33
емес дей келе, оларды түйдекті тіркестердің қатарында қарайды.
Авторлар түйдекті тіркестердің қатарына бұлардан басқа септеулікті
тіркестер (
үйге дейін, сабақтан соң) мен көмекші есімді тіркестерді
(
ауылдың маңы, көпірдің үсті) жатқызады да, есім мен көмекші
етістіктер тобын, қосарлы есімдер тобын, тұрақты тіркестер тобын
түйдекті тіркестердің қатарына қоспайды [65, 19 б.].
Күрделі есімдер тобы, яғни септеулік шылаулы тіркестер ‒
(мысалы,
сен үшін, үй сайын, сен арқылы, аңшылар туралы, бала
сияқты т.б.) қосарлы есімдер тобы (мысалы,
бірін-бірі, табыстан-
табысқа, бау-бақша, құрт-құмырсқа т.б.) мен тұрақты тіркестер тәрізді
даяр бірліктер емес, олар сөйлеу процесінде жасалады. Біздіңше,
етістіктің аналитикалық формасын, септеулік шылаулы тіркестерді
қосарлы есімдер тобын және тұрақты тіркестерді бір тұрғыдан қарауға
келмейді. Олардың табиғаты да бір-бірінен өзгеше. Қосарлы есімдер
тобы ‒ сөздер, олар біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді және
олар даяр бірліктер болғандықтан, сөйлеу процесінде жасалмайды.
Олар морфологияның зерттеу нысанына жатады. Тұрақты тіркестер
даяр бірліктер болғандықтан, сөйлеу процесінде жасалмайды. Олар
лексикологияның зерттеу нысанына кіреді. Толық мағыналы сөздермен
септеулік шылаулардың тіркесін, яғни септеулікті тіркестерді қандай
грамматикалық категорияларға жатқызу керек? Олар септеудің
аналитикалық формалары болып санала ма, жоқ па деген сұраққа
жауап іздеу керек сияқты.
Морфологияда басты назар негізгі сөздерде болады.
Морфологиялық талдауда әрбір сөзді, біріншіден, бір-біріне қатыссыз,
жеке-жеке талдаса, екіншіден, әрбір сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне
ғана назар аударылады [71, 50 б.]. Сондықтан көмекші сөздердің
ерекшелігі морфологияда егжей-тегжейлі ашылмайды. Кейбір авторлар
көмекші сөздердің синтаксистік ерекшеліктерін морфологиядан гөрі
синтаксисте қарау керек деп санайды [72, 382 б.].
Қазақ тіліндегі септеулік шылаулар сан жағынан онша көп
болмағанмен, олардың қолданылу өрісі кең, атқаратын қызметтері
де маңызды, сондықтан оларды зерттеудің теориялық та, практикалық
та маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: