей:


184 
- уақыт мөлшері семантикасы мезгіл, уақыт атауын білдіретін сөздерге 
көсемшенің 
-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп
жұрнағы жалғану арқылы беріледі. 
Мысалы, 
ғасырлап, жылдап, айлап, апталап, сағаттап 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы мезгіл үстеулерге 
-ша, -ше
жұрнағы жалғану 
арқылы беріледі. Мысалы, 
уақытша, қазірше, бүгінше, өле-өлгенше, кетер-
кеткенше, қас қаққанша, көзді ашып-жұмғанша, ә дегенше 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы мезгіл мәнді зат есім сөздеріне 
-шылық, -
шілік
жұрнағы жалғану арқылы беріледі. Мысалы, 
айшылық, күншілік 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы мезгіл мәнді зат есім сөздеріне
-дай, -дей
жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, 
жаздай, қыстай. 
Бұл сөздердің 
алдына
ала
сөзі анықтауыш ретінде тіркесіп келіп те сол мағынаны білдіреді. 
Мысалы, 
ала жаздай, ала қыстай 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы көмектес септігінің түбірге кірігіп, 
көнеленуінің нәтижесінде үстеуге айналып кеткен сөздер арқылы да беріледі. 
Мысалы,
түнімен, күнімен.
Мұнда 
мен 
көмектес септігі 
бойы
көмекші сөзінің 
қызметін атқарып тұр.
«Уақыт мөлшері» ұғымы синтаксистік деңгейде де кеңінен көрініс табады. 
Бұл деңгейде де, 
аналитикалық тәсілдер, аналитика-синтетикалық
тәсілдер
арқылы байланысқан 
тіркестер, синтаксистік модельдер, синтаксистік 
конструкциялар
сияқты үш түрлі синтаксистік формада беріледі: 
Уақыт мөлшері семантикасы мынадай 
тіркесім тәсілдері
арқылы беріледі:
- уақыт мөлшері семантикасы кейбір сын есім сөздері мен 
(ұзақ, қысқа, көп, 
аз, шекті, шексіз 
т.б.
) уақыт, мерзім, жыл
сөздердің қабыса тіркесуі арқылы 
беріледі. Мысалы, 
ұзақ уақыт, ұзақ мерзім, ұзақ жыл, шекті уақыт 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы жатыс септік жалғаулы 
арада, күнде, жылда 
сөзі мен 
тез, жуық, жақын
сын есім сөздерінің талғап тіркесуі арқылы беріледі. 
Мысал: 
тез арада, жақын арада, жуық арада (жуырда), жақын күнде, жақын 
жылда
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы анықтауыштық қатынастағы тіркестерде 
бағыныңқы сыңардың қайталанып келуі арқылы да беріледі: 
ұзақ-ұзақ жылдар, 
ұзақ-ұзақ уақыт, талай-талай ғасырлар 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы 
бірқыдыру, біршама, біраз, бірталай, бірнеше 
сияқты мөлшер үстеулер мен уақыт, мезгіл атауларын білдіретін зат есімдердің 
(уақыт, жыл, ай, апта, тәулік, күн, сағат
т.б.

тіркесі арқылы беріледі. Мысалы, 
біраз уақыт, бірталай уақыт, бірнеше жыл, оншақты апта, біраз күн, бірнеше 
сағат 
т.б.;
 
- уақыт мөлшері семантикасы барыс септігі жалғанған есептік сан есімдер 
(заттанған) мен зат есімдерге 
қарай, таман, салым, таяу, жақын 
сөздерінің 
тіркесуі арқылы беріледі. Мысалы,
екіге қарай, бірге таман, үшке таяу, төртке 
жақын, кешке қарай, түске таман, таңға жақын, күзге салым, қысқа таяу 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы уақыт мөлшерін білдіретін барыс септігі 
жалғаулы күрделі сөздер мен
дейін (шейін) 
септеулік шылауларының тіркесі 
арқылы беріледі: 
бір ғасырға дейін (шейін), бір жылға дейін (шейін) 
т.б.; 
- уақыт мөлшері семантикасы шығыс септігі жалғаулы мезгіл, уақыт 
атаулары мен 
бұрын, бері, кейін, соң
септеулік шылауларының синтаксистік 
байланысы арқылы беріледі. Мысалы, 
бір ғасыр(дан) бұрын,
бір ғасырдан кейін, 
бір ғасырдан соң, бір ғасырдан бері 
т.б.; 


185 
- шығыс септік жалғаулы сілтеу есімдіктері (
бұдан, мұнан, содан, сонан, 
одан, осыдан, онан)
мен 
бұрын, бері, бастап, кейін, соң
көмекші сөздерінің 
тіркесі арқылы жасалады. Мысалы, 
бұдан бұрын, мұнан бастап, содан бері, 
содан соң 
т.б.; 
- шығыс септігі жалғаулы уақыт кезеңдерін білдіретін 
(бұрыннан, баяғыдан, 
ертеден, талайдан, ежелден, атамзаманнан 
т.б.
)
сөздері мен
бастап, бері,
кейін, соң
көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасалады. Мысалы, 
бұрыннан бері, 
ертеден бастап, талайдан бері, ежелден бастап, атамзаманнан бері, 
жақыннан бастап, жақыннан бері 
т.б.
 
Уақыт мөлшері семантикасы мынадай синтаксистік модельдер арқылы 
беріледі:
- уақыт мөлшері семантикасы шығыс септігі мен барыс септігі тұлғалы 
мезгіл үстеулердің, 
дейін (шейін)
сөздермен ((-дан)+(-ға)+шейін формасында) 
қабаттаса тіркесу арқылы беріледі: Мысалы, 
былтырдан биылға дейін (шейін), 
көктемнен жазға дейін (шейін), шілдеден тамызға дейін 
т.б.
 
Бұл тіркес 
модельдер белгілі істің не уақыттың басталған кезі мен аяқталған кезінің межесін 
білдіреді.
«Уақыт» ұғымы синтаксистік конструкциялар арқылы да беріледі. Мұның 
өзі 
аналитикалық
және 
аналитика-синтетикалық 
тәсілдер арқылы 
байланысады:
- уақыт мөлшері семантикасы уақыт мезгіл атауларының конструкция 
құрамында келіп, конструкцияның сан есім (бірінші) компоненті мен зат есім 
(үшінші) компонентінің синтаксистік байланысы арқылы беріледі. Мысалы, 
бір 
ғасыр уақыт, бір жыл уақыт, бір ай уақыт, бір апта уақыт
т.б. Бұл құрылым 
көп жағдайда тілдің икемді, ықшам қолданылу заңына сәйкес конструкцияның 
үшінші заттық компоненті қысқарып айтылады. Мысалы: 
бір ғасыр, бір жыл, бір 
ай, бір апта, бір тәулік, бір күн 
т.б.
 
- уақыт мөлшері семантикасы
уақыт, жыл, ай, апта, тәулік, күн, сағат
сияқты уақыт, мезгіл атауларына
 бойы
көмекші сөзінің тіркесуі арқылы беріледі. 
Мысалы, 
ғасырлар бойы, жылдар бойы, айлар бойы, апталар бойы, тәулік бойы, 
күні бойы, түні бойы 
т.б. Мұнда конструкцияның сан есім компоненті 
ықшамдалған. Оның қызметін мөлшерлік компонентке жалғанған көптік 
жалғауы атқарады.
- уақыт мөлшері семантикасы конструкцияның құрылымы тұрақтанып, 
тұрақты сөз тіркестері сияқты болып кеткен халықтық өлшемдер арқылы 
беріледі. Мысалы: 
сүт пісірім уақыт, шай қайнатым уақыт, бие сауым уақыт, 
ет асым уақыт 
т.б.
 
- уақыт мөлшері семантикасы 
-лық (-лік), -дық (-дік), -тық (-тік) 
жұрнақтары конструкция құрамында уақыт, мезгіл атауларына, яғни мөлшерлік 
компонентке жалғанып келуі арқылы беріледі. Мысалы, 
мың жылдық өкініш, бір 
ғасырлық тарих, бір жылдық оқу, бір айлық демалыс 
т.б.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет