Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет36/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

морфологиялық, синтаксистік, лексикалық
және 
сөзжасамдық 
болып жіктеледі», – деп түсіндіреді [170, 245 б.]. Тілдік терминдердің ұғымдық 
аясы, функционалды әлеуеті әуелгі қолданысқа енген кезінен әлдеқайда кеңейіп, 
артып отыратынын ескерсек, әрине кең мағынадағы қолданысын құптаймыз. 
Яғни «парадигма» тілдің барлық деңгейінде категория құрайтын тілдік 
бірліктердің жүйелі ұйымдасқан тобын көрсетеді. Тіл деңгейлеріндегі категория 
құраушы тілдік бірліктерден танылатын мұндай 
бірлік
пен 
қарсылық 
мөлшер 
категориясынан да көрінеді. Мысалы, мөлшер категориясының жекелеген 
микроұғымдары бірін-бірі қайталамайды, өзінше ерекше және олар жалпы 
«мөлшер» грамматикалық мағынасы аясында бірігеді. Сондай-ақ әрбір мөлшер 
мәнді тілдік бірліктер дифференциалды сема жағынан бір-бірінен ерекшеленеді, 
ал грамматикалық мағына, лексика-семантикалық топ аясында олар бірігіп, 
бірін-бірі толықтыратын қатарлар құрайды.
«Тарихи парадигма» дегенде «тарихи» сөзі көне, ескі дегенді білдірмейді. 
Керісінше, біртұтас уақытты, тілдік құбылыстардың тууынан, бүгініне дейінгі 
барлық кезеңдерді тұтастай қамтиды. Демек, 
тарихи парадигма
– тілдің барлық 
деңгейлеріндегі тіл бірліктерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктерінің 
дамуы мен өзгеру желісін, қарсылықтары мен бірліктерінің негізінде жатқан 
тарихи сабақтастықты, қатынасты, әрі олардың тілдік және тілден тыс 
факторлармен байланысын көрсетеді.
Тіл бірліктерінің парадигмалық жүйесін 


47 
белгілі уақыт шеңберінде ғана шектемей, оны уақытпен ұштасқан біртұтас жүйе 
ретінде қарастырады.
«Тарихи парадигма» термині қазақ тіл білімінде бұған дейін қолданыс 
таппаған болса керек. Өйткені функционалды бағытта категориялар көбіне 
тілдің синхронды қабаты бойынша зерттеу нысаны етіледі де, қазақ тілі 
дамуының барлық тарихи кезеңдерін тұтас қамтымайды. Егер мұндай зерттеулер 
жасалмаса, аталған терминнің де қолданыс таппайтыны заңды. Осы орайда 
біздің ұсынып отырған жұмысымыз бұл бағыттағы алғашқы зерттеу екенін де 
айта кетуіміз орынсыз болмас. «Тарихи парадигма» термині шетел ғалымдары 
тарапынан қолданыс табады. Бұл, әуелі философияда, содан кейін тіл білімі 
саласында өрістеген. Нақтырақ айтар болсақ: орыс зерттеушілері Н.А.Некрасова, 
С.И.Некрасовтар Москва мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған 
«Философия науки и техники» деп аталатын анықтамалық сөздігінде былай 
дейді: «Структурализм – 1) методологическая парадигма естественно-научного 
и гуманитарного познания, противостоящая исторической парадигме 
(
историческая парадигма
акцентирует внимание на изучение изменения 
предмета в его реальной истории, а структурализм – на нахождение 
совокупности базовых свойств, отношений и законов предметной области, 
которая не зависит ни от конкретного содержания её элементов, ни от их 
изменения с течением времени)» [171, с. 209]; тағы бір орыс зерттеушісі 
Е.В.Кароннова «Парадигма в историческом знании» деп аталатын кандидаттық 
диссертациясында «тарихи парадигма» туралы: «Историческая парадигма может 
быть представлена на методологическом уровне как образец для интерпретации 
исторических фактов и исторических текстов, а на онтологическом – как 
совокупность определенных элементов, к числу которых относятся 
общественные идеи, теории», – деп жазады [172, с. 8]; ал Ресейдегі Самара 
мемлекеттік университеті Филология факультетінің курстық бағдарламасында 
ғылыми парадигма
туралы былай берілген: «Понимание научных парадигм в 
современном 
гуманитарном 
знании, 
множественность 
интерпретаций 
(парадигма – научное направление; парадигма – научная область; парадигма –
научная школа; парадигма – научный подход; парадигма – этап развития науки; 
парадигма – система взглядов; парадигма – концепция конкретного автора и др.).
Понятие об открытом характере парадигм в лингвистике. Принципы 
классификации 
лингвистических 
парадигм 
(историческая 
парадигма, 
таксономическая парадигма, функциональная парадигма и др.)» [173, с. 4]. 
«Тарихи парадигма» терминімен берілген нақты лингвистикалық зерттеулер де 
бер. Беларусь зерттеушілері А.Г.Кот пен Н.И.Пержинская неміс тілі мен 
әдебиетіндегі «табиғат» ұғымын «табиғат», «орман» лексемаларының тарихи 
парадигмасы тұрғысынан түсіндіреді [174, с. 313-314]. Демек, «тарихи 
парадигма» термині лингвистикада қолданыста бар және бүгінгі ғылымның даму 
қарқынымен бірге оның қолданылу аясы кеңейіп келе жатыр. Олай болса, қазақ 
тіл білімінде де аталған терминнің мазмұнын нығайтып, қолданысын өрістету – 
орынды. Ал біз ұсынып отырған
мөлшер категориясының тарихи парадигмасы
– 
«мөлшер» ұғымы шеңберінде парадигмалық қатынас құрайтын қазақ 
тіліндегі барлық тілдік бірліктердің тіл дамуының барлық тарихи кезеңдері 
бойынша туатүп негізін, қалыптасу, даму, өзгеру жолы мен механизмдерін, 


48 
заңдылықтарын көрсетеді. 
Яғни мөлшер категориясын уақытпен шектелген тар 
өрісті категория емес, өте ұзақ уақыт шеңберін алып жатқан тілдік прогресс, 
тарихи категория ретінде қарастырады. Бұл – «мөлшер» ұғымы аясында 
топтасқан әр тарихи кезең тілдік бірліктері мен құрылымдарының жүйесі, жай 
жүйе емес, ұйымдасқан, топтасқан, белгілі бір тарихи даму кезеңдерін басып 
өткен жүйесі.
Қорыта келгенде, мөлшер – тілдің әр деңгейінде жүйелі көрініс табатын, 
ұлттың ойлау жүйесі арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан, терең танымдық мән 
арқалайтын, ойлау мен танымның
ұлттық
және 
адамзаттық
деңгейін бірдей 
қамтитын аса ауқымды категория. Мөлшер заттар мен құбылыстарды құраушы 
негіздердің бірі болғандықтан, ол да тірі организм сияқты, адамзат танымында 
үздіксіз трансформацияға ұшырайды, дамиды, толығады, жаңғырып, жаңарып 
отырады. «Мөлшер» ұғымы ұлттық таным кеңістігінде 
өлшем, шама/қалып, 
көлем/ауқым, меже/болжам, симметрия, тепе-теңдік, параметр, дәреже, 
деңгей, қарқын
т.б. сипаттарда көрініс табады. Мөлшер – рухани кеңістікте тілдік, 
логикалық ұғымдарды бірдей алып жататын 
шатыр тәрізді категория
. Ал 
тілтанымдық тұрғыдан келгенде 
мөлшер категориясы дегеніміз
– 
болмыстағы 
заттар мен құбылыстардың заттық, сандық, сындық, қимыл-қозғалыс 
қасиеттеріне байланысты туындайтын мөлшерлік шамалардың санада өңделіп, 
белгілі бір логикалық құрылымға түскен танымның ұғымдар жүйесі мен тіл 
деңгейлеріндегі жүйелі көрінісі
. «Категория», «парадигма», «тарихи парадигма» 
ұғымдары – бір-бірінен айырмашылығы бар ұғымдар болғанымен, бір 
тілтанымдық мақсатта өзара сәйкестік табады. Аталған ұғымдар мөлшер 
категориясын уақытпен ұштасқан бірбүтін тілдік құбылыс ретінде көрсетіп, 
тілдік, логикалық табиғатын танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет