Монография Алматы, 2021 Қалибекұлы Толқын «Полилингва» баспасы Қазақстан республикасының білім



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата23.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#52167
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
казыргы кытай жане казак...TOLKYN KALIBEKULY TEKST

жұмысшы-дихан-әскер [54, 236-237 бб.]. Осы мысалдағы ақ-қара деген 
сөз тіркесі емес, қосарлау тәсілі арқылы жасалған қос сөз. Ал жұмысшы-
дихан-әскер дегенді қалай түсінеміз? Бұл ‒ қытай тілінен қазақ тіліне 
аударылған ‒工农兵 [gong nong bing] (工[gong] жұмысшы,农[nong] 
дихан, 兵[bing] әскер) деген салаласа байланысқан сөз тіркесі. Біздің 
ойымызша, қытай тілінен алынған бұл мысал қазақ тіліндегі салаласа 
байланысқан сөз тіркесіне нақты дерек бола алмайды. Мысалды қазақ 
тілінің материалдарынан алу керек. Міне, бұдан қытайдағы қазақ тілі 
сөз тіркесінің байланысу тәсілдерінің өте аз зерттелгендігін аңғаруға 
болады. Осы кітаптың 236-бетінде: “Сөз тіркестері сөйлемдегі жеке 
сөздерге ұқсас роль атқарады да, сөйлемнің әрқандай мүшесі болады” 
деп жазылған. Мұндай тұжырымды Гың Шымин [55], Чын Янян [57] 
т.б. ғалымдар да қолдайды. 
Т.Сайрамбаев “М.Серғалиевтің жеке сөзді немесе сөз тіркесін 
сөйлем мүшесі дейміз деген пікірін кездестіреміз” [ 89, 13 б.], ‒ дей келе, 
құрамы жағынан әрбір сөйлем мүшесі дара да, күрделі де болып келе 
береді деген тұжырым жасайды. Әрине, дара сөйлем мүшесі туралы 
онша талас пікір болмағанымен, сөйлем мүшелерінің күрделі түрінің 
таза сөз тіркесінен бола алады дегеніне ойлану керек сияқты. Өйткені 
сөз тіркесінің негізгі бір белгісі олардың арасындағы анықтауыштық, 
толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастардың болатындығы.


61
Аналитикалық тәсілдер. Қытай тіліндегі аналитикалық тәсілге 
сөздердің орын тәртібі мен көмекші сөздер арқылы байланысқа түсуі 
жатады. Қазақ тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын аналитикалық 
тәсілге сөздердің орын тәртібі, көмекші сөз және интонация жатады. 
Қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын аналитикалық 
тәсілдерге сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер және интонация 
жататыны белгілі. Қытай тілінде “аналитикалық тәсіл” деген термин 
қолданылмағанымен, ондай тәсіл бар. 
Сөздердің орын тәртібі сөздердің орын тәртібі тәсілі сөз 
түрлендіруші формалары жоқ немесе өте аз тілдерде айрықша мәнге 
ие. 
К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» атты еңбегінде: 
“Жалпы түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, жалғаулықсыз 
байланысқан сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орны тұрақты болады 
да, олардың қалыпты орны өзгере бермейді. Кейбір лингвистер қазақ 
тілінің осы ерекшелігін жете аңғармай бұл тілде сөздердің орын тәртібі 
грамматикалық қатынасты білдіруде шешуші қызмет атқарады деп 
есептейді. Ал шындығына келгенде, қазақ тілінде грамматикалық 
қатынастар сөз түрлендіруші формалар мен көмекші сөздер арқылы 
беріледі...” , ‒ деп көрсетеді [70, 14 б.].
Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтар сөздердің орын тәртібі 
грамматикалық мағыналарды айқындауда жетекші қызмет атқарады 
деп есептейді... [65, 45 б.]. Т.Сайрамбаев синтаксистік байланыстың бұл 
амалы сөздердің жалғаулар арқылы байланысуынан кем түспейтіндігін 
айтады... [18, 47 б.].
Жалғаулықсыз орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестері 
құрамындағы сөздердің байланысы берік болады. Сондықтан олардың 
орнын бір-бірімен ауыстыруға келмейді, егер орны ауысса, бүтіндей 
сөз тіркесінің білдіретін грамматикалық мағыналары өзгеріп кетеді. 
Мысалы, үлкен үй, жақсы бала, кіршіксіз махаббат тіркестері 
анықтауыштық қатынасты білдірсе, керісінше үй үлкен,бала жақсы, 
махаббат кіршіксіз деген тіркестер предикаттық қатынасты білдіреді. 
Қытай тілінде орын тәртібінің мәні ерекше. Мұны мына жақтан 
көруге болады:
1) қытай тілінде орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестері 
құрамындағы сөздердің орнын ауыстырса, олардан туындайтын 
грамматикалық қатынастар мен грамматикалық мағыналар бүтіндей 
өзгеріп кетеді. Мысалы, 意义重大[yiyi zhongda] мағынасы зор ‒ 


62
предикаттық қатынасты білдіретін бастауыш-баяндауышты сөз тіркесі 
(бастауыш- баяндауышты сөз тіркесінің құрамындағы сыңарлар тек 
орын тәртібі арқылы байланысады). 重大意义[zhong da yiyi] зор 
мағына ‒ анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі. 
2) сөйлемдегі зат есім немесе есімдіктен жасалған бастауыш пен 
толықтауыштың орнын ауыстырса, бүтіндей сөйлемнің мағынасы 
өзгеріп кетеді. Мысалы, 他相信你[Ta xiang xin ni] Ол саған сенеді 
деген сөйлемнің құрамындағы他 (ол) сөзі ‒ бастауыш, 你相信他[Ni 
xiangxin ta] Сен оған сенесің деген сөйлемнің құрамындағы 他 (ол) сөзі 
толықтауыш мүше болып тұр. Мұның себебі ‒ қытай тілінде зат есім 
мен есімдіктерді түрлендіретін формалар, яғни септік жалғауларының 
болмауынан болса керек. Сондықтан қытай тілінде орын тәртібінің 
маңызы ерекше. Ал қазақ тілінде Ол саған сенеді деген сөйлемді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет