30
бірігу, кірігу, қайталану, тіркесу тәсілдері арқылы жасалған әртүрлі мөлшер
семантикалы сөздерді жатқызады. Зерттеушінің тағы бір ерекшелігі зерттеу
жұмысында көптік семантикалы өзге түркі тілдерінің материалдарын да
салыстыра беріп отырады [21]. Қалай дегенмен де бұл алғашқы зерттеулердің
бірі болғандықтан, аздаған олқылықтар да бар. Зерттеуші мөлшер мәнді тілдік
бірліктерді тек көптік категория аясында ғана қарастырған. Сондықтан жалпы
«мөлшер» ұғымының өзге де берілу жолдары назардан тыс қалады. Алайда
жұмыстың олқылығынан гөрі, жетістіктері, нәтижелері көп.
Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінде өзгеше ұстанымдарымен
ерекшеленетін белгілі ғалым Ы.Маманов бұл тақырыпты арнайы қарастырмаса
да, тіл білімінің әртүрлі мәселелеріне байланысты зерттеулерінде жанамалай сөз
етеді. Сын есім, сын есімнің шырай қосымшалары, қос сөздер туралы
тұжырымдары
мөлшер
семантикасының
грамматикалық
формалар,
аналитикалық тәсілдер
арқылы берілу жолдарымен ұштасып жатады [139, 181
б.]. Сонымен қатар «мөлшер» ұғымын білдіретін
оқ, елі
сияқты бірнеше
сөздердің этимологиясы мен мөлшер семантикалы
-дай, -дей, -тай, -тей
грамматикалық формалары жайлы құнды пікірлер айтады. Ғалымның қазақ
тілінің ғылыми грамматикасына қатысты тұжырымдарынан функционалды
грамматика ұстанымдарын байқауға болады. Десе де мөлшер семантикалы кей
құрылымдар жайлы тосын пікірлері де кездеседі. Айталық, сын есім тарауында
кейбір күрделі құрылымдар жайлы былай дейді: «Осылар сияқты бір сөз болып,
әлі кіріге алмай келе жатқан сын есімдер де бар. Мысалы:
Жол бойы таяқ
тастам ел
(Ғ.Мүс.);
Бір құшақ суық Асқармен бірге кірді
(С.Мұқ.);
Бір құшақ
шөптен бір-ақ уыс бар қалғаны
. Осылар тәрізді
бір асым ет, бір қайнатым шай,
бір шүйке жүн, бір түйір отын, бір үйір жылқы, бір сауым сүт, бір салым тұз,
бір тартым жіп, бір дем жер
деген сөздер кездесе береді. Мұндай сөздер соңғы
кезде мағынаға ие болып, өмір жаңалығына байланысты, дәуірге сай,
қажеттілікпен байланысты туған жаңа ұғымдарға жол беріп, өздері кейін қалып,
ескіріп барады»
Достарыңызбен бөлісу: